ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2019 жылғы міндеттер.

Құрметті  теміртаулықтар!

Қазақстан Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  5  ақпандағы  №190 «Орталық  атқарушы  органдар  басшыларының, әкімдердің, ұлттық  жоғары  оқу  орындары   ректорларының  халыққа  есеп  беру  кездесулерін  өткізу  туралы»  жарлығына  сәйкес  әкімнің  халыққа  есеп  беру  кездесуі  жылына   бір  рет   өткізіледі.
2017  жылдың  қорытындысы  бойынша   әкімнің  Теміртау  қаласы  тұрғындарының  алдында  есеп  беру кездесуі Қарағанды  облысының  әкімі  Е.Ж.Қошановтың  қатысыуымен  2018  жылы  13  ақпанда  өтті,  оған  520  адам  қатысты. Кездесу  барысында 22  адам сұрақ  қойды, сұрақтың  көбі  коммуналдық  және   әлеуметтік  сипаттағы сұрақтар. Кездесуге дайындық  және  оны өткізу   барысында  түскен  пікірлер  мен  ұсыныстарды жүзеге  асыру  жөнінде  шаралар   жоспары  дайындалды.
9 пікірлер  мен  ұсыныстар бақылауға алынды;
- тұрғын үй-коммуналдық блок  бойынша 6;
- әлеуметтік  блок  бойынша 3.
Барлық пікірлер  мен  ұсыныстар орындалды,  сұрақ  қойған  тұрғындарға  жауап  берілді.

Кезектегі   қала  тұрғындары  алдындағы  есеп  беру  кездесу 2019  жылы  7  ақпанда   сағат   16.00-де ҚМИУ (жаңа  корпус) ғимаратында  өтеді.

Теміртау  қаласының  2018  жылғы  әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындысы  және   2019  жылғы  міндеттер.

Құрметті  Теміртау  қаласының  тұрғындары!

Өткен  жыл  маңызды  оқиғаларға  толы  болды. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының  өсуі; табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру» Жолдауын,  «Қазақстан-2050» даму стратегиясын, бес  иниституциональдық реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі «100  нақты  қадам» - Ұлт  жоспарын, «Ұлы  даланың  жеті  қыры»,  «Болашаққа  бағдар; рухани  жаңғыру» және  басқа  да   бағдарламалық  құжаттарды  жүзеге  асыру  жөнінде міндеттер  қойды.
Елбасы  өзінің жақында  жария  еткен  Жолдауында басты  байлығымыз – адамдарды  дамыту табысты мемлекеттің  кепілі  екендігің  атап  өтті.
Сондықтан  әр  басшыға  жұмысқа  деген  көзқарасын  өзгерту  және  қазақстандықтардың  әл-ауқатын  өсіру  басты  басымдық  мінттері ету туралы  тапсырма  берілді.
Қазақстандықтардың  әл-ауқаты бірінші  кезекте  табысының тұрақты  өсуі  мен  өмір  сапасына байлнысты.
Осыған  байланысты Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының  өсуі; табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру» Жолдауының  басым  бағыттарын  жүзеге  асыру  мақсатында  қалады   нақты  жұмыстар  жүргізілуде. Елбасының  ең   негізгі  ұсынысы  төменгі   еңбекақыны  28  мың  теңгеден  42,5  мың  теңгеге  дейін  өсіру.
Біздің  қаламызда  жұмыс  істейтін  меншіктің  барлық  түріндегі  6  мың  ұйым жұмысшыларының   ең  төменгі  еңбек ақысы   көтерілді.
Сонымен  қатар  қала  бойынша  6 395 меморандум  жасалды, оның  ішінде  қол  қойылғандары:

  • 18  меморандум ірі  кәсіпорындармен; еңбекақы  5,4 %-дан  10%-ға  дейін  көтеріледі  («REN-MILK» ЖШС);
  • 34 меморандум орта  кәсіпорындармен; еңбекақы  5,0 %-дан  30 %-ға  дейін  көтеріледі  («Водоканалстрой» ЖШС);
  • 1 352 орта  кәсіпорындармен, 4984  жеке  кәсіпкерлермен, 7 шару  қожалықтарымен  меморандум  жасалды.

         Статистикалық  мәліметтерге  сәйкес  орта  және   ірі  кәсіпорындарда  жұмыс   істейтін  жалдамалы  жұмысшылардың нақты  саны   39 056  адам. Осы  салада  жұмыс  істейтін жұмысшылардың   орта  еңбекақысы  137 128 теңге.
Президент бизнесті  дамытудың  тұрақты  көздерін  қалыптастыру,    жекенің  қажысын  салуға  қызығушылығын  арттыру қажеттілігін  атап  өтті. Өйткені  жаңа  жұмыс  орындарын  ашатын  және   қазақстандықтардың көп  бөлігін  табыспен  қамтамасыз  ететін  осы  бизнес.
Қалада  29  ірі, 54  орта өндірістік  кәсіпорындар,  2806  шағын  кәсіпорындар жұмыс  істейді,  олар  2018  жылы   779, 8  млрд,теңгенің  өнімін  өндірді, оның  79,1 %  «АМТ» АҚ-ға   (617 млрд.теңге) тиесілі.
2018  жылы  инвестиция   көлемі  49,9  млрд. теңгені құрады, немесе  2017  жылмен  салыстырғанда 30,6 %  өсті.
8 322  жұмыс  істеп  тұрған шағын және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінде жұмыс  істейтін  27,9  мың  адам 60,8 млрд.теңгенің өнімін  өндірді,  бюджетке  3,6  млрд.теңге  төлем  түсті.  2017  жылмен  салыстырғанда   дара  сауда  айналымының  көлемі  10,1 % өсті  және   80,3  млрд.теңгені  құрады.
2018  жылы  жаңа  бизнес  нысандары  ашылды, олар; «Аян»  супермаркеті,  «Гастроном №55» супермаркеті,  «Firdaws» БО сауда  нысаны, «Lefder»  СҮ  сайда  нысаны.
Мемлекеттік  индустриальдық-инновациялық даму  бағдарламасын  жүзеге  асыру  жалғастырылуда, осы  бағдарлама  аясында  Теміртау  қаласында 9  жоба  енгізілген, оның  ішінде   2011-2017  жылдары  жалпы  құны  19,7  млрд.теңгені   құрайтын   8  жоба  іске  қосылды, 508   жаңа  жұмыс  орны  құрылды.
ҚР  Үкіметі бекіткен  кестеге  сәйкес  2011  жылдан  бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ  жаңарту  және  дамыту»  жобасын жүзеге  асыру  жалғастырылуда. Жобада  болат  өндіруді  6  млн.тоннаға  дейін  өсіру  көзделген, аяқтау мерзімі 2019  жыл.
Индустриализация  картасы бойынша іске  қосылған   кәсіпорындар  2018  жылы  23,5 млрд.теңгенің өнімін  өндірді,  ол  жалпы  өндірілген  өнеркәсіптік  өнімнің  көлемінің  3 % құрады (779,8  млрд.теңге).
Аймақтық  Үйлестіру  Кеңесі   «Бизнестің  жол  картасы 2020»   мемлекеттік  бағдарламаны  жүзеге  асыру  мақсатында 2018  жылы  жалпы  сомасы  1 057, 3  млн.теңгені құрайтын  15  жобаға сыйақы берілетін жәрдем  қаражат  беруге  келісім  берді, 408  жұмыс  орны ашылды.
Осы  бағыттағы  жұмыс  жалғастырылуда. Сөйтіп бизнеске  жағдай  жасау  жөніндегі  Президентіміздің  бастамасы  біздің  қаламызда  жалғасатын  болады.

Қалалық  бюджет

          2018  жылы   бюджеттің  жеке  табыс  көлемі 12  млрд.148  млн. теңгені  құрады, ол  2017  жылмен  салыстырғанда  11 %  көп (10 млрд.940,8  млн.теңге).
Сонымен  қатар жоғары  тұрған  бюджеттен жалпы  сомасы  3  млрд. 209,5  млн.теңге  (оның  ішінде 1 млрд. 210,9 млн.теңге  субвенция) мақсатты  трансферт  түсті.
Қала    бюджетіне  түсімдер бойынша  жоспар  101,8 % орындалды, нақты   15  млрд. 357,5  млн.теңге  (жоспар-15  млрд.79,3  млн.теңгң) түсті, жоспардан  тыс 278,2 млн.теңге   түсті.
          Бюджеттің  шығыс  бөлігінің  орындалуы   2018  жылы  98,9 % құрады (жоспар  15 млрд. 738,2  млн.теңге),  175, 8  млн.теңге  игерілген  жоқ, оның  ішінде;
объективті  себептермен  32,1  млн.теңге (үнемделді; еңбекақы  бойынша  аудару, ЖАО  қызметтері  мен  қоры);
субъективті  себептер  бойынша  143,7  млн.теңге;

  • мектеп  салу  және  құрал-жабдықтар  жеткізуді  мерзімінде  орындамау-122,6 млн.теңге («Аспап» ӨК),
  • қызметтер  бойынша  шарт  міндеттемелерін  орындамаудан 17,1 млн.теңге (көшені  жарықтандыру  желісіне  жөндеу  жүргізу-7,2  млн.теңге, ММ   бөлмелеріне  жөндеу  жүргізу-9,9  млн.теңге),
  • 4 а  кварталда   2  тұрғын  үй  салудың  ЖСҚ дайындау  бойынша  сараптаманың  аяқталмауынан  2,8 млн.теңге,
  • 117  квартал, №5  үйге  ағымдағы  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу бойынша орындалған  жұмыстар  актісі болмағандықтан1,2 млн.теңге.

Шарт  міндеттемелерін орындамауына  байланысты  жеткізіушілерді  сотқа  беру үшін  құжаттар  дайындалды.
Бюджет  әлуметке  бағытталған. Әлеуметтік-мәдени   шараларды  қаржыландыруға 10 млрд.149 млн.теңге, немесе  қалалық  бюджет  шығысының  жаспы  сомасынан  64,5 %  бөлінген.
2019  жылға  қалалық  бюджеттің  кіріс бөлігі 16 млрд.604,7  млн.теңге  көлемінде  бекітілген, оның  ішінде мақсатты  трансферттер; жоғары  тұрған  бюджеттен 3 млрд,585,5 млн.теңге, субвенции-1  млрд.23,4 млн.теңге.
2019  жылға  қалалық  бюджеттің  шығыс  бөлігі 16 млрд.862,2 млн.теңге  құрайды, оның  ішінде әлеуметтік-мәдени   шараларды  қаржыландыруға 59 % немесе  9 млрд.956 млн.теңге жұмсалады.
Білім  беру

          Қазақстан  Республикасының  Президенті өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында білім  беру  сапасын  арттыру жөнінде шара  қабылдауды  тапсырды. Білім  беру  саласын  қаржыландыруға  8  млрд.550,8  млн.теңге жұмсалады, ол  2017  жылмен  салыстырғанда  33,2 % көп.
          Қалада  33 мектепке дейінгі ұйым білім  беру  және   тәрбиелеу  жұмысымен  айналысады, оның  ішінде 21  балабақша (1- Ақтау  кентінде), 12  мини-орталық (5- мемлекеттік  мектеп  жанында, 7-жеке) , аталған ұйымдарға 6006  бала  барады.
Мектепке дейінгі ұйым білім  беру  және   тәрбиелеумен  қамтылғандар;

  • 1 жастан   6  жасқа  дейінгі  балалар  78,2 % (жалпы  балалар саны-7680 бала);
  • 3 жастан   6  жасқа  дейінгі  балалар  99 % (жалпы  балалар саны-5419 бала немесе 5363 адам).

Өткен  жылы №22  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  жанындағы  100  орындық мини-орталық  ашылды  және  балалар  қабылданды, сонымен  қатар  жұмыс  істеп  тұрған   мини-орталықтарда  қосымша  230  орындық  топтар  ашылды. №22 «Нұрай»  балабақшаға жүргізіліп  жатқан  жөндеу жұмыстары  аяқталды, осы  мақсатқа  175,7  млн.теңге  жұмсалды, қазір заңды  тұлға  мәртебесін  беретін  құжаттарды  рәсімдеу  жұмыстары  жүргізілуде.
Ағымдағы, 2019  жылы Елбасының  тапсырмасы бойынша  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржысына қаланың  ескі  бөлігінде, 4 А  кварталда,  320  орындық жаңа  балабақша  салу  жоспарланып  отыр,  ол  3  жастан  6  жасқа  дейінгі  барлық  балаларды  мектепке  дейінгі  білім  беру  және  тәрбиелеумен  қамтиды.
Балалардың  мектепке  дейінгі  мекемелерде   білім  алу  және  тәрбиелену   жағдайын  жақсарту  мақсатында  15 балабақшаға  ағымдағы  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді және  оған  137,2 млн.теңге  жұмсалды.
Анықтама  ретінде;
1. №1  балабақша -4,42 млн.теңге (балабақша  аумағының  асфальт жабынына  жөндеу  жүргізілді);
2. .№2  балабақша – 19,46 млн.теңге (балабақша  аумағын абаттандыру, санитарлық-гигиеналық торабтарына,  өрт дабылын  беретін  жүйеге жөндеу  жүргізілді);
3. .№4  балабақша – 10,15 млн.теңге (бөлмелерге, сыртқы  құбырларға, жылу  беру  жүйесіне, күркелерге  жөндеу  жүргізілді);
4. .№5  балабақша – 7,84 млн.теңге (балабақша  аумағының  асфальт жабынына  жөндеу  жүргізілді  және  тас  кеспекше  төселді);
5. .№6  балабақша – 7,59 млн.теңге (кір  жуатын бөлмеге, тамақ  дайындайтын  блокқа, жылу  беру  жүйесіне жөндеу  жүргізілді, жатын  бөлмелер  спорт  залы  етіп  қайта  салынды);
6. .№7  балабақша – 9,09 млн.теңге (балабақша  аумағын абаттандыру,  жылу   радиаторларына  сәнді  тор орнатылды, сатыға  жөндеу  жүргізілді);
7. .№8  балабақша – 6,28 млн.теңге (сыртқы  жылу  трассосына, тамақ  дайындайтын  блокқа, кір  жуатын бөлмеге,  дәрігерлер  бөлмесіне  жөндеу  жүргізілді);
8. .№9 балабақша – 3,87 млн.теңге (ауа  алмастыру   жүйесіне, тамақ  дайындайтын  блокқа жөндеу  жүргізілді,  электр   кабельдері  алмастырылды, кір  жуатын бөлмеге, балабақша  аумағының  асфальт жабынына  жөндеу  жүргізілді); 
9. .№10  балабақша – 1,68 млн.теңге (сыртқы  есіктер  ауыстырылды);
10. .№11 балабақша – 7,13 млн.теңге (жылы  беру  жүйесіне, ғимараттың  төбесіне  жөндеу  жүргізілді);
11. .№12  балабақша – 28,28 млн.теңге (қоршауы  ауыстырылды, кіші  сәндік  пішіндер  орналастырылды,  спорт  алаңы  салынды, ғимараттығ  ішкі   бөлмелеріне, дәрігерлер  бөлмесіне, қоймаға, қосалқы  шаруашылық  бөлмелерге  жөндеу  жүргізілді);
12. .№14  балабақша – 13,56 млн.теңге (қоршауы  ауыстырылды, спорт  алаңы  салынды);
13. .№18  балабақша – 1,2 млн.теңге (күркелерге  жөндеу  жүргізілді).
14. .№20 балабақша – 10,2 млн.теңге (ғимарат  қасбетіне, қоршауға, кіре  беріске жөндеу  жүргізілді, кіші  сәндік  пішіндер  орналастырылды);
15. .№21  балабақша – 6,4 млн.теңге ( асханаға жөндеу  жүргізілді, есіктер  ауыстырылды,  ғимарат  жер  төлесінде  дренаж  орналастырылды).
Қаланың  мектепке  дейін  білім  беру  және  тәрбиелеу мекемелерінің  материалдық-техникалық  базасын  жаңартуға  40  млн.теңге  жұмсалды.

2018  жылдың  ақпан  айынан  бастап «Мекетепке  дейінгі  ұйымдарға  балаларды  кезекке  қою» жаңа  мемлекеттік  стандарты енгізілді. Енді  бұл  процесс  толық  автоматтандырылды, осыған  байланысты  бала бақшаға  кезекке  тұру  үшін  әрбір  ата-ана  электрондық сандық  қол (ЭЦП)  алып, өтініш  беру  керек.

Ал, енді  орта  білім  беру  туралы  айтатын  болмақ,  29  орта  жалпы  білім  беру  мектептерінде  22 811  оқушы  білім  алады. Төрт  мекеме қосымша  білім  берумен  айналысады («Әлем» БЖО, №2 БММ, БӨМ, Ақтау  кентіндегі балалар-жасөспірімдер  шығармашылық  орталығы).
9 ықшамауданда  620  орындық жаңа  мектеп  салынып  жатыр. Бас  мердігер  «Аспап» ӨК  мектеп  құрылысын  шартта  көрсетілген  мерзімде  аяқтамады, сондықтан бюджеттің 122,6  млн.теңгесі  игерілмей  қалды. Құрылысты  аяқтау  мерзімін  бұзғаны  үшін  бас  мердігер  сотқа  берілді, бірақ   құрылыс  жұмыстары жүргізіліп  жатыр  және  2019   жаңа  оқу  жылында  мектеп  оқушыларды  қабылдайды.

Білім  берумен  айналысып  отырған  білім  беру   нысандарының техникалық  жағдайын  жақсарту  мақсатында жалпы  сомасы  406,4  млн.теңгеге жөндеу  жұмыстары  жүргізілді, оның  ішінде  339,6 млн.теңгеге 6  мектепке  және   «Әлем» БЖО төбесіне күрделі  жөндеу жүргізілді, 66,7 млн.теңгеге 9  мектепке және  2  қосымша  білім  беретін нысандарға ағымдағы  жөндеу  жүргізілді.
Анықтама  ретінде; күрделі  жөндеу-339,6 млн.теңге, оның  ішінде;
1.№10 ОМ – 82, 6  млн.теңге (ғимарат  қасбетіне, төбесіне, жылу  жүйесіне, сумен  қамтамасыз  ету  және  су  ағызу  жүйесіне, әжетханаларға  жөнжеу  жүргізілді),  мақсатты  трансферт  және  облыстық  бюджет  қаражаты  есебіне;
2. .№14 ОМ – 29,4  млн.теңге (жылу  жүйесіне  жөндеу  жүргізілді);
3. .№15 ОМ – 49,8  млн.теңге (ғимарат  қасбетіне, төбесіне, ішкі  бөлмелерге жөндеу  жүргізілді);
4. .№17 ОМ – 25,1  млн.теңге (ғимарат  төбесіне  жөндеу  жүргізілді);
5. .№19 ОМ – 43,0  млн.теңге (жылу  жүйесіне  жөндеу  жүргізілді);
6. .№27 ОМ – 65,8  млн.теңге (ғимарат  қасбетіне, төбесіне, жылу  жүйесіне, сумен  қамтамасыз  ету  және  су  ағызу  жүйесіне, әжетханаларға  жөнжеу  жүргізілді);
7. «Әлем» БЖО – 43,9  млн.теңге (ғимарат төбесінің  жұмсақ  жабындысын  қатты  жабындыға  ауыстыру),  жұмыс  аяқталған  жоқ (1,9 млн.теңгенің  жұмысы  орындалмады), сотқа   шағым  берілді.
Анықтама  ретінде; ағымдағы  жөндеу-56,7 млн.теңге, оның  ішінде;
1.№2 ОМ – 6,0  млн.теңге (ғимарат  төбесіне  жөндеу  жүргізілді);
2. №3 ОМ – 6,3  млн.теңге (ғимарат  төбесіне  жөндеу  жүргізілді);
3..№5 ОМ – 1,1  млн.теңге (өрт  құбырына  жөндеу  жүргізілді);
4.№6 ОМ – 1,8  млн.теңге (кіре  беріске  жөндеу  жүргізілді);
5. №14  мектеп-лицей – 4,5  млн.теңге (кіре  беріске, дәрігерлер  кабинетіне  жөндеу  жүргізілді);
6.№17 ОМ – 5,8  млн.теңге (жапсарлас  салынған құрылыстың  ішкі  бөлмелеріне  жөндеу  жүргізілді);
7.№21 ОМ – 6,7  млн.теңге (ғимарат  төбесіне  жөндеу  жүргізілді);
8.№29 ОМ – 11,3  млн.теңге (жылу  жүйесіне, әжетханаларға  жөндеу  жүргізілді);
9.№32 ОМ – 13,2  млн.теңге (жылу  жүйесіне, акт  залы  мен  спорт  залға  жөндеу  жүргізілді).
қосымша  білім  беретін  2  нысанның  ағымдағы  жөндеу  жұмыстары  аяқталмады- 10  млн.теңге;
1.«Әлем» БЖО – 8,4  млн.теңге  (көрермендер  залының  жөндеу  жұмыстары);
2.Ғ.Жұбанова  атындағы  БШМ -1,6  млн.теңге (ғимарат  төбесін  жөндеу  жұмыстары).

         Сонымен  қатар  8  білім  беру  нысандарына   күрделі  жөндеу  жүргізуге ЖСҚ  дайындалды (№11, 19, 31 ОМ, №1 гимназия, №15, 16 балабақша, Ғ.Жұбанова  атындағы  БШМ), жалпы  сомасы 25 млн  теңге. Барлық  жобалар  2019-2020  жылдары жүзеге  асырылады  деп  күтілуде.
Есеп  беру  жылында  жалпы  білім  беру  мектептерінің  материалдық-техникалық  базасын  нығайтуға 250  млн.теңге  жұмсалды.
Теміртау  қаласы  мен  Ақтау  кентінің  мектептері 100 %   кең  жолақты  интернетке  қосылған. Мектептерде   3 734  дана  компьютер  орнатылған,  бір  компьютерге  5,4   оқушыдан  келеді.
9  жаңа  модификация  кабинеттері  сатып  алынды, оған  57,8  млн.теңге  жұмсалды. Олар; физика  кабинеттері - №19, 24 ЖБОМ үшін, биология  кабинеттері - №1, 9, 21 ЖБОМ үшін, химия  кабинеттері - №7, 10, 23 ЖБОМ үшін.
Барлығы  қала  мектептерінде  80  пәндік жаңа  модификация  кабинеттері   ашылды, жабдықтаудың 69 % құрайды. Өткен  жылы  3 робототехника  кабинеттері  сатып  алынған. Барлығы  қала  мектептерінде  16  робототехника  зертханасы ашылған,  жабдықтаудың 65,5 % құрайды.
         Сонымен  қатар  мектептерді  жабдықтау үшін облыстық бюджет  қаражаты  есебінен  қыздарға  арналған  3  технология  кабинеті, №14  ОМ  STEM зертхана  кабинетін,  қалалық  гимназияға  айпад  сыныбын, №15 ЖБОМ интелектуалдық  кабинет,  мектептерге 8 интелектуалдық  ойын кабинеттерін және  147 дан  ПИК (электрондық  оқу  материалдарын көрсетуге  арналған проекциондық  оқу кешені)  сатып  алынды.
Қала  мектептері  үшін  6  мектепке  (№4, 9, 15, 19 ,20, 27 ОМ) ұйымдастыру  техникасын, №15 ОМ   және  қалалық  гимназияға музыка  құралын, №10, 14, 15, 17  ОМ  және  БЖО  акт  залына  арналған  орындықтар, 11  мектепке    жылуды  есепке  алатын  құрал, №14, 15, 19, 27  ОМ  оқушыларға  арналған  жиһаз  алынды.
2018-2019  оқу  жылдары  қаланың  барлық  мектептерінің  оқушылары  кітаптармен  және  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  етілді. Осы  мақсатқа  қалалық  бюджеттен  324,1  млн.теңге  қаражат  бөлінді, ол  2017  жылмен  салыстырғанда  24,1 % жоғары (261,1  млн.теңге).
Жалпы  білім беру  қоры  есебінен қала  мектептерінде  аз  қамтылған  отбасынан  шыққан   2 226  бала  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етіледі 104,6 млн.теңге), 120  бала  жазда  «Бригантина»  сауықтыру  лагерінде   демалды, мектеп  жанында  ұйымдастырылған   жазғы  лагерьлерде  1700  оқушы  демалды.
2016-2019  жылдарға  арналған  ҚР  білім  беру  мен  ғылымды   дамыту  мемлекеттік  бағдарламасының  бағытының  бірі  ол     білім  сапасы.
2018  жылы  ҰБТ  қала  мектептерінен 458  оқушы  қатысты, ол  52,6 % құрайды. ҰБТ  қорытындысы  бойынша  біздің  қала   облысымыздың  көшбасшы  қалалары  мен  аудандары   арасында  үшінші  орынға  ие  болды.
Қала  бойынша  орта  балл  шығармашылық  емтиханды  ескере  отырып 75,39 құрады  (2017  жылы - 68,55),  80,5 шығармашылық  емтиханды есепке  алмағанда (2017  жылы - 70,85), орта  балл  көрсеткіші  9,65  көтерілді.
«Алтын  белгі»  белгісін  24  оқушы  қорады, 9  оқушы   үздік  аттестат  алды.

       2019  жылы   білім  беруге  8 млрд.168,9 млн.теңге  қарастырылды, оның  ішінде 20  білім  беру  нысанына  жөндеу  жүргізуге  1 млрд.97,7  млн.теңге;

  • 8  балабақшаға   ағымдағы  жөндеу  жүргізуге 54,6 млн.теңге (№1, 2,4, 6,7,10, 13,19);
  • 7  мектептерге ағымдағы  жөндеу  жүргізуге 190,46 млн.теңге (№2, 4, 8, 10, 14, 16, 27  ОМ);
  • 5 мектепке  күрделі жөндеу  жүргізуге 852,7 млн.теңге (3  мектепке №11, 19 ОМ, қыздар  гимназиясы кешенді  жөндеу жүргізу, 2 мектепке №6, 21  ОМ жылу  жүйесіне  жөндеу  жүргізу).

Жұмыспен  қамту.Еңбек  нарығы.

       2018  жылы   тұрғындар  табысын  көтеру, жұмыссыздық  деңгейін  төментеду   жөніндегі   нақты  міндеттерді   жүзеге  асыру  жалғастырылуда.ҚР  Үкіметінің  2018  жылғы  13  қарашадағы  №746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындарды  нәтижеле  жұмыспен  қамтуға және  азаматтарды  3  бағытта  кәсіпкерлікке тартуға  арналған;

  • Бағдарламаға  қатысушыларға техникалық  және  кәсіби білім  беруге  және  қысқа  мерзімде кәсіби  оқытуға;
  • жаппай  кәсіпкерлікті  дамытуға;
  • тұрғындардың  жұмыспен  қамтылуына ықпал  ету   және  еңбек  ресурстарының мобильділігі  арқылы  еңбек  нарығын  дамыту.

Есеп  беру  жылында  Бағдарлама  аясында, бөлінген  220  млн.теңге  есебінен;
қысқа  мерзімде кәсіби  оқыту курсына 569  адам  жіберілді;
әлеуметтік  жұмыс орындарына  62  адам  жіберілді, оның  ішінде  10  (кереңдер) адам  жұмысқа  орналастырылды, жастар  практикасы  бойынша  103  адам  жіберілді, қоғамдық  жұмысқа  868  адам  жіберілді;
7  шағын  несие  берілді, 33 адам «Бастау бизнес»  бағдарламасы  бойынша  кәсіпкерлік  негізімен  таныстыратын курстарды  оқыды.
2018  жылы  қалада  барлығы  тұрақты  және  уақытша  жұмысқа  7 696 жұмыссыз  азаматтар  жұмысқа  орналастырылды.
Түйіндеме  мен  бос  жұмыс  орындары  базасын  қалыптастыру,  Жұмыспен  қамту  орталығына  бармай-ақ бос  орындарды тіркеу  тәртібін  оңайлату  мақсатында «Еңбек»  порталында Электронды  еңбек  биржасы  құрылды, онда  240  жұмыс  беруші  тіркелген, 1056  түйіндеме  орналастырылған.
Жеке  жұмысқа  орналастыру  агенттіктерімен  31  адамды  жұмысқа  орналастыруға  5  шарт  жасалды.

         Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Мұқтаж азаматтарға мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау мақсатында әлеуметтік жәрдемақыларды, оның ішінде жәрдемақылар мен біржолғы материалдық көмекті жергілікті атқарушы органның шешімдері бойынша төлеу қамтамасыз етілген.
18 997 азаматтарға 152,2 млн.теңге сомасында төлемдер жүргізілді, көмек және әлеуметтік қызмет көрсетілді.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 49,8 млн.теңге сомасында 275 отбасына (1194 адам)  тағайындалды;
- тұрғын үй көмегі 76 отбасына (155 адам) 1 млн. теңгеге;
- өмірлік қиын жағдайларға тап болғандарға әлеуметтік  көмек 76 адам                   10  млн.теңгеге;
-  негізгі азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету 714 адам 20,6 млн.теңге;
- мүгедек балаларды үйде оқытуға шығындарды өтеу – 43 балаларға 0,9 млн. теңге сомасында.
Мерекелік күндерге біржолғы материалдық көмек: жалпы сомасы 69,9 млн. теңге, соның ішінде:
Жеңіс күніне -     2 521 адам 27 млн теңге;
Бірінші Президент күніне – 7 852 адам 23,6 млн.теңге;
Конституция күніне - 6 442 адам 19,3 млн.теңге.
Кедейшілік шегінен төмен тұратын тұратын аз қамтылған азаматтар компьютерлік базасында 275 отбасы тіркелген (1 194 адам). Кедейшілік деңгейі 0,4%.  құрады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді, олар қала бойынша 6 442 адам, оның ішінде 459 мүгедек балалар.
2018 жылы мүгедектерге әлеуметтік мемлекеттік қызметтер және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 173,7 млн. теңге жолданды, оның ішінде:
- жеке  көмекшілер 459 адам қамтылып, 145,1 млн.теңгеге;
- ыммен сөйлеу мамандары  52 адам қамтылып 3,9 млн.теңгеге;
- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 528 адам қамтылып 24,7 млн. теңгеге.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларды жүзеге  асыруға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 39,8 млн.теңге жолданды, оның ішінде:
- қозғалысы қиындық туғызатын мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдау бойынша 1374 мүгедектерге  7652 өтініш орындалды,  18,7 млн.теңге;
- мүмкіндігі шектеулі балалар үшін иппотерапия және канистерапия 3,6 млн. теңгеге;
- мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде күндізгі күтім жағдайында және күндізгі стационар жағдайында - 4,1 млн.теңге;

- АИТВ/ЖИТС, жұқтырудың жоғары қаупі бар тұрғындардың топтары үшін  жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік бейімделу бойынша-2,3 млн.теңге;
- емханада емделетін туберкулезбен ауыратындарға 3,8 млн.теңге;
- өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдерге 3,1 млн.теңге;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен Пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға арнаулы әлеуметтік көрсетуге 3,3 млн.теңге; 
- жеке куәлігі жоқ Теміртау қаласындағы тұлғаларға арнаулы әлеуметтік көрсетуге  - 985 мың.теңге.
Қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтік қосу орталығы жұмыс істейді. Есептік кезеңде орталыққа 141 адам жүгінді, оның ішінде: 24 адам - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, 3 адам - мүгедектер және 23 зейнеткер жасындағы адамдар, 91 адам -  арнайы ем мен күтімге мұқтаж белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам.
Орталықта 27 адам ҚР жеке куәлігін алды (оның ішінде 6 адам - бұрын сотталғандар, 6 адам - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, қалғандары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ); 10 адам жалпы түрдегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернет  үйлеріне ресімделді, 9 адам күндізгі емделуге және емханада емделуге жолданды, 2 адамға мүгедектік ресімделді.

 

Денсаулық сақтау

         Денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық реформалар көрсетілетін медициналық көмектік сапасын арттыруға, оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілетті дені сау ұлтты қалыптастыруға бағытталған.
Қаланың басқа дәріханаларынан дәрі-дәрмектердің бағасы төмен үш емхана жанында әлеуметтік желі жұмыс істейді,  онда 685-ден астам түрлі дәрілер сатылады.
Тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар аурулардан (онкологиялық, қан айналымы жүйелері аурулары, қант диабеті, қараңғылық, туберкулез) сырқаттанушылығы мен өлім-жітімін төмендету мақсатында бірнеше жылдар бойы тұрғындардың мақсатты топтарын тегін негізде скрингтік медициналық қарау жүргізілуде.
Сатып  алынған заманауи құралдар мен жүргізілген профилактикалық жұмыстар өз нәтижесін берді.
2017 жылмен салыстырғанда туберкулезбен ауыру  5,3% төмендеді және 100 мың адамға 58,6 құрады (2017 жылы-61,9), сонымен бірге  ыдырау сатысындағы уақытында анықталмаған туберкулез 5,2% төмендеді (115-тен 109-ге), туберкулез өлім-жітімі 19,8% төмендеді және 100 мың адамға 6,5 құрады (2017 жылы - 8,1). 9,9% онкологиялық аурулар төмендеді (2017 ж. 239,2-тен 2018 жылы 100 мың адамға 215,6), сонымен бірге асқынған сатыдағы онкологиялық ауруларды анықтау 9,7% төмендеді (444-тен 401-ге дейін).
2017 жылы қарағанда туу көрсеткіші 1,8% өсті және 1000 адамға 14,03 құрады (2017 жылы – 14,29): өлу көрсеткіші 3,5% ұлғайды және 11,05 құрады  (2017 жылы - 10,68).
Ана өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.
2019 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша «АМТ» АҚ қаражаты есбінен тармвай паркі ауданында 32 кварталда 320 орындық медициналық жабдықтарымен  және дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар ауысымда 50 адам қабылдайтын емхана құрылысы жоспарлануда.

 

Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік

Қалалық бюджеттен мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке бөлінген қаражат 733,7 млн.теңгені құрады,  облыстық коммуналдық меншікке спорт объектілерінің берілуіне байланысты (Спорт мұз сарайы, стадион, Жастар жүзу бассейні, Ақтау спорт үйі),  2017 жылмен салыстырғанда 13,9 төмен (852 млн. теңге), 
Біздің қаламызда спорттың 40 түрі таратылған. Қалада спортшылар үшін ғана емес, қарапайын адамдарға да арналған 295 спорттық ғимараттар жұмыс істейді. 
2018 жылы спортпен айналысатындар саны 55 131 адамды құрады.  7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің, балалар жасөсіпірмдер спорт мектебі, дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны -2 639 адам. Есептік кезеңде қалада 191 спорттық-бұқаралық шаралар және спорттың әр түрі бойынша жарыстар жүргізілді, оның ішінде 20 спорттық бағдарламалар және спартакиада қаланың барлық тұрғындары үшін  18 442 адам қатысты және 1 722 адам қатысып 115 облыстық спартакиадалар өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында бюджеттен тыс қаражаттар есебінен қала кәсіпкерлері арқасында қаланың ескі бөлігіндегі парк қалпына келтірілді, баскетбол, волейбол, саяжай волейболы, 10 көше жаттығу құрылғылары,                      14 спорттық снарядтар (керме, белтемір, швев қабырғалары, қоссырық) орнатылды.
Қалалық бюджет есебінен № 12 және № 14 бала бақша аумақтарында спорттық алаңдар және жаттығу құрылғылары орналастырылды.
2019 жылға басым міндет болып барлық жастағы тұрғындарды қамти отырып спорттық-бұқаралық шаралар санын арттыру болып табылады.

         Мәдениет саласы дамыту жұмысына жеке көңіл бөлінуде.  Себебі мәдениет заманауи адам мен қоғамды қалыптастыру және дамуына әсер ететін, әлеуметтік жаңғыртудың елеулі құрамдас  бөлігі болып табылады.
Мәдениет объектілерінің жүйесі 14 мәдениет мекемелерінен тұрады.
Есептік кезеңде  3 648 мәдени ойын сауық шаралар жүргізілді, оның ішінде           20 қалалық фестивалдар мен конкурстар, 407 көрмелер, 270 спектакль, экскурсиялар, лекциялар және басқа да шаралар. Барлығы шараларға 495 мың адам қамтылды.
Мәдениет ұйымдарында 34 клубтық құрамалар жұмыс істейді, онда 955 адам айналысады. Оның ішінде 26 өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер ұжымдары, 10 ұжымның «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар.
Қаланың шығармашылық ұжымдары 2018 жыл бойы 54 рет біздің қаламыздың намысын облыстық, республикалық, халықаралық фестивалдар мен конкурстарда қорғады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылды:
- «Теміртау мәдениет сарайы» КМҚК базасында «Менің жылдарым -менің байлығым» ардагерлер клубы;
- «Саңыраулар мәдениет үйі» КМҚК базасында – қызмет көрсету салалары мен  мүмкіндіктері аясы кеңейтіле отырып мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мәдени-бейімделу орталығы.
Мүгедектердің көп санын қамту,  мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін үйірмелер санының артуына байланысты Тәуелсіздік гүлзары, 21 көшесі бойынша ғимараттан басқа Чайковский көшесі, 22 мекенжайында қосымша тағы бір ғимарат ашылды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында  қала Тілдерді дамыту орталығы тілдерді оқыту бойынша жұмыстар жалғастыруда. Мемлекеттік тілге 430 адам (2017 жылы - 330), ағылшын тілі - 292 адам (2017 жылы –165), орыс тілі– 50 адам оқытылды, оның ішінде мемлекеттік  қызметшілер, бюджет саласының қызметкерлері, жеке тұлғалар бар.
«Қазтест» өткізуге 179 адам қатысты, оның ішінде диагностикалық тест - 154 адам, сертификаттық тест -  25 адам, оның ішінде 19 адам сертификаттар алды.
Мәдениет объектілерінің материалдық техникалық базасын ныңғайтуға және жөндеуге 169,8 млн. тенге жолданды,  оның ішінде:
- Теміртау мәдениет сарайына 129,5 млн. теңге: штанкеттік жабдықтарға, баспалдақтарға, жылу жүйесіне, баспалдақтар аралығына, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша жұмыстарға  жөндеу жүргізілді, сахналық көріністер үшін киіз үйлер, жұмсақ жиһаздар, шымылдықтар сатып алынды;
- Қалалық мәдениет және демалыс алаңына - 28,1 млн. теңге: Аквариум мен Қысқы бақ  ғимаратының құрылыстық құрылымдарына техникалық зерттеу жүргізілді, тас төсеуіштер сатып алынды және ескі қала паркінің  гүлзар шөбін төсеу жүргізілді;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мәдени-бейімделу орталығыға 2,7 млн. теңге: компьтерлер, принтерлер, музыкалық жабдықтар, сурет салу үшін столдар, жарық құралдары сатып алынды;
- Орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесіне - 7,5 млн.теңге:  Коммунаров көшесі, 5/1 мекенжайдағы кітапхана филиалына шатырды жөндеу жүргізілді, стеллаждар, мемлекеттік рәміздер, коворкинг-орталық ашу үшін жиһаздар, әдебиеттер сатып алынды;
- Тілдерді дамыту орталығына 2  млн.тенгеге сатып алынды:  жиһаздар, әдістемелік құралдар, теледидар, акустикалық жүйелер.

Ақпараттық саясат мемлекеттік тапсырыс аясында бұқаралық ақпарат құралдары («Индустриальная Караганда» ЖШС, «Орталық Қазақстан» ЖШС, «Отан заман», «Зеркало» баспасөз басылымдары, «Saryarqa» ЖШС, «ТТК» ЖШС және ТРК «Сфера» телеарналарының эфирлерінде, Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы) арқылы, сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін ұйымдастыру арқылы жүргізілді.
2018 жылы қала мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындары еңбек ұжымдарында 117 кездесулер болды. Тұрғындарды қамту 25 мың адам құрады.
АНТ  мүшелері кездесулер аясында Елбасының жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары, сонымен қатар жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын  насихаттау және түсіндіру бойыншаа жұмыстар жүргізілді.
Үкіметтік емес ұйымдар сомасы 72,1 млн.теңге сомасына 32 әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды. Жұртшылықты қоршаған орта проблемалары  туралы ақпараттандыру мақсатында қала көшелерін тазалықта сақтауға шақыру жолымен жастар ортасын экологиялық мәдениетке қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» республикалық тізілім жобаларына енгізілген «Жасыл даму мектебі» жобасы іске асырылды.
Теміртау қаласында 14 жас пен 29 жас аралығындағы  36 347 адам тұрады, тұрғындардың жалпы санының 19,5%, оның ішінде, мектептердегі оқитын жастар – 10 397 адам.
Жастар саясаты саласында қызметті Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы  үйлестіруді жүзеге асырады, есептік кезеңде 122 кездесулер өткізілді, 10 983 адам қамтылды.
Үлкен көмекті жастар бастамасымен айналысатын 3 белсенді жұмыс істейтін ҮЕҰ  көрсетуде («ТМК» ҚБ, «Жастар пікірі» ҚБ, «Азаматтық бастамашылар орталығы» ҚБ).
«Жасыл Ел» бағдарламасы аясында еңбек отрядтары құрылды, 135 адам жұмысқа орналастырылды.
2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануына байланысты -  Жастар жылында Жастар жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кеңейтілген шаралар жоспарын әзірлену жүргізілуде.
Діни саладағы жұмысқа қатысты, әсіресе діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет жөнінде жұмыстар дәстүрлі дін өкілдері және үкіметтік емес ұйымдармен бірге өткізілді.
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде 17 діни бірлестіктер мен филиалдар, соның ішінде 3 мұсылман, 2 православиелік, 1 католиктік, 11 протестанттық шіркеулер жұмыс істейді.
Ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелері жалпы профилактикалық 6 338 адам қамтылған  103 кездесулер өткізді.  
Жергілікті мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде  ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім сақталуда.

Тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық.
Тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық жаңарту.

         Қолданыстағы  тұрғын  үй  қорын  сақтап  қалу  және   тұрғындардың  тұрмысын  жақсарту  мақсатында, «Өңірлерді  дамыту  бағдарламасы» үшінші басымдылық аясында,  тұрғындардан қайтарма қаражаттар есебінен құны 70,2 млн. теңге   6 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді.

Анықтама:
-    Мир даңғылы 78 (3,4п) – 2539,2т.т инженерлік коммуникация жөндеу бойынша жұмыстар (16.03.2018ж. тапсырылды);
-    Металлургтер даңғылы 3 (4п)  - 9 263,7 т.т. лифт  орнатылды және кіреберіс терезелерін ауыстыру жүргізілді (20.03.2018ж. тапсырылды);
-    70 квартал, 2 (4п) – 8 972,1 т.т.  лифт орнатылды (26.04.2018ж. тапсырылды);
-    Мир даңғылы 55 – 9 265,4 т.т. лифт орнатылды (12.08.2018ж. тапсырылды);
-    Блюхер  көшесі, 25 – 31 478,3 т.т.  инженерлік коммуникация жүйелерін жөндеу, шатырды жөндеу (07.08.2018ж. тапсырылды);
-    Горка дружбы көшесі, 37 (2п) – 8 668,8 т.т. лифт орнатылды(16.08.2018ж. тапсырылды).

2017 жылмен салыстырғанда  жөндеу талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 0,6% төмендеді, және 58,4% құрады.
Ай сайынғы тұрғындардан жүргізілген күрделі жөндеулер үшін қайтарма қаражаттар жоспарға 90%.

 

Мемлекеттік  тұрғын  үй  салу  бағдарламасын  жүзеге  асыру  туралы

         2018 жылы Теміртау қаласы  мен Ақтау кентінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан 108 отбасы үймен қамтамасыз етілді:
- жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 28 отбасы;
- азаматтардың әлсіз топтары – 48 отбасы (оның ішінде мүгедектер – 10; мүгедек балалар бар отбасылар – 2, жасы бойынша зейнеткер – 9; оралмандар-6; көп балалы отбасылар-1; толық емес отбасылар-20)  
- бюджеттік ұйымдар қызметкерлері - 28 отбасы;
- жалғыз үйі апаттық теп танылған азаматтар - 4 отбасы.
         2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 2721 отбасы тұр.

         Тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық бойынша  бюджет  шығысы                 1 млрд. 296,1 млн. тенге құрады немесе 2017 жылғы деңгейге 52% жоғары. (2017 жылы - 852 млн. теңге), ал  2019  жылы  2,2  есеге көбейту  жоспарланып  отыр  және  ол  2  млрд. 854,7 млн.теңгені  құрайды.


Қалалық бюджеті есебінен бюджеттік даму аясында  Тольятти көшесіндегі 44, 90 пәтерлі  жалпы ауданы 4 853 м2  көпқабатты тұрғын үй қайта салынды және пайдалануға берілді.
9 ықшамаудандағы әрбірі 50 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы басталды,  аяқталу және пайдалануға берілуі 2019 жылы жоспарлануда.
Салынып жатқан 9 ықшамаудандағы үйлерге инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде,  есептік жылы сыртқы электрмен жарықтандыру және электрмен жабдықтау жүйелері жүргізілді, басқа жүйелердің  салынуы 2019 жылға жоспарлануда.
Жоғарыдағы  жұмыстарды аяқтауға  жалпы сомасы 710,6 млн.теңге жоғары тұрған бюджеттерден мақсатты трансферттер, қалалық бюджеттен – 300,5 млн.теңге бөлінді. 
2019 жылы қала 10-11 ықшамаудандардағы жеке үйлер құрылысы бойынша инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым салу бойынша жобаны жүзеге асыруды бастау жоспарлануда,  сумен жабдықтау жүйелері құрылысына сомасы 721,5 млн.теңге республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлінді.
Есептік жылы жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жүргізілді: 10-11  ықшамаудандарына жеке тұрғын үйлерге сумен жабдықтау желілері құрылысы үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қаланың  әлеуметтік  бөлігінде   шаруашылық-фекальдық  канализация  жүйесін  салу, Опан  таушығы   шаруашылық  ауызсу   сорғы  станциясын  қайта  салу, ТНС-1 және ТНС-2 технологиялық жабдықты қайта салу.
Ағымдағы жылы ЖСҚ әзірлеу жалғасады: 2019 жылдың 1 тоқсанында 4 А кварталдағы екі 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына  жобалар бойынша сараптама қорытындысын алу күтілуде,  Қарағанды-Теміртау су таратқышын қайта салу, 10-11  ықшамаудандарына жеке тұрғын үйлерге электрмен жабдықтау жүйелері құрылысы, сонымен қатар 2019 жылға  арналған қалалық бюджетте 4 А кварталдағы екі үйлерге ИКЖ құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат, Горка Дружбадағы 36-пәтерлі несиелік тұрғын үйдің құрылысы,  Ақтау кенті су тартқыш жүйелері құрылысы қарастырылды. 
Есептік кезеңде ағымдағы бюджет аясында жұмыстар жүргізілді: орталық алаңдарды, абаттандыру объектілерін  ағымдағы ұстау,  көше жарығы, бейнебақылау жүйесі, нөсер кәрізін тазалау, дезинсекция, дератизация, жасыл желектерді химиялық өңдеу, гүлбақ орнату және жасыл желектерді күту, ағаштарды  кесу, гүлзарды шабу. 

      11,1 млн.теңгеге 250 қақпақтар мен 40 құдықтардың торларын орнату жүргізілді, қалада 139 млн.теңгеге 766 көше жарықтары тіреулері мен жарық нүктелері, Ақтау кентінде 14,9 млн.теңгеге 9 тіреу мен 233 жарық нүктелері қалпына келтірілді.
5 млн.теңгеге Металлургтер даңғылы, Димитров көшесі, Мир даңғылы   бойынша тас төсеуіштердің жабындыларын жөндеу жүргізілді, пирсті бөлшектеуге 4,8 млн.теңге, әкімдік алдындағы сарқырамалы фонтанды қалпына келтіруге - 6,6 млн. теңге.
Интернационалист жауынгерлер монументіне  237 мың.теңгеге гранитті ескерткіш тақта орнатылды.
117 квартал № 5 тұрғын үйдің жылу жүйесіне жөндеу және  1,8 млн.теңге желдеткіш қорабын тазалау жүргізілді.
6 көп пәтерлі тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізілді (Мир даңғылы 96,  Металлургтер даңғылы, 32/1, Республика даңғылы, 5, Менделеев көшесі 6, Школьная көшесі, 7, Панфилов көшесі 3).
2019  жылдың  бекітілген бюджетінде:  қаладағы 300 құдықтар қақпағын алмастыруға (13,5 млн.теңге) және Ақтау кентіндегі 150 қақпақтар (8,5 млн.теңге); квартал  ішіндегі  жарықтандырудың  201 тіректерін қалпына келтіру (41,5 млн. теңге)  және Ақтау кентінде 14 тіреу мен 298 жарық нүктелері (35,8 млн.теңге);              10 жаңа балалар  алаңына   кішкентай  сәулеттік  пішіндерді   орнатуға (56,7 млн. теңге);  мрамордан істелінген 32 орындықтар орнатуға (13 млн.теңге); Мир, Комсомол даңғылдары орта бөлігін гүлбақ егу (47,4 млн.теңге);  5 көп пәтерлі тұрғын үйлерге энергетикалық аудитке (ОБ бюджеті есебінен 1,7 млн.теңге) қаржы  қарастырылды.
ЖСҚ жобаларын жүзеге асыруға және әзірлеуге 2019 жылдың бюджетінің дамуы аясында 2 млрд. 27,4 млн.теңге жұмсалды.

     Көлік  жұмысының  көрсеткіштері

2018  жыл  қорытындысы  бойынша  2017 жылмен салыстырғанда көліктерден тасымалдау көрсеткішінен басқа оң динамикаға қол жеткізілді.
Жүк айналымы көлемі 5,2% артты және 31 389,5 мың.ткм, құрады, жолаушылар тасымалдау 6,6% көбейді және 31 483,6 мың. адамды құрады,  жолаушылар айналымы 4,8%   артты және  149 459 мың. пкм. құрады.
Жұмыстар көлемінің жоқтығы себебінен және ЖЖМ   бағасының өсуіне байланысты жүк тасымалдау көрсеткіші 27,7% төмендеді және 1014,6 мың.тонна құрады.

Көлік  инфрақұрылымы

         Қала жолдарының жалпы ұзындығы - 720 км.
2018  жылы  қала  мен  Ақтау  кентінің  автомобиль  жолдарына   жөндеу  жүргізуге  және  күтіп  ұстауға  2 млрд. 695,3 млн.теңге теңге қаржы  жұмсалды немесе 2017 жылғы деңгеймен салыстырғанда 24,5%  артық (2 млрд. 165 млн. тенге).
2019  жылы 2 млрд. 56,8 млн.теңге   қаражат  қарастырылды.
2017 жылдан бастап біз жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастадық.
Егер 2017 жылы 49,1 км жолдарға 1 млрд. 638 млн.теңге орташа жөндеу (оның ішінде 29,9 км қала көшелері бойынша және 19,2 км  ішкі кварталдар жолдары), ал 2018 жылы 54,1 км автожолдарға жалпы сомасы 1 млрд. 979,5 млн.теңге орташа жөндеу жүргізілді (оның ішінде ОБ МТ-550 млн.тенге), оның ішінде:
- қала көшелері бойынша 24 км автожолдар 1 млрд. 372 млн. тенгеге жөнделді, Мир даңғылы бойынша -5,4 км, Тольятти көшесі - 1.75 км, Ш.Уәлиханов көшесі - 1,08 км, Димитров көшесі - 7,94 км, Темиртауская көшесі - 2,5 км, Нижняя көшесі - 1 км, Тәуелсіздік гүлзары - 0,5 км,  Герцен көшесі - 0,52км, Мустафин көшесі - 0,6 км, Металлургтер даңғылынан Амангелді көшесі Алматы-Екатеринбург трассасы  шыға берісі - 2,4км, Восточная көшесі және Нижняя  көшесі қиылысындағы автожолдар -0,24 км;
- 30,1 км ішкі квартал жолдары  607,5 млн. теңгеге.
Бұдан басқа Ақтау кенті 28,4 млн.тенгеге ішкі кварталдар жолдары учаскелері  орташа жөндеу жүргізілді (Ақтау кенті пошта кіре берісі, Менделеев көшесі бойынша, Макаренко көшесі бойынша, балалар бақшасына  кіре беріс), жалпы ұзындығы  2,4 км.
2019 жылы жолдарды орташа жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.  Бюджеттен 27,65 км  автожолдарды жөндеуге жалпы сомасы 1 млрд. 326,8 млн. тенге сомасына  қаражат бөлінді, оның ішінде:  Мичурин көшесі (1,5 км) - 203,5 млн. тенге; Калинин көшесі (2,5 км) – 481,7 млн. тенге;   ішкі кварталдар жолдары  (24 км) – 641,6 млн.тенге.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршамдық объектілерді ауыстыру жүргізілді Мир даңғылы - Комсомол даңғылы қиылысы,  Республика даңғылы - Комсомол даңғылы (31,7 млн. тенге);  ОӘД және Әлем дүкендері ауданында (7,5 млн. тенге);  Димитров көшесі және  Ст.Разин көшесі қиылыстарында  (8,3 млн.тенге) жаңа бағдаршам орнатылды.

 

2018-2019  жылғы  жылу  беру  маусымының  өтуі

Жылу  беру  маусымы  2018  жылы  1  қазанда  басталды.  Барлық тұрғын  үйлер  мен әлеуметтік  мәдени-тұрмыстық  нысандар жылу  беру  жүйесіне  қосылған. Әлеуметтік  саладағы  автономдық  жылу  жүйесі  бар  нысандар   толық  көлемде  көмірмен  қамтамасыз  етілді.
2018-2019 жылдарғы жылу беру маусымына тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді дайындау үшін  кәсіпорын мүлік иелері 5 млрд. 388,3 млн.тенге көлемінде қаражат бөлінді, 2017 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 470,2 млн.тенге немесе 37,5%  артық  (3 918,1 млн.тенге), оның ішінде:
2-ЖЭО: Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 3,2 млрд. теңге құрады (2017 жылы 2  млрд. 476 млн.теңге).   Екі қазандықтарға күрделі жөндеу (№ 2,3), бір турбинаға (№ 4) және  № 4 қазандық  агрегатына кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізілді;.
ҚарГРЭС-1: ҚарГРЭС-1  негізгі  жабдықтарына  жүргізілген  жөндеу  жұмыстарының  жалпы  құны  700 млн.теңгені  құрады (2017  жылы  - 755 млн.теңге). Бір қазандыққа (№10), бір  турбинаға (№8) кеңейтілген ағымдағы жөндеу және            № 9,11  қазандық  агрегаттарына, № 9  турбинаға  ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Пайдаланушы ұйымдармен желілерді жөндеуге 1 млрд. 466,6 млн. тенге жұмсалды, 2017 жылмен салыстырғанда  (763,1 млн.тенге)  2 есе көп.
Жөндеу жүргізілді:  7,17 км жылу желілері; 10,3 км су құбыры және 4,65 км кәріз желілері;  33,724 км электр және 7 қосалқы станция желілері.
21,7 млн.тенгеге автономдық  жылу  жүйесі   жөнделді.

Теміртау қаласында  2018-2020 жылдарға арналған экологиялық жағдайды сауықтыру бойынша кешенді шаралар жоспарын орындау бойынша

         Қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған мәселелерді кешенді шешу мақсатында үш жыл кезеңге арналған қалада экологиялық жағдайды сауықтыру бойынша кешенді шаралар жоспары әзірленді.
2018 жылы Теміртау қаласында кешенді жоспарды орындау аясында 9 шаралар орындалды:
1. 2019-2030 жылдарға арналған дендрологиялық жоспар әзірленді (қаланы көгалдандыру схемасы) (20,9 млн.теңге), 72 086 м2 көгалдандырудың қосымша алаңы, жалпы саны 41 898 дана  жасыл желектерді отырғызу ұсынылды (оның ішінде бұталар - 34 500 дана, ағаштар - 7398 дана). Ағаштарды, бұталарды және гүлзарды отырғызу орны анықталды, көшет материалдары бойынша ұсынымдар берілді,  көгалдандыру алаңы көрсетілді, сонымен қатар жылдар бойынша бөлінулер жүргізілді.
2. Қаланы көгалдандыру аясында өткен жылдың көктемгі-күзгі кезеңдерде қалада 5000 ағаштар отырғызылды.
3. Қалада отырғызылған ағаштарды күту жұмыстарымен мердігерлік ұйым «Социус 2010» ЖШС жүзеге асырады.
4. Коммуналдық және қоғамдық көліктердің шығарылымдары санын төмендету мақсатында  полиция Басқармасы қызметкерлері газ талдауыштарын пайдалана отырып 5 рейдтік шаралар жүргізді, қорытындысы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 334 бабы, 1 бөлімі бойынша жолаушылар тасымалдаумен  айналысатын ұйымдардың жүргізушілеріне 12 әкімшілік хаттамалар толтырылды (шығарындылардың және ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көліктік құралдарды пайдалану).
Бұдан басқа полиция патруль қызметкерлері  маршруттарда патрульдеу кезінде шығарындылардың және ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көліктік құралдарды пайдаланудың 90 бұзушылығын анықтады.
5. Қаланың  таксопарктер мен коммуналдық автокөліктер қоғамдық көліктерін  газ отынына ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні қалалық қоғамдық көліктің 203 бірлік автобустарының 42 бірлігі қайта жабдықталды («Қала көлік» ЖШС, «Түнқатар» ЖШС).
6. ҚТҚ уақытында тасымалдауға бақылау тұрақты негізде жүргізілуде.
Полиция басқармасы қызметкерлері қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғандарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар жүргізілуде.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 505 бабына сәйкес  ағымдағы жылдың басынан  2756 құқық бұзушылық анықталды,  аумақты абаттандыру жөніндегі шағын және орта бизнес объектілерін аралау бойынша рейдтік шаралар жүргізілді, объектілердің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салынған айыппұл көлемі – 696,2 мың.теңге, 180,4 мың.теңге өндірілді.
7. Қоршаған ортаны сақтау, жақсарту және ұқыпты қарауды насихаттау  бойынша Медиа-жоспар әзірленді және бекітілді.
Ақпараттық насихаттау мақсатында «Жастар пікірі» қоғамдық бірлестігімен шарт жасалды,  семинар-тренингтер, экологиялық білімділік бойынша шаралар жүргізілді және «Жасыл даму мектебі» жобасын насихаттау, «Мен таза қала үшін» ақпараттық-насихаттау акциясы,   агитациялық плакаттар, аялдама павильондарында баннерлер, қоғамдық көліктерде,  білім беру ұйымдарында (400 ақпараттық плакаттар) орналастырылды.  Жобаны жүзеге асыру аясында өткізілген шаралар туралы ақпарат  басылым беттерінде (11 мақала) жарияланды,  12 жаңалықтар сюжеті шығарылды.
8. Теміртау қаласында пеш жағып жылытатын үйлерден ластаушы заттардың санын төмендету мақсатында  бірінші кезекте пеш жағып жылытатын тұрғын үйлерді газбен жабдықтау қамтамасыз ету қарастырылған. «КАТЭК» ЖШС мердігерлік ұйымы Теміртау қаласы газбен жабдықтау желілерін салу үшін  ЖСҚ  әзірлеу жүргізілуде.
9. ПРООН жобасын жүзеге асыру мақсатында  Мир даңғылы, 78/1 бойынша үйді терможаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, қаражаттар бөлінді, жертөлені жылыту бойынша, кіре берістерді үнемді жарықтандыру бойынша  жұмыстар жүргізілуде.
Кіші гранттар бағдарламасы бойынша Жаһандық экологиялық қор арқылы шатырды, қабырғаларды жылыту,  кіре берістерде пластикалық терезелер,  тамбурда  кіре беріс жылытылған есіктерді орнату бойынша жұмыстар жоспарлануда.

Инфляция

Қалада  әлеуметтік  маңызды  азық-түліктің және тауарлардың бағасының өсуін тежеу бойынша жүйелі жұмыс  жүргізілуде және шаралар қамтамасыз етілді, қала әкімдігі жанында тиісті штаб жұмыс істейді.
Тауарлар  мен  қызметтердің  2018  жылдың  желтоқсанындағы   тұтыну  бағасының  индексі 2017 жылдың желтоқсанымен  салыстырғанда 105,1% құрады, оның  ішінде:  азық-түлік  тауарлары -105%,  өндірістік  тауарлар -106,3 %, ақылы  қызметтер - 104 %.
Инфляциялық процестерді тежеу бойынша шаралар жоспарын орындау үшін 2018 жылы 70 квартал базары аумағында 52 әлеуметтік жәрмеңке  өткізіледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдеріне орта  нарық  бағасынан  15-20 % арзан  сатылды,  240,7 млн. теңгенің  тауарын  сатты.
Ірі супермаркеттерде әлеуметтік қатарларды қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.  
Әлеуметтік қатарлар «Южный», «Аян», «Алекон», «Любимый», «Принцип», «Гастроном № 40» «Металлург» супермаркеттерінде жұмыс жасайды.
Бағаның негізсіз  көтерілуін  тежеу жөніндегі  жұмыстар  тұрақты  бақылауда.

Құқықтәртіп

         Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздік, жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар тәжірбиелік және ұйымдастырушылық шараларын қабылдады. 
Жалпы  өткен жылы  2017 жылмен  салыстырғанда  қалада тіркелген  қылмыс  санының  17,8 % төмендегені  байқалады және  2 684  бірлікті  құрады (2017ж.- 3 265  бірлік),  қылмыс  деңгейі 16,1% 10 мың  тұрғынға  шаққанда   157,6 дейін төмендеді (2017- жылы - 187,9),  ауыр  және  өте  ауыр  қылмысты  ашу  деңгейі   2,5%  көбейді және  74,1 % құрады (2017 ж. – 72,3%).

  Мемлекеттік    қызмет 

Теміртау  қаласы  бойынша  9  мемлекеттік  мекеме және «Теміртау қаласы әкімі аппараты» ММ ҚР  Үкіметінің  2013  жылғы  18  қыркүйектегі  №983  «Мемлекеттік  қызметтер  тізілімі» бекітілген қаулысына  сәйкес мемлекеттік  қызметтің  83  түрін  көрсетеді. Өткен жылы  62 705 қызмет  көрсетілді.
Теміртау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемелері ресми интернет-ресурстарында  тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету тәртібі туралы ақпарат, шағым беру туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың  жұмысы туралы ақпарат  орналастырылған.
Атқарушы биліктің қызметінің маңызды құраушысы қоғаммен кері байланыс болып табылады.
Өткен жылы қалалық әкімдікке және оның құрылымдық бөлімшелеріне 7200 өтініш түсті.  Қала әкімі, оның орынбасарлары жеке мәселелері бойынша 124 қабылдау жүргізді, 362 адам қабылданды.
Өтініштерді талдау  тұрғындар үшін тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер, қаланы абаттандыру, жер телімдерін бөлу, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері ең өткір маңызды болатынын көрсетті.  
Түскен өтініштердің 4 277 қанағаттандырылды немесе 59%. Қолданыстағы заңнамалар аясында 1766 өтініш иелеріне түсініктеме берілді, бас тартылды - 11.
1133 өтініштер төмен тұрған және басқа да мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды.
Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс тұрақты бақылауда. 

Кадрлық жұмыс туралы

         Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 атқарушы органдардың штаттық құрылымы жалпы лимиті 136 бірлік. Нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер саны -111. Қазіргі уақытта қала бойынша 25 бос орын бар.
Бірыңғай конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссия, мемлекеттік қызмет өтілін анықтау бойынша комиссия, бірыңғай тәлімгерлер кеңесі құрылған және жұмыс істейді. 
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің  лауазымдық өкілеттіктері мен жауапкершілігі, біліктілік талаптары негізінде анықталған және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген. 
Қала әкім аппараты және қала дербес мемлекеттік мекемелері кадрлар ауысушылығы 2017 жылмен салыстырғанда 1,2% төмендеді және 2018 жылы 17 адамды құрады.
Әкім аппараты және мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкерлері 2017 жыл үшін табыс, мүлік туралы декларацияны уақытында тапсырды.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласында заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексі  талаптарының сақталуы бойынша консультативтік көмек көрсету бойынша біршама жұмыстар атқарды. 47 мемлекеттік қызметшілерге және жеке тұлғаларға консультативтік көмек көрсетілді, 10 жеке қабылдау жүзеге асырылды, оның ішінде                 4 көшпелі.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 3 өтініш түсті. Әңгімелесу жүргізілді, өтініш берушілердің құқықтары қалпына келтірілді.
2018 жылы 20 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 9 мемлекеттік қызметші басшылық құрамнан, 11 мамандар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Мемлекеттік наградалар туралы»  Заңына сәйкес «Алтын алқа» белгісімен - 5 көп балалы аналар, «Күміс алқа» белгісімен – 3 адам марапатталды.

 

Сыбайлас құқық бұзушылықпен күрес туралы

         Теміртау қаласы жергілікті атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада жұмыстар белсенді жүргізуде.
Тоқсан сайын аппарат жиналыстарында сыбайлас жемқорлық заңнамаларын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша мәселелер қаралады.
Барлық мемлекеттік  органдарда сенім телефоны,  хаттар мен өтініштер үшін жәшіктер орналастырылған,  ақпараттық стенділер ресімделді.
Мемлекеттік мекемелердің қызметтік автокөліктерінде  мемлекеттік мүлік мәртебесін дәлелдейтін айырым белгісі орналастырылған.
Теміртау қаласы әкімдігі және оның ведомстволық мекемелерінің барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру бойынша келісім жайлы ашық келісімге қосылу туралы актілерге қол қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ құрылды және жұмыс істейді, негізгі міндеті тұрғындардың құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілігін қалыптастыру болып табылады. Топ құрылған кезден бастап қала еңбек ұжымдарына 50-ден артық  шығулар жүзеге асырылды, қала 10 000 тұрғындарын қамтыған «Адал жол-Честный пут»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді,   Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті базасында  «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасында дебат өткізілді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады.

 

Құрметті  теміртаулықтар!

         Мен өз есептік баяндамамда Елбасының қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған атқарушы органдардың қызметінің барлық  саласын қамтуға,  барлық жүргізілген жұмыстарды баяндауға тырыстым.
Қаланың жергілікті атқарушы органдарымен одан әрі де өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету  және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.


Жаңартылған: 22.01.2019 15:57
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 379.36
  • Euro 428.94
  • Рубль 5.93
Теміртау-1°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 723мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 33%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ