ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

ҚАУІПСІЗДІК ӘЛІППЕСІ


Өрт болған жағдайда өзін-өзі қалай ұстау ережесі

 

ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕР

Тұрғын үй секторында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі қаза болады. Сондықтан біздің кеңестерімізді тағы да оқыңыздар, керегі болар.

 

         Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 01 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерің қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды.

        Егер сіз түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып жатпағандығын тексеріңіз. Егер түтін подъезден келсе, дереу шаралар қолданыңыз. Не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз. Бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай тұруға болмайды. Ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса, төменге түспеңіз – 01 телефонына қоңырау соғыңыз.

 

      Осындай жағдайда адамның үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқа әкеліп соқтырады. Есікті жабыңыз, тесіктерді, желдету тесіктерді сулы шүберекпен жабыңыз да, өрт сөндірушілерді күтіңіз. Үйден шығуға тырыспаңыз (тек егер сіз бірінші қабатта тұрмасаңыз), тіпті лифтпен түспеңіз. Екі-үш баспалдақ аралығынан өтіп, жану өнімдерімен улануға болады, ал лифтті өрт кезінде кез келген уақытта сөндіріп тастауы мүмкін.

 Егер басқалар өрт сөндіру күзетін шақырған болса да, өзіңіз де телефон соғып, қай пәтерде отырғаныңызда хабарлаңыз. Бұл ақпарат рация арқылы өрт орнына беріледі және қажетті жағдайда өрт сөндірушілер сізге көмегін тезірек көрсетеді: әр пәтердің (қонақ үй бөлмелерінің) есігін бұзып ашқаннан гөрі нақты адреспен жүрген тезірек болады.

      Әрине, өрт біткенше пәтеріңізде отыруыңызға болады, тек егер сіз ағаш қалқалары, балқандары, желдеткіш қораптары жоқ қазіргі заманғы үйде тұрсаңыз. Әрине, әр есті адам ескертусіз авариялық шығулар қай жерде орналасқанын алдын ала байқайды. Бірақ қайғылы оқиғалар адамдардың көбісі экстремальды жағдайларда кірген жолымен құтқарылуға тырысатынын куәландырады.

 

      Оттан кейде өту қажет болады. Бірақ ол үшін от фронтының терендігін және одан арғы жолды білу керек. Егер сіз бәрін дұрыс есептесеңіз, онда мүмкіндігінше теріңізге от тигізбеуге тырысыңыз – бас киім, пальто киіп, көрпе жамылып, осының бәрін сулаңыз. Дем алмауға дайын болыңыз. Ойша барлық жолды өтіп шығыңыз, содан төрт аяқтап немесе еңбектеп шығатын жолға қарай жүріңіз. Отты жерден жүгіріп өтуге болады (жүгіру кезінде дем алмаңыз).

 

      Егер сіз есінен танып қалған адамды шығарсаңыз, оның үстін сулы шүберекпен немесе көрпемен жабыңыз. Адамның үстіндегі киім жанған жағдайда, оның жүгіруіне жол бермеңіз (от тез жанады), үстіне тығыз шүберекті жабыңыз, аса қажетті болса жығып құлатыңыз. Өрт сөндіргішті қолданбауға тырысыңыз, өйткені адамның терісі зақымданады.

 

       Тағы да бір қайталайық – тек басқа мүмкіндік болмаған кезде ғана түтінді жерден өтуге болады. Өрт кезінде түтін мен отпен қатар адамның қорқынышы да қауіпті екендігін әр өрт сөндіруші біледі.

 

        Егер сіз қолданған шараларға қарамастан, пәтерге немесе қонақ үйдің бөлмесіне түтін және ыстық кірсе, балконға шығып, құтқарушыларға белгі беру қажет. Сонымен бірге сіз алдын ала батареяға қол астындағы заттарды (мысалы,ақ жайманы немесе теледидар антеннасының сымын) байлап, ернеуге шыға аласыз. Байланған ай жаймалармен немесе арқанмен түсу қауіпті, бірақ кішкентай биіктіктен болады.

 

       Өрттен қорғанудың ең басты тәсілі - оның себебі өзіңіз болмау. Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті жүздеген өрт сөндіру командаларына қарағанда әр қаланы өрттерден көбірек сақтайды.

 

Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кепілдемелері:

 - ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;

- балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз, олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;

- қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;

- қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;

- бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;

- электр сымдарының жағдайын байқап жүріңіз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге үнемдемеңіз, электр қалқанында “жучок” қолданбаңыз;

- газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз, плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;

- шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды сақтамаңыз – бір пәтерден бірнеше қабаттарға барған тік өрттер болу оқиғалары белгілі;

- тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ адамдардан жабық болу керек; тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық жұмыстар (жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары) қауіпті – бұзушылық жағдайында өзіңіздің өрт қадағалау инспекторынан көмек сұраңыз.

 

Шынында, өрт – бұл ортақ бақытсыздық, егер өрт сөндірушілер жанған пәтерді бірден сөндірсе де, су бірнеше қабатқа ағып кетеді.

 

Айтпақшы, дамыған елдерде өрт сөндіргіш әр пәтерде және саяжайда бар. Азғантай өрт болған жағдайда сізде арнайы қорғану құралы бар екенін жанұяда барлығы біледі.

СІЗДІҢ ПӘТЕРІҢІЗ ЖАНҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Өрт сөндірушілер біріншіден 01-ге қоңырау соғып, балаларды және қарттарды шығарып, тек содан кейін өз күштерімен отты сөндіруді ұсынады. Бірақ әрекет ету вариантын орнында таңдауға болады, ал біз нақты техникалық сұрақтарды қарастырайық. Егер теледидар жанса, оны бірден электр желісінен сөндіріп тастау керек, содан кейін ғана артқы жағындағы желдеткіш тесіктерінен (бір жағында тұрып) сумен сөндіру керек, немесе от басқа заттарға тарамау үшін (мысалы перделерге) қалың көрпемен жауып, суға немесе өрт сөндіргішке жүгіру керек. Егер кинескоп жарылса, онда улы түтін қауіпті, сондықтан бөлмеде өзіңіз дем алмаңыз және басқаларға, әсіресе балаларға, ескертіңіз. Теледидарды перделерден 70-100 см кем емес ара қашықтықта орналастыруға кеңес береміз, оның үстіне жанғыш заттарды қою қауіпті. Розеткаға кедергісіз жол болу керек. Тағы бір маңызды шарт: егер теледидар бұзылған болса - әсіресе ол шытырласа, жанған резеңкенің иісі шықса, кенет өшіп қалса – ол өзімен өзі кетеді деп үміттенбеңіз. Тез теледидарды сөндіріп, шеберді шақырыңыз.

   Егер өрт пәтеріңіздің ішінде басталса, және сізде өрт сөндіргіш болмаса, қол астындағы тығыз матаны (сулы жақсырақ) және суды пайдалануға болады. Жанған перделерді жұлып тастап, аяғымен басу немесе ваннаға тастап, су құю керек. Осылай көрпелерді, жастықтарды сөндіруге болады. Терезелерді ашпаңыз, оттектің келуімен от одан да қатты жанады. Сондықтан жанып жатқан бөлмені абайлап ашу керек – от өзіңізге қарсы лап етуі мүмкін. Тоқ соғудан аман болу үшін, электр сымын сөндіру немесе су құю кезінде электрді сөндіріңіз. Пәтердегі өртті сөндірген соң, ештеңе бықсып жатпағанын тексеріңіз.

 Бірнеше маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, ал егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып,

пәтердент шығыңыз.

          Пәтерде ешкім қалмағанын біліп қана пәтерден шығыңыз. Әсіресе балаларды қарау керек: қорыққаннан олар шкафтардың ішінде, үстел, төсек астында, ванна, әжетхана бөлмелерінде тығылып, дауыс бермейді. Түтінделген бөлмеде жылжығанда өзіңіздің үйіңізде де адасып қалуыңыз мүмкін – осы қауіпті есте сақтаңыз. Сулы шүберектен демалыңыз. Мүмкіндік болса - өкпеңізді газқағармен немесе респиратормен қорғаңыз. Бірақ бөлмедегі оттектің мөлшері тез азаятынын ұмытпаңыз, газқағардан да есіңізден танып қалу мүмкін. Түтінделген дәліздерден еңбектеп немесе жорғалап өтіңіз – төменде түтін азырақ болады. Артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз. Адамдарды іздеуге арқанмен байланып шығыңыз, сізді біреу сақтандыру керек.

КӨЛІКТЕГІ ӨРТ

        Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.

 

        Өрт сөндірушілердің байқауы бойынша кей күндерде шетел көліктері ерекше жиі жанады. Кейбіреулер олардың біздің жолдарға икемделмегендігін кінәлайды (отын және электр жүйесі босайды), кейбіреулер отынның октан санын көбейтетін әр түрлі қоспаларды кінәлайды. Тағы бір түсіндірме бар – әдейіөртеу.

 

        Көліктегі синтетикалық материалдар былай жанады: анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан көп емес отыруға болады – бұл орташа мәліметтер.

 

        Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Айтпақшы, жүру кезінде өрт нақ капоттың астынан басталады, бірақ темекі қалдығынан отырғыштардың жану оқиғалары белгілі.

 

        Отты өрт сөндіргіштің газ немесе көбік ағысын жану ошағына және өрттің барлық алаңы бойынша бағыттап сөндіру керек. Тағы бір әдіс – біртіндеп кеңістікті ала отырып, оттың фронтын басу. Әрине, бірнеше өрт сөндіргішті қолданған тиімді, сонымен қатар кәдімгі өрт сөндіру құралдарының комбинациясы: құм, брезент, қар, су және т.б. Яғни мүмкіндік болса, өртті құю керек – сөндіру қарқындылығы өте маңызды. Осы уақытта өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпаңыз – қолдарыңыз бензинде, киіміңіз оның буымен иісі сіңген болуы мүмкін.

 

         Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.

 

         Гаражға мынандай шек қойылады:

 - күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;  

 - гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;  

 - қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;  

 - бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;  

 - пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге

тыйым салынады.

         Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті - өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек.

 

        Соңында тағы бір ескерту. Жол қозғалысы ережелерінде сөндірілген қозғалтқышпен ғана жанармай құюға болатыны ескертілмеген, бірақ бұл ережені әр жүргізуші біледі: тәжірибелі нұсқаушы жүргізуші куәлігін алудың алдында бір аппаратта бензин мен электрсымның қосылуы өте қауіпті екенін түсіндіруді ұмытпайды

 


 

Ал сіз ТЖ  қызметі туралы не білесіз?

 

Азаматтардың қорғалуын қамтамасыз ету қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының  сауатты және мұқият ұйымдастырылған жұмыс аса маңызды рөл атқарады, (ТЖ қызметтерінің). Ал сіз ТЖ  қызметі туралы не білесіз?

Бүгін Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымында қуатты күш, қандай қиындыққа тап болған жағдайда күнделікті, минуттық дайындығы ғана емес,  табиғи және техногендік апаттар өзгешеліктерін ескерту, талдау жасау, қарастыру, дамыту, апаттар сипаттағы қамтамасыз ету. Әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғалуын жағдай жасау ҚР ІІМ ТЖК қызметін басты міндеті болып табылады.

2016 жылдың өткен кезеңде Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің "112" пультіне халықтан 5025363 қоңырау түсті, авариялық-құтқару қызметтерімен 59291 құтқарылып қауіпсіз жерге көшірілді,  6274 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді  65073 шығу жасалды, 1762 адам ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушы мамандығы – әлемдегі ең қиын мамандықтың бірі. Құтқарушы келесі қасиеттерге тән болу керек, жылжымалы сатымен шапшан шығу, газ қағарды пайдалану, жылдам жүгіру, секіру, жақсы жүзу тағы сол секілді көптеген қасиеттерге ие болу керек.... Ең қиыны – адамдардың өмірін құтқару үшін, әр уақытта өз өміріңді қауіпке тігесін. Құтқарушылар шаршауды, қорқуды және қолымнан келмейді дегенді білмейді. Кез-келген уақытта ауа-райына қарамай, ыстық-суықты елемей, әрдайым озін отпен суға баруға дайын. Құтқарушыға адамдарды уақтылы құтқару, аман алып қалу мақсаты күн сайын қойылады

Бұл мамандықтың өкілдері жоғары психикалық, физикалық дайындығы, жан-жақты дамыған, кәсіптік білімі жетілген және құрылысшылар, технологтар, сәулетші мамандықтарын білу, жедел медициналық көмек көрсету, арнайы құтқару құралдарымен кез-келген жерде жұмыс аткара білу кажет.

Құтқару мамандығы – мейірбан жандарға лайық.

Мамандық таңдай білу адам өміріндегі ең маңызды кезен. Мамандықты дұрыс таңдай білу - адамды өзіне деген сенімділікті арттырып, өмірлік жетістіктерге жеткізеді. Мамандық таңдауда ең дұрыс қабылданған шешім, қызықты және сәтті омір сүруге әкеледі

            Теміртау қаласының ТЖБ–сы жалпы білім беру мекемелерінің түлектеріне, колледждердің студенттеріне, азаматтық қорғау саласында білім алу,  қызмет ету, құтқарушы болу үшін, ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына білім алуына болатындығы туралы айтады.  РК ІІМ ТЖК КТИ –на оқуға түсу сұрақтары бойынша  98-64-50; 98-59-50 мына тел хабарласуға болады. Біздің мекен жай:  Теміртау қаласы, Калинина көшесі 38 де орналасқан   МӨСБ - 22  №5, №6 кабинет. 

 

 

 

Балалардың отпен ойнауы

Дерлік барлық балалар оттың ықтимал қауіптігін толық көлемде сезімбей отырып оған аса қызығушылық білдірді.Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектердің іс-әрекеттерін, еңбектерін жиі қайталанады. Балалар үйде жалғыз қалғанкезде ұмтылу дербестік әсіресе байқалады. Балалардың біраз уақыт қараусыз қалдыруға бұған үлкендер әр түрлі мән-жайларға байланысты мәжбүр. Үйде жалғыз қалып, бала сіріңкемен ойнамауна, қағазды жақпауына, орманда бір рет көрген қолайлы алау жақпауына сенуге болмайды. Әсіресе, егер балалар жабық пәтерлерде немесе бөлмелерде қалғанында. Өрт болған жағдайда олар қауіпті үй-жайлардан сыртқа шыға алмайды.

Тентектік бұзақылыққа ауысатын жағдайлары жиі кездеседі. Ойын-сауық ұшін балалар үйлердің төбелері мен балкондар данжаңған қағаз "самолеттарды" тастайды, пошта жәшіктерін, пәтер есіктерін қаптамасының жағады, подъездың кіре берісіне түтіндету лақтырып, мүлдем ойламайды, мұндай ойын-сауыққандай салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Мәселен, 22.03.2017ж. Республика даңғылында №53/3 көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлердің бірінде жатын бөлмеде бүлдіршінді сіріңкемен қараусыз қалдырылған себебі бойынша өрт шықты, нәтижесінде матрац жанды, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Балалардың отпен ойнауынан өрт болдырмау үшін не істеу керек:

- балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтыныздар;

- өртқауіпсіздігі ережелерін сақтауына байланысты барлық жағдайлар даүлгі болыңыздар;

- сіріңкені балалар үшін қол жетімді орынға қалдырмаңыз;

- тұрмыстық электр аспаптарды. пешті, газ плитаныбалаларға өз бетінше қосуға руқсат берменіздер;

- балалардың алау жақпауының қадағалыздар;

- кішкентай балаларды үйден шығарда үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

- балаға қызықты бос уақытұйым дастырыңыз.

Теміртау қ. ТЖБ ӨМББ


Жаңартылған: 28.06.2017 16:57
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 335.24
  • Euro 395.82
  • Рубль 5.82
Теміртау6°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 45%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ