ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды жұмыспен қамту секторының жетекші маманы

Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  жұмыспен қамту секторының жетекші маманы -
бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға
КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2012 жылғы  25 мамырдан бастап 2012 жылғы 8 маусымға дейін қабылданады.

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-R-5 санаты үшін:
Білімі – жоғары немесе орта кәсіптік.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген
жылдарына байланысты (теңге)

 

ден

дейін

E-R-5

49 969

67 906

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (101400, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй, анықтама телефондары: 91-89-80, факс: 91-65-14) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Жұмыспен қамту секторының жетекші маманы (E-R-5 санаты бойынша)  1 бірлік №2-1-2
Функционалдық міндетттері:
Жұмыспен қамту, мамандық таңдау, еңбек тәртібі, кәсіби оқыту бойынша кеңес беру.  Әлеуметтік серіктестік мәселелері бойынша түсініктеме-құқықтық жұмыстарын жүргізу.
Кәсіпорындарда еңбек жарақатын және кәсіптік аруын алған азаматтардың талаптарын кері қайтуына бақылау жасау. Жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамту үшін түрлі меншік нысанындағы жұмыс берушілермен келісім шарттар жасасу. Семей полигоны бойынша азаматтарды қабылдау және біржолғы жәрдемақыны тағайындау, сондай-ақ өз ісін ашу үшін жұмыссыз азаматтарға материалдық көмекті тағайындау үшін комиссияның қарауына материалдарды (құжаттарды)  дайындайды. Еңбек қатынастары жөніндегі азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар (E-R-5 санаты бойынша):
білімі- экономикалық немесе әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша.
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентiнiң      2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидалары), Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», «Әлеуметтік әріптестік туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын білуі керек. Компьютерде жұмыс істей білуі. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында (22.06.2001 жылғы «Егемен Қазақстан» және 23.06.2001 жылғы «Казахстанская правда» газеттерінде) 29.06.2005 жылғы және 30.06.2005 жылғы енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің: www.kyzmet.kz сайтында жарияланған «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу Қағидасы» негізінде өткізіледі.
Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды тапсыру мерзімі біткеннен кейін бес жұмыс күнінің ішінде Қарағанды қаласының аймақтық дистанциялық тестілеу орталығында (Бейбітшілік гүлзары, 39)  белгіленген тәртіппен өтеді.
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге     E-R-5 санаты бойынша арналған тестілеу бағдарламасы:

  1. Мемлекеттік тілді білуге арналған тестіні.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілер: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намысы кодексін қамтиды.

Үміткерлер тестілеу рәсімінен өткеннен кейін бес жұмыс күннің ішінде «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында - «Новый Теміртау» газетінде жарияланған мезеттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекен-жай бойынша: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Чайковский к-сі, 22-үй, №5 кабинетке тапсырылуы тиіс. Анықтама үшін телефондар: 8(7213) 918980, 916514.
Конкурсқа қатысуға кеткен шығындарды (тестілеу немесе әңгімелесу орнына келіп-кету жол ақысы, тұруы, байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалану) конкурсқа қатысушылар өз қаражаты есебінен төлейді. Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғалар үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Хабарландыру 2012 жылғы 25 мамыр №21 газетінде«Новый Теміртау»  жарияланды.


Жаңартылған: 01.02.2017 15:43
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 366.86
  • Euro 424.49
  • Рубль 5.60
Теміртау0°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 74%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ