ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2012 жылғы есебі.

 

«Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мәдениет және тіл саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыруға уәкілетті, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың атқарушы органы болып табылады. 
Мәдениет саласын дамыту мәдениет мекемелері арқылы жүзеге асырылады. 
Бүгінгі таңда қаламызда 14 мәдениет мекемесі тұрақты жұмыс істейді: Теміртау мәдениет Сарайы, «Ақтау» бос уақытты мәдени өткізу орталығы» КМҚК, Кереңдер мәдениет үйі, 7 филиалы бар Орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесі, Тарихи-өлкетану мұражайы, Балалар мен жасөспірімдер театры, Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы. Соңғы үшеуі облыстық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. 
Есептік мерзім ішінде мәдениет мекемелерімен  2897 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 30 қалалық конкурстар мен фестивальдер, 1109 экскурсия,  395 лекция, 54  көрме, 233 спектакль. Іс-шаралармен  400-ден артық адам қамтылды.   
  Теміртау қаласында  ауқымды іс-шаралар  болып өтті, атап айтқанда, «Леди в погонах» конкурсы,  «Petit madam» конкурстық бағдарламасы,   «Әнімді саған арнадым, Теміртауым» караокесі, «Арселор Миттал» БЖО «Рождество ертегісі» балалар шығармашылығының ХІ қалалық фестивалі,   «Күміс бұлақ» ұлттық мәдениет фестивалі,   № 5561 әскери бөлімінің қызметшілеріне арналған «Город, в котором ты служишь»  атты 4 ұрпақтың кездесуі,  «Мәдениет пен өркениет тоғысуы» қалалық шығармашылық фестивалі, «Масленица в казачьей станице» атты мерекелік бағдарламасы, «Зимняя феерия» шығармашылық фестивалі,  ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Тіл – халық жанын тану жолы» атты мемлекеттік тілді білу қалалық конкурсы, ҚР Конституциясы күніне арналған «Семья – это семь Я!» атты Қазақстан халқы шығармашылығының  конкурсы, «Бабалардың даналық мұрасы» конкурсы, Теміртау қ. 66-жылдығына арналған мерекелік концерттік бағдарламасы және карнавал-шеруі,    Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған  «Дом, в котором мы живем» қалалық фестивалі,   «Ең үздік қазақ тілі кабинеті» қалалық конкурсы,  «Өлең–сөздің патшасы» қалалық конкурсы, қала мектептерінің оқушылары арасында қазақ тілінде   «Мемлекеттік тілді білу – менің азаматтық борышым» тақырыбына ең үздік мектеп шығармасы конкурсы, шығармашылық ұжымдарының есептік концерттері, Наурыз-мейрамына, 1 Мамыр күніне, Металлургтер күніне, Қала күніне арналған шерулер және т.б. 
Бүгінгі таңда клуб түрінің мәдениет мекемелерінде   31 шығармашылық ұжымы жұмыс істейді, онда   1101 қатысушы айналысады;   Мәдениет Сарайының  10 ұжымының «Халық» және «Үлгілі» деген атақтары бар.   
Қаланың шығармашылық ұжымдары 49-дан артық мәрте облыстық,  республикалық чемпионаттар мен конкурстарда, сондай-ақ, Қазақстан шегінен тысқары  да қаламыздың абыройын талай қорғаған, атап айтқанда, Kazakhstan Open - 2012 би спорты Халықаралық турнирінде, «НИКА-2012» спорттық сәнді билерінің ашық турнирі,   Тайланд ханымының Кубогына IDSF Халықаралық спорттық сәнді би турнирі, «Новые имена» балалар шығармашылығының Vоблыстық конкурсы,  Халықаралық хореографиялық өнерінің «Олимпиа Дансе» конкурсы,  Спорттық сәнді билерінен Республикалық жастар спартакиадасы,   Спорттық сәнді билерінен Германияның Ашық Чемпионаты және IDSF Халықаралық турнирі,    «Голоса традиции-Темрюк-2012», VI Халықаралық  халық шығармашылығының конкурсы,   «Дни Казахстана» фестивалі,    ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Вальс осени» Ашық республикалық турнирі,  «Бурабай -2012»  Әкім кубогы,   Халықаралық Еуропа, Азия кубогы,      «Звездная радуга Сарыарки» би фестивалі, Ресей Федерациясы күніне арналған «В единстве наша сила» халық шығармашылығының III Аймақтық конкурсы,  Словенияда өткен XVIII Халықаралық балалар суреті конкурсы және т.б.
Мәдениетті дамыту және қолдану, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды: 
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қалалық мәдениет және демалыс саябағының барлық аумағы  7,41 га. бойынша ағаштардың ұшар басын кесу жұмыстары жүргізілді.     4000,0 мың теңге сомаға 1200 астам ағаш өңделді.  
Есептік мерзім ішінде ОБК, №1 кітапхана-филиалы мен №2 кітапхана-филиалына  10,5 мың теңге сомаға 3 модем сатып алынды. 
Қалалық бюджет қаражаты есебінен  кітапханаларға өртке қарсы қауіпсізідік ісшаралары  үшін 890 658,0 теңге бөлінді.
Кітап қорын толымдауға  5852,8 мың теңге жұмсалды, оның ішінде  1956,0 мың теңге – мерзімдік басылымдарға.
2012 жылы Теміртау Мәдениет Сарайына жасанды мұз айдынын сатып алу үшін 10270,0 мың теңге бөлінді. 
ҚР «ҚР тіл туралы»  Заңын, Теміртау қаласы әкімдігінің 24.12.2009 жылғы №51/56 қаулысымен бекітілген, «Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында,  осы заңның, бағдарламаның және тілдер саласындағы жұмысты реттейтін өзге де құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша белгілі жұмыстар атқарылды.  Атап айтқанда, 01.01.2013ж. кезіне қала бойынша мемлекеттік тілдегі құжат айналымы    100% құрады.
Жыл сайын қалалық бюджеттен Тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін қаражат бөлініп тұрады.  Биылғы жылы    1296,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушыларының жалақысына  - 817,0 мың теңге, тілдер саясаты бойынша өткізілетін конкурстар мен фестивальдер қатысушылары үшін сыйлықтар сатып алуға   –217,0 мың теңге, сонымен қатар, өзге тауарларды сатып алуға - 262,0 мың теңге бөлінді.
2013 жылы тілдерді оқыту орталығының ашылуы жоспарланып отыр.  Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілері мен бюджет қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді оқыту курстары жүргізілуде.  
Бүгінгі таңда  Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік тілді оқыту үшін 8 топ құрылды: 5 бастауыш, 3 – жалғастырушы топтары.   Курс тыңдаушыларының жалпы саны 89 адамды құрайды, оның ішінде бастауыш топта – 46,     ал жалғастырушы топта – 43 адам оқиды. 
Қаланың барлық мәдениет мекемелерінде екі тілдегі іс жүргізу жағдайы тексерілді. Негізімен маңдайшалар, ақпараттық стенділер, ғимараттардың ресімделуі Қазақстан Республикасының «ҚР тіл туралы» Заңының талаптарына сай келеді.  Екі тілде ісшаралар, оның ішінде тіл саясатының насихатына қатысты ісшаралары да өткізіліп тұрады. 
    ҚР «ҚР тіл туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен жаңадан салынып жатқан нысандардың, билбордтар мен маңдайшалардың жобалары олардың атауларын жазудың дұрыстығы тақырыбына қаралып, тексеріліп келісіледі.  Атап айқанда,   2012 жылдың басынан бері года  было рассмотрено и согласовано около жаңадан салынған 203 нысанның жобасы, оның ішінде 83 билборд тексерілді. 
  Сондай-ақ, қолданыстағы нысандардың да атаулары тексеріліп тұрады, ал оларда стилистикалық және орфографиялық қателер айқындалған жағдайда, нысан иелеріне сол қателерді түзету үшін жазбаша ұйғарым тапсырылады.       
Сонымен бірге, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен тіл саясатын насихаттау бойынша біршама ісшаралар өткізілді, атап айтқанда, «Күміс бұлақ» ұлттық мәдениет фестивалі,  мемлекеттік тілді білуге арналған «Өлең – сөздің патшасы» қалалық конкурсы, «Даналар сөзі-ақылдың көзі» атты қалалық конкурсы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған ұлттар фестивалі, «Сүйем сені, туған Отаным» тақырыбына мемлекеттік тілдегі ең үздік мектеп шығармасы» қалалық конкурсы, мектеп және мектепке дейінгі мекемелері арасындағы «Ең үздік қазақ тілі кабинеті» қалалық конкурсы.

 

«Теміртау қаласының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы
У.Ақыбаев


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 324.27
  • Euro 398.27
  • Рубль 5.73
Теміртау-13°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 80%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ