ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қала туралы

Теміртау. Өңір паспорты

Құрылған күні: 1945 жыл
Аумағы: 29610 га.
Халқының саны: 181197
Қала әкімі: Ғалым Әбиханұлы Әшімов

Теміртау – облысқа бағынышты қала. Ол Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан. Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы  1 қазанда құрылған. Қала мен оның өнеркәсіптік нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты.
Жаңадан ашылған көмір өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан Қарағанды қаласынан 30 километр қашықтықта орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан кейін аяқталды.
1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор пайдалануға берілді.
Соғыстың ең қиын жылдарында, КСРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып алынған кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қарағанды қаласының жанында металлургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады.
1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты жұмыс істей бастады.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен Самарқанд кенті Қарағанды қаласының қала маңындағы аймағынан шығарылып, Теміртау қаласы болып қайта құрылды.
Қаланың  аумағы  29610 га. Қала тұрғындарының  саны – 2012  жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша 181197  адам.
Қаланың құрамына 6860 адам тұратын қалалық үлгідегі Ақтау кенті кіреді. Кенттің аумағында құрылыс материалдарын шығаратын үш кәсіпорын: «Central Asia Cement» ЖШС-і,  «Қарцемент»ЖШС-і және «КЗАЦИ» ЖШС-і   орналасқан.
Өзінің экономикалық ерекшелігі жағынан Теміртау қаласы инфрақұрылымы дамыған ірі индустриалық орталық болып табылады. Қалада 1622 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде: құрылыс ұйымдары - 386, сауда саласында - 323, өңдеу өнеркәсіптерінде - 183, тау - кен өндірісінде - 9,  көлік және байланыс кәсіпорындары - 104, электроэнергия, газ және су өндіру саласында - 12, ауыл шаруашылығында-1, басқалары - 604.
Қарағанды облысының жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде Теміртау қаласы кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінің үлес салмағы 2013 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 29,8%-ды  құрады, оның ішінде: жалпақ илек 100%,  қара металдан құбыр жасау - 81,2 %, жылу энергиясы- 21%, электр энергиясы - 24,5%, цемент - 100%.
Теміртау қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 1 тоқсаны 2013 жылы кәсіпорынның қолданыстағы бағасымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы шаруашылықтар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда  74,0 млрд. теңгеге  өнімдер (жұмыс,қызмет) шығарылды, айғақты көлем индексі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  79,3%-ды құрады.
Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндіріс құрылымын келесі салалар құрайды: металл өңдеу және металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тартатын өнеркәсіп, электроэнергетика, басқа да металл емес минералды өнімдер шығару.
Қала мен Ақтау кентінің тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы, «ТЭМК» ЖШС-і, «Техол» ЖШС-і, «Central Asia Cement» ЖШС-і, «Карцемент» ЖШС-і, «КЗАЦИ» ЖШС-і, «Бидай-нан» ААҚ-ы, «Bassel Gruup LLS» ЖШС-і.
Қаланың дамыған инфрақұрылымы бар.
Автомобиль жолдарының  ұзындығы -295 км., оның ішінде  259 км. жол асфальтталған, 36 км жол асфальтталмаған.
Теміртау қаласының жолаушыларын тасымалдау қаланың 11 автомобиль маршруттары арқылы күнделікті жүзеге асырылады, маршрут таксиі режімінде 5 маршрут  және трамвай маршрутында 2, сонымен қатар Ақтау кенті – Мырза стансасы, Теміртау – Березняки, Теміртау – Ақтау кенті, Теміртау – СХОС, Теміртау – Мұстафин совхозы  бағыттары бойынша жүктерді және жолаушыларды тасымалдау іске асырылады.
Қаладағы үнемі жұмыс істейтін маршруттардан басқа  жазғы уақытта жолаушыларды тасымалдау үшін саяжай бағытына 5 маршрут қатынайды.
Күнделікті жолаушылар автобусы маршруттарында сегіз негізгі тасымалдаушылар жұмыс істейді:
- «Daт - TS» ЖШС -і 6 маршрутта қызмет көрсетеді - №№ 7, 8, 10, 14, 22 және 25  (Бейбітшілік даңғылы,251, тел: 95-91-45);
- «TTS» ЖШС-і 3 маршрутта қызмет көрсетеді - №№ 6, 12 және 23  (Бейбітшілік даңғылы, 251, тел: 95-91-45);
- «Қала көлік» ЖШС - і  2 маршрутта қызмет көрсетеді - №№3,15 (Димитров көшесі 214. тел. 95-93-82, 95-91-48);
- ЖК  Ж.Г.Мусин  - № 6 маршрут таксиінде қызмет көрсетеді;
- «Стэка» ӨК-і маршруттық такси режімінде 3 маршрутқа қызмет көрсетеді - №№ 01, 03, 04 (Бейбітшілік даңғылы, 19, тел. 95-29-19);
- ЖК Т.Қ.Түнқатар - № 05 маршрутқа қызмет көрсетеді (Димитров көшесі, 214 тел: 95-93-82, 95-91-48);
- ЖК А.Н.Голубничий Ақтау кенті – Мырза станциясы маршруттарына қызмет көрсетеді.
- «ТАУ-Профи» ЖШС-і 5 саяжай маршруттарына қызмет көрсетеді: «Уралочка», «Пионерские лагеря», «Сортопрокатное производство», «Строителей», «Черемушки» саяжайлары (Бейбітшілік даңғылы, 251, тел: 95-91-45). 
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның трамвай паркі № 4 және № 2 трамвай маршруттарына қызмет көрсетеді, трамвай жолының  ұзындығы-48 километр. Парктің жылжымалы құрамы 35 вагоннан тұрады. 
Теміртау қаласының тұрғын үй қоры 1160 көп қабатты, 6173 жеке тұрғын үйлерден тұрады.
Теміртау – жоғары мәдениетті қала, оның шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдары Республикамыздан тыс елдерге де танымал. Мәдениет мекемелері теміртаулықтар мен қала қонақтарына күн сайын толыққанды демалыс пен рухани қанағат сыйлайды. Олар:
Балалар мен жасөспірімдер театры;
Тарихи-өлкетану мұражайы;
Қалалық мәдениет сарайы;
Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығы (www.firstpresident.kz);
Мәдениет және демалыс паркі;
Кереңдердің  мәдениет үйі;
Қалалық кітапханалардың 7 филиалы бар орталықтандырылған жүйесі;
Зағиптер мен нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың филиалы;
«Ақтау» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы;
2 жеке кинотеатр.
Теміртау қаласының аумағындағы 3 ескерткіш тіркелген, оның ішінде
2-уі сәулет ескерткіші, олар:
- балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты, 1955 жылы пайдалануға берілген, 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілілген;
- Мәдениет сарайының ғимараты, 1972 жылы пайдалануға берілген,
2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.
Монументалдық өнер ескерткіштері:
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлер ескерткіші. Ескерткіштің іргетасына Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған теміртаулықтардың және жауынгер-интернационалистердің есімдері жазылған плита орналастырылған. Ескерткіш 1974 жылы ашылған, авторы - С.Б.Назарян.
2000 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған кәсіпорын жұмысшыларына арналған Монумент ашылған (Жеңістің 55 жылдығының қарсаңында ҚарГРЭС-1-дің аумағында).
2001 жылы Металлургтер Монументі ашылды (авторы А.Билык, материалы - тот баспайтын болат және қола).
2002 жылы қызметтік борышын атқару барысында қайтыс болған Теміртау қаласы ішкі істер басқармасының қызметшілеріне естелік Монументі ашылды (ішкі істер басқармасының аумағында).
Қаланың ақпараттық кеңістігін 9 газет: «Новый Теміртау», «Теміртау», «Зеркало» (www.zerkalo-gazeta.com), «Құрыш қала», «Магнитка плюс», «Металлург», «Второе счастье», «Вечерняя газета», «Темиртауский рабочий» (www.avatar-media.kz)  газеттері  және 2 журнал: «Директор KZ», «Экстрасенс», 3 телеканал: «Сфера» ТРК, «29 канал» ТРК, «43 канал» ТК,  «43 канал» сандық телевидение, 1 радиоканал - «Радио-102» құрайды.
Теміртауда 37 үкіметтік емес ұйымдар, 10 этникалық бірлестіктер жұмыс істейді.
Қаладағы этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынас тұрақты.
Теміртау қаласында бір жоғарғы оқу орны: Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті, сонымен қатар медициналық, политехникалық және музыкалық колледждер, «Мирас» колледжі, Қарағанды мемлекеттік университетінің Букетов атындағы колледжі, 4 кәсіби лицей жұмыс істейді.
Қалада  денешынықтыру  және  спортпен  айналысқан  адамдар   саны
2011 жылы 31463 адамды құрады.
2005 жылы «Миттал Стил Теміртау» жаңа спорт  кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінде баскетболға, волейболға, мини-футболға және гандболға арналған ойын залы, бокс пен күрес жаттығуларын өткізуге арналған залдар, біріктірілген 2 кіші зал жұмыс істейді. Жаттығу үшін нысанда арнайы жабдықталған зал жұмыс істейді.Үлкен залда көрермендер үшін 200 орындық қойылған. Спорт кешенінде су себезгі және киім шешетін орын бар. Спортшылар мен спорт әуесқойлары үшін қалпына келтіру орталығы жұмыс істейді.
2007 жылы қаңтарда «Арго»  жеке жүзу бассейні  (бұрынғы «Полимер») пайдалануға берілді.
Меморандумға сәйкес 2008 жылы «Металлург» стадионына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ашылуына 2008 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.
Стадионда жеңіл атлетика, футбол,  шаңғы тебу бойынша жаттықтырулар жүргізіледі, шахмат-дойбы клубы,  мотоклуб,  тоғызқұмалақ ұлттық ойын секциялары ашылған, «Болат АрселорМиттал Теміртау» футбол командасының, Қазақстан Республикасының чемпионатының жоғарғы лигасына қатысушылардың  оқу-жаттығу үдерістері өткізіледі. Қыста стадион аумағында мұз айдыны жасалады, онда жалға коньки және шаңғы беру ұйымдастырылған. Жазда  роликті коньки жалға беріледі. Қала тұрғындарының  стадионда  үстел  теннисін ойнауына, сөйтіп бос уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік бар.
2008 жылы Мұз сарайының үш жыл тоқтап тұрған тоңазытқыш жабдықтарына жөндеу жүргізіліп, 2008 жылы 4 қазанда салтанатты ашылып, хоккеймен, коньки тебумен, спорттық бимен және жалпы дене шынықтырумен айналысатындарға  пайдалануға берілді. 2010-2011 жылдары Мұз Сарайына жөндеу жұмыстары жүргізілді, қаржы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен жасалған Меморандум бойынша облыстық бюджеттен бөлінді.
«Жол картасы - 2009» Республикалық бағдарламасына сәйкес 2009 жылы  спорттық нысандарға, атап айтқанда, балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, «Строитель» стадионына, ату тирына және БЖСМ-нің ауыр атлетика залына, спорттың есу түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар» жүзу бассейніне  күрделі жөндеу жүргізілді, Ақтау кентінің Спорт үйі пайдалануға берілді. 2011 жылы № 8, 31 мектептері, спорт кешені және Металлургтер монументі  жанына 4 көпқызметті корт қойылды.
Қалада спорт ізбасарларын дайындау және  өсіп келе жатқан ұрпақты сауықтыру мақсатында облыстық балалар-жасөспірімдер мектебі, спорттың есу түрлері бойынша олимпия ізбасарларын  дайындайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған  мектеп интернаттың филиалы жұмыс істейді. Спорттың он түрі бойынша облыстық спорт мектептерінің бөлімшелері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 2838 оқушы спортпен айналысады.
«Теміртау спорт клубы» КМҚК базасында оқу-спорт бөлімі жұмыс істейді, онда спорттың 21 түрі бойынша спорт секциялары ашылған, оған 1265 балалар мен оқитын жастар барады.
«Теміртау» спорт клубының тәрбиеленушілері мерекелік күндерге арналған барлық қалалық шараларға, облыс біріншіліктері, Қазақстан чемпионаттары, Республикалық турнирлерге қатысады.
2011 жылы қаланың құрама командалары облыстық деңгейдегі 15 жарысқа қатысты, қалалық деңгейдегі 118 спорттық бұқаралық шаралар өткізілді, оның ішінде 3-уі мүгедектер арасында спорттың дойбы, шахмат, армреслинг, үстел теннисі түрлерінен өтті.
Әкімдік қызметкерлері, қалалық кәсіподақ, денсаулық сақтау мекемелері, балалардың аулалық клубтары, орта оқу орындары мен колледждер, балалар үйлері мен интернат оқушылары арасында үнемі бұқаралық спорттық спартакиадалар өткізіліп тұрады. Балалардың аулалық клубтары арасында  футболдан «Былғары доп», шайбалы хоккейден «Алтын шайба» жарыстары, жүзуден  көпшілік  шаралар өткізілді.
Грек-рим күресі бойынша  біріншілік, Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Денсаулық сақтау күніне арналып жеңіл атлетикадан эстафета,  балалар мен ересектер арасында  академиялық есуден Қазақстан Республикасы  біріншілігі, есірткімен және есірткінің заңсыз таралуымен күрес күніне арналып спорттың 6 түрінен жарыс өткізілді. Отбасы күніне арналған әртүрлі қызықты шаралар өткізілді.         
Қалада жеке спорттық клубтар жұмыс істейді, олар: «Евразия», «Меруерт», «Адрeналин», «Пекин», «Z-клуб», аталған мекемелерде жаттықтыру залы, бассейн, сауықтыру орталықтары бар, оларда 1420 адам спортпен айналысады. 
Қазақстанның басқа қалаларының ішінде Теміртаудың алатын орны ерекше. Тарихи өлшем бойынша қаланың қысқа, түрлі оқиғаларға толы өмірі – Республикамыздың қалыптасуының ажырамас бөлігі.
Теміртау – Қазақстанда және одан тыс елдерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, оның еңбек жолының едәуір бөлігі өткен қала ретінде танымал. Қалада қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров жұмыс істеген.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 314.40
  • Euro 343.83
  • Рубль 5.51
Теміртау10°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 78%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ