ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Хабарландыру  «Спутник» газетінің  2012 жылғы  22 наурыздағы 12 нөмірінде жарияланған.
Құжаттар 2012 жылдың 22 наурызынан 6 сәуірге  дейін қабылданады.

Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға
орналасуға конкурс жариялау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы біліктілік талаптар:
Е-4 санаты үшін: Білімі - жоғары кәсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем  емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның  функционалдық бағытына  сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лаузымдық жалақысы:

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңгемен)

Е-4

59.579 теңгеден

80.720 теңгеге дейін

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ, 101406, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары 12 үй, №45 кабинет, анықтама телефондары, факс (7213) 92-25-24, әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Мемлекеттік- құқықтық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты бойынша) – 1 бірлік № 5-1-2:
Функционалдық міндеттері:
- нормативтік құқықтық акті жобаларына және әкім аппаратының басқа да құжаттарына қол қояды, нормативтік  құқықтық акті жобаларының және әкімнің және оның орынбасарларының қарауына ұсынылған басқа да құжаттардың  қолданыстағы заңнама талаптарына сай келуіне тексеру жүргізеді,  түрлі комиссияларға құқықтық жағынан көмек көрсетеді олардың жұмысына қатысады;
- әкім аппаратының жұмысшыларына құқықтық мәселелері бойынша түсініктеме және қеңес береді,  әкімдіктің құқықтық мәселелері қарау кезінде әкімдік мүддесін сотта, прокуратура да және басқа да органдарда белгіленген тәртіпте қорғайды, әкім аппаратына, әімге және әкімдікке берілгенқуытымдармен жұмыс істеіді сотқа куыным материалдарын дайындайды, сот процессіне қатысады;
- тіртіптік әрекет актілері бойынша қызметтік тексеру жүргізеді, жалпыға міндетті құқықтық оқыту сабақтарын ұйымдастырады, әкімнің, әкімдіктің, әкім аппаратының нормативтік және басқа да құқықт;ық актілерін мониторинг жүргізу, үйлестіреді және жүргізеді. ҚР заңнамаларын насихаттау бойынша жыл сайынғы шаралар дайындайды, әкім аппаратында жалпыға міндетті құқықтық оқытуды ұйымдастырады, әділ қазылар алқасына үміткерлер тізімін дайындайды. 
Бөлім бастығының тапсырмасы бойынша бөлімнің басқа да міндеттері мен қызметтерін орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар (Е-4 санаты бойынша):
            білімі – заңгерлік.
     - Тестілеу бағдарламасына енгізілген нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін»,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), «Мемлекеттік басқару органдары және ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен мекемелердің заң қызметі туралы» Ереже, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын білу. Компьютерде жұмыс істей білу. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындауға қажетті басқа да міндетті білімі болу керек. Компьютерде жұмыс істей білу.
Конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында (22.06.2001 ж. “Егемен Қазақстан”, 23.06.2001 ж., “Казахстанская правда” газеттерінде) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің сайтында www.kyzmet.kz жарияланған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің қағидасы негізінде өткізіледі.
Тестілеуге жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң, бес  жұмыс күнінің ішінде белгіленген тәртіппен Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 39 мекен-жайындағы Қарағанды қаласындағы аймақтық дистанциялық тестілеу орталығында өтеді.
Бос лауазымға (Е-4 санаты) орналасуға үміткерлер үшін тестілеу бағдарламасы:
1) мемлекеттік тілді білуге арналған тестіні;
2) ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілерді: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының   «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, ҚР Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін білуге арналған тестілерді қамтиді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер аталмыш конкурс бойынша тестілеу өткен соң одан 5 жұмыс күннің ішінде Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары – «Спутник» газетіне жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары 12 үй № 45 кабинет.
Анықтама телефоны: (7213) 92-25-24
Факс: (7213) 92-25-24.

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ


Жаңартылған: 01.02.2017 15:42
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ