ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Кадр жұмысының жағдайы және оны ұйымдастыру, Теміртау қаласы әкімі аппараты мен Теміртау қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды орындауы тура


Кадр жұмысының жағдайы және оны ұйымдастыру, Теміртау қаласы әкімі аппараты мен Теміртау қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды,  мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды орындауы туралы 2012 жыл бойынша ақпарат

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы №1654 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту  туралы» Қаулысы, Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 43/03 «Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штаттық санының лимиттері туралы» қаулысы, Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы №1/14 «Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы  және атқарушы  органдарының  штаттық санының лимиттері туралы» қаулысына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқарудың құрылымы бекітілді және қаланың жергілікті атқарушы органдарының штаттық санының лимиттері белгіленді.
Қалада 2012-2013 жылдары қалалық бюджеттен қаржыландырылатын 14 дербес мемлекеттік органнның жұмыс істеуі қарастырылған:

  • «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  • «Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  • «Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Теміртау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік  мекемесі;
  • «Теміртау қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.   
  •  «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық санының жалпы лимиті – 118 бірлік. Басшы лауазымдарды атқаратын әйелдер саны – 9 адам.
Мемлекеттік органдар өз қызметінде мемлекеттік мекемелердің бекітілген ережелерін басшылыққа алады. Барлық мемелекеттік органдарда конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, мемлекеттік қызмет өтілін анықтау  комиссиялары құрылып, жұмыс істейді. Барлық мемлекеттік қызметшілер ант қабылдаған.
Мемлекеттік лауазымға орналасу әкімшілік лауазымға қатысты  бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес  және мемлекеттік қызметке орналасуды реттейтін талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Барлық мемлекеттік органдарда конкурстар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүргізіледі.  Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жеке істерінде барлық қажетті құжаттар бар.
2012 жылы «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бос әкімшілік лауазымға орналасуға 3 конкурс жарияланды:

  • қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы;
  • мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы;
  • қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.

Қазақстан   Республиккасы   Президентінің   2004   жылғы  11  қазандағы
1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiнесәйкес 2012 жылы Қарағанды облысының аймақтық қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында қала әкімі аппаратынан қайта даярлау курстарынан 6 адам, біліктілігін арттыру курстарынан 3 адам даярлықтан өтті.
Дербес мемелекеттік мекемелерден 2012 жылы біліктілігін көтеру курстарына 13 адам қатысты.
2012 жылы «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді үйрену курстарына әкім аппаратынан 15 маман және басқа органдардан 31 маман қатысты.
Есеп беру кезеңінде 16 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды, оның ішінде:

  • өз еркімен - 9 адам;
  • аттестаттаудың теріс нәтижесіне байланысты – 2 адам;
  • басқа мемлекеттік мекемеге ауысқан - 4 адам;
  • зейнеткерлікке шыққан -1 адам;
  • қайтыс болған – 1 адам.

Дербес мемлекеттік мекемелер бойынша
ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Қарағанды облысы  бойынша басқармасының келісімімен әкім аппаратына басқа мемлекеттік органдардан:
- қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары  –
Ш.М. Мырзақасымова,

  • ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы  –

Ж.Ж. Жұмабеков.
Дербес мемлекеттік мекемелер бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Қарағанды облысы   бойынша басқармасының келісімімен басқа мемлекеттік органдардан ауысу жолымен қабылданған адамдар саны -1.
«Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы Р.Бажақбаева «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» ММ-ге сектор меңгерушісі лауазымына ауысты.
Бекітілген кестеге сәйкес 2012 жылы 22 мемлекеттік әкімшілік қызметші аттестаттаудан өту керек болатын. Оның ішінде 20 мемлекеттік әкімшілік қызметші аттаестттаудан өтті, 2 адам тестілеуден өтпеуіне байланысты қызметке сәйкес емес деп танылды, 2 адам аттестаттаудың теріс нәтижесіне байланысты  жұмыстан шығарылды.
2012 жылы тәртіптік жазаға 13 мемлекеттік қызметші тартылды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін – 1 адам.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінорындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің мәтіні жазылған стенді барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінген. Этиканы бақылау кітабына мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне азаматтардан шағым түскен жоқ. Сенім телефондары жергілікті газеттерде ай сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Барлық мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды жүзеге асыру мақсатында қабылданған басқа да нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9-бабы негізінде әкім аппараты мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері уақытында 2011 жылға табыс, мүлік және салымдар  туралы декларация өткізді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер заңнамада қарастырылған түрде жазбаша міндеттемелер қабылдады.

 

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы    М.Түсіпова


Жаңартылған: 01.02.2017 15:41
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 326.17
  • Euro 401.25
  • Рубль 5.31
Теміртау17°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 42%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ