ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімінің аппараты ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім;  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

бастап

дейін

Е-4

59.579 теңгеден

80.720 теңгеге дейін

  101406  Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары 12 үй, № 45 кабинет, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды. Анықтама телефондары (7213) 92-25-24, факс 92-25-24 электрондық пошта tmr_okr@krg.gov.kz,
1.«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММтұрғын үй- коммуналдық бағдарламаларды бақылаубөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 8-1-1, Е-4 санаты). 
         Функционалдық міндеттері:
- тұрғындарды, жылу, энергия, газбен қамтамасыз ету  бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмысын үйлестіреді;
- құбырлардың, магистральдық және квартал ішіндегі жүйенің техникалық жағдайын бақылайды;
- жүйелердің жағдайын, күрделі және ағымдағы жөндеудің уақытылы өтуіне бақылау жасайды;
- қызмет көрсетушілер мен тұтынушылардың өзара әрекеттестік мәселелерін шешеді;
- қаланы қамтамасыз ету бойынша күнделікті мәліметтер жинақтайды, тұрғындарды жылумен, ыстық сумен, электроэнергиямен қауіпсіз, тоқтаусыз қамтамасыхз ету, бір көзі екінші көзбен алмастыру бойынша жедел шешім қабылдайды;
- көрсетілетін қызметтін сапасына бақылау жасайды;
- жылу көздері КАРГРЭС-1 мен 2-ЖҒО жұмысына басшылық жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.
Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру  бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 9 – 20 қыркүйекке дейін мына мекен-жайда: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары 12 үй, № 45 кабинет, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ. Анықтама телефондары (7213) 92-25-24, факс 92-25-24 электрондық пошта tmr_okr@krg.gov.kz


Жаңартылған: 01.02.2017 15:40
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 366.86
  • Euro 424.49
  • Рубль 5.60
Теміртау0°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 74%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ