ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу туралы 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Өтініштер 2012 жылдың 2 тамызынан 17 тамызына дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-4 санаты үшін:
Білімі - жоғары кәсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салада екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
 


Санаты

Қызмет атқарған жылдарына байланысты                            лауазымдық жалақысы (теңге)

Е-R-4

56376

76235

«Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, (101401, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 12-үй, № 3 бөлме, анықтамалар үшін телефон, факс (7213) 91-23-65, 98-14-14) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға  конкурс жариялайды.

Бас маман (бухгалтер) (1 бірлік, № 1-5, Е-R-4 санаты бойынша)
Функционалдық міндеттері:

  • мекеме жүзеге асыратын барлық шаруашылық үрдістер бухгалтерлік есеп готта бақыланады және бейнеленеді.
  • белгілі бір мерзімде бухгалтерлік есепті жасау.
  • бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру мен есептердің жеке жоспарын жасап басшымен келісуге ұсынуға;
  • штаттық кестені жасауға;
  • жоғарғы тұрғын ұйымдарға, қаржы бөлімі мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жедел мәліметтерді ұсынуға;
  • бастапқы құжаттарды қабылдау мен мемориалды ордерлерді жасауға;
  • қаржы бөлімі және қазынашылық аумақтық органдармен өзара қарым-қатынаста болуға;
  • мемлекеттік мекеменің материалдық құндылықтарының қыймылына жалпы бақылау жүргізуге;
  • статистика бөліміне есептер ұсыну   

конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар(Е-R-4 санаты бойынша):
Білімі –  экономикалық. 
Тестілеу бағдарламасына енгізілген нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясын білу қажет. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындауға қажетті басқа да міндетті білімі болу керек. Компьютермен жұмыс істей білу.
Конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында (2001 жылғы 22 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және 2001 жылғы 23 маусымдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2005 жылғы 29 маусымдағы және 2005 жылғы 30 маусымдағы өзгерістер мен толықтырулар) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігінің www.kyzmet.kz сайтында жарияланған «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасы» негізінде жүргізіледі.
Тестілеуге жіберілген үміткерлер, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң, бес жұмыс күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қарағанды қаласының Бейбітшілік бульвары, 39 мекен-жайдағы Қарағанды қаласындағы аймақтық дистанциялық тестілеу орталығында өтеді.
Е-R-4 санатты  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға  орналасуға үміткерлер үшін тестілеу бағдарламасы:
1)       мемлекеттік тілді білуге арналған тестіні;
2) Қазақстан Республикасының Коституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген , Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білуге арналған тестілерді қамтиды.
Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер аталмыш конкурс бойынша тестілеу өткен соң 5 жұмыс күннің ішінде «Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдары - «Спутник» газетінде жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 12-үй, № 3 бөлме мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс туралы хабарландыру «Спутник» газетінің 2012 жылғы 2 тамызындағы № 31 санында жарияланды.
Анықтамалар үшін телефоны: 8 (7213) 91-14-14.
Факс: 8 (7213) 91-23-65.

«Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жаңартылған: 01.02.2017 15:43
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 720мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ