ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе ғылыми дәрежесінің болуы; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

бастап

дейін

Е-R-1

109.548 теңгеден

147.986 теңгеге дейін

 

101406 Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары 12 үй, № 45 кабинет, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды. Анықтама телефондары (7213) 92-25-24, факс 92-25-24 электрондық пошта tmr_okr@krg.gov.kz,

1.«Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту» ММ басшысы(1 бірлік, Е-R-1 санаты).

Функционалдық міндеттері:

- Қаланы дамыту, тұрғындардың тіршілігін жақсарту жөніндегі мәдени және әлеуметтік бағдарламалар, жоспарлар дайындау және бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету. Мәдениет құрылымдарының қызметін үйлестіру. Қаладағы әлеуметтік-мәдени үрдістерді басқару. ҚР Заңдарының, ҚР Үкіметінің қаулыларының, ҚР Президентінің Жарлықтарының, Қарағанды облысы әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, Теміртау қаласы әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету. Ұйымның қызметін ақпараттық талдауды, ұйымдастыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Ішкі тәртіпке сәйкес қала әкімінің қызметтік жұмысын құжаттамалық және басқадай да қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар (Е-R-1 санаты бойынша):

Білімі – жоғары мәдениет және өнер мамандығы бойынша немесе гуманитарлық филология мамандығы бойынша. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы, «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұраны пайдалану және қорғау туралы» Заңдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 742-13-23.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz


Жаңартылған: 01.02.2017 15:42
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.71
  • Euro 411.53
  • Рубль 5.38
Теміртау19°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 711мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 35%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ