ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасуға конкурс өткізу туралы

хабарландыру

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-5

49 969

67 906

  1.  

    «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Теміртау қаласы, Чайковский көшесі 22, анықтама үшін телефон (87213) 918980, факс 916514, электрондық адресі Sobes_temirtay@mail.ru) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды:

    1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының жетекші маманы (№2-1-2, Е-R-5 санаты) – 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері:

    Азаматтарға жұмыспен қамту мәселесі, мамандық таңдау, еңбек күнінің тәртібі, мамандыққа оқыту және қайта оқыту жөнінде кеңес береді. Әлеуметтік серіктестік мәселесі бойынша құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бос жұмыс орындары бойынша «Рынок» ақпараттық базасын жаңарту жұмысын жүргізеді. Жұмыспен қамту, оқыту және қайта оқыту мәселелері бойынша мәліметтерді жасайды, рәсімдейді және жоғары тұрған органдарға белгіленген уақытта есеп береді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік жұмыс мамандығы немесе эканомикалық білім; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

    «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жоспарлау және қаржыландыру секторының жетекші маманы (№5-1-2, Е-R-5 санаты) – 1 бірлік.

     

     

    Функционалдық міндеттері:

    Бөлім қызметкерлерінің, қоғамдық төленетін жұмыстағы, жұмыссыз азаматтардың және жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысын есептеп шығарады. мемориалдық ордерлерді жасау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Зейнетақы аударылымдарына, әлеуметтік аударылымдарна есеп жүргізу және барлық салық түрлерінің уақытында аудару.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жжұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

    Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуді «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

    Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 87212 42-13-23.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz

    Құжаттарды қабылдау мерзімі 15.08.2013ж.-28.08.2013ж.

     


Жаңартылған: 01.02.2017 15:43
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 326.17
  • Euro 401.25
  • Рубль 5.31
Теміртау17°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 42%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ