ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орнына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығы сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 10.01.2008 ж. № 5084 тіркелген.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы
            (теңге)

Санаты

 Қызмет өткерген жылдарына байланысты
лауазымдық еңбекақысы

бастап

дейін

Е-R-4

56 375

76 235

         «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ (101406,  Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12 үй,  анықтама телефон: 8(7213) 92-25-24, факс: 8(7213) 92-25-24; электрондық пошта: tmr_okr@krg.gov.kz) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
      1.«Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттің атқарылуы жөніндегі секторының бас маманы (1 бірлік, № 5-1-3, Е-R-4 санаты  2016 жылдың 5 ақпанына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне). 
         Функционалдық міндеттері: Кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің жылдық болжам сомасын қалыптастыру. Түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты. Қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау.
         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:       
          Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін,  «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.
     2.«Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру жөніндегі секторының бас маманы  (1 бірлік, № 5-1-1,  Е-R-4 санаты):
         Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу бағдарламалары бойынша орындалған жұмыс көлеміне бақылау жасайды. Қала жолдарының жұмыс істеп тұруын, туыстары жоқтарды жерлеу, жерлеу орындарын күтіп ұстау, елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасайды. Бюджеттік өтінімдерді есепке алу үшін ақаулы тізімдемелерді жасайды.
         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –техникалық немесе автокөлікті тасымалдауды, қозғалысты және көлікті қолдануды ұйымдастыру мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.
         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.          Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы жіберген құжаттар қабылданады.         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.          Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Жаңартылған: 01.02.2017 15:40
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ