ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жиналыс хаттамасына ақпарат

2017 жылдың 24 қазанында сағат 15.00-де «Теміртау қаласының № 4 емханасы» КМК-да «Теміртау қаласының № 1 емханасы» КМК, «Теміртау қаласының № 2 емханасы» КМК, «Теміртау қаласының № 4 емханасын» КМК, «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК басшыларының  қатысуымен өткен жиналыста «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторының меңгерушісі АӘК ұсынудың жаңа тәртібін енгізілуі туралы ақпаратпен таныстырды, отбасының еңбекке жарамды мүшесі міндетті түрде белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысу талабымен қазіргі таңда әрекет ететін:
көп балалы отбасыларға төленетін атаулы мемлекеттік жәрдемақы (31.12.2017 жылға дейін тағайындалған отбасылардан басқа);
18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы – МБЖ;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – МАӘК төлемдердің орнына ұсынылатын болады.
Медициналық мекемелердің басшылары «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен бірге келесідей шешім қабылдады:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жіберілген АӘК алушыларға келесі іс-шараларды қоса алғанда әлеуметтік бейімделу шараларын ұсыну үшін көмек көрсету:
- скринингтік қараудан өту;
- әлеуметтік маңызды ауыруы болған жағдайда емдеу;
- жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясы медициналық есепке қою.
2. Медициналық мекемелерге жаңа нысандағы АӘК тағайындау туралы кеңес алу үшін аз қамтылған, көп балалы азаматтарды 31.12.2017 жылға дейін  «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, ал 01.01.2018 жылдан бастап Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жіберу.
3. Мемлекеттік қолдауға мұқтаж (нашар отбасы, аз қамтылғандар, көп балалылардың) байланыс телефондары бар тізімді ұсыну мүмкіндігін қарастыру.
4. Медициналық мекемелердің сайттарында және қарастырылған баспа орындарда ақпаратты орналастыру мүмкіндігін қарастыру.

 


Жаңартылған: 27.10.2017 09:05
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 324.27
  • Euro 398.27
  • Рубль 5.73
Теміртау-13°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 77%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ