ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Көкейтесті ақпарат

Құрметті Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін, мемлекеттік және өзге де ақпараттық ресурстарға тең құқылы  қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық теңсіздікті жоюға жағдай жасау, халықтың компьютерлік сауаттылығын және жалпы сауаттылығын Интернет-технологияларды пайдалану арқылы  көтеру  үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында қоғамдық қолжетімділік пункттері (ҚҚП) орнатылған және  жұмыс істеп тұр.
Қоғамдық қолжетімділік пункттері:

  • анықтамалық ақпараттар алуға;
  • азаматтар мен  үкіметтік органдардың өзара  қатынасын қамтамасыз етуге;
  • өзінің жеке басы туралы мәліметтерді, қарым-қатынас жасауға арналған деректерін және басқа да ақпараттарды енгізуге;
  • Интернет желісіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сайттары мен порталдарына кіруге, электронды поштамен жұмыс істеуге арналған.

1-түрдегі қоғамдық қолжетімділік  пункттері  (ақпарат дүңгіршегі) төмендегі мекенжайларда орналасқан:
Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 99, 1-қабат (ЗТЖМО Теміртау қалалық бөлімінің залында);
Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8/1, 1-қабат (Теміртау қаласының ІІБ жол полициясы басқармасы жайында);
Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 23, 1-қабат (халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының залында);
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 128, 1-қабат (халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының залында);
Ақтау кенті, 8-квартал, 1-қабат (халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының залында);

2-түрдегі қоғамдық қолжетімділік пункттері төмендегі мекенжай бойынша орналасқан:
Теміртау қаласы, Казахстанская көшесі, 11, 1-қабат (кітапхананың оқу залында)
Теміртау қаласы, Победа көшесі, 12, 1-қабат (Орталық кітапхананың оқу залында).


Жаңартылған: 03.04.2017 20:45
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 326.88
  • Euro 364.90
  • Рубль 5.47
Теміртау27°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 706мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 46%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ