ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніңдегі  агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент)  «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығына сәйкес, «Б» корпусының  мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді  тестілеу Департаментпен азаматтардың өтініштері негізінде өткізілетіндігін хабарлайды.
Тестілеу өтуге ниет білдірген азаматтар Департаментке төмендегі құжаттарды тапсыру тиіс:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. білімі туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін  түп нұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
  3. еңбек қызметін растайтын  құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін  түп нұсқаларынұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
  4. ЖСН жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сонымен қатар, егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты  бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Қолма - қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынылған құжаттар қарауға қабылданады.
Тестілеу үміткердің өтінішінде көрсетілген әкімшілік мемлекеттік лауазымының санатына сәйкес («Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келгенде) тестілеу бағдарламасы бойынша өткізіледі.
Департаментінің мекен жайы:
Пошталық индексі
100012
Қарағанды қаласы
Бейбітшілік даңғылы, 39
203каб.
анықтама телефондары:
8/7212/42-11-05, 42-13-23


Жаңартылған: 01.02.2017 15:42
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 366.86
  • Euro 424.49
  • Рубль 5.60
Теміртау0°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 74%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ