ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жадынама: көктем-жазғы өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі

Назар аударыңыздар! Кез келген жастағы әрбір адам зор қуанышпен және үмітпен күтетін, көктем-жазғы өрт қауіпті кезеңі келді. Алдағы еңбек демалысы, демалыс және мереке күндерінде табиғатта демалу, өз үйлерінің жанындағы учаскелердегі жұмыс – осының бәрі ұзақ қысты ұмытуға көмектеседі. Өкінішке орай кейбіреулер қар еріп, еріген қар суы кеткеннен кейін өрт шығу мүмкіндігінің күрт жоғарылайтындығы туралы ұмытып кетеді.

            Үй маңындағы,  саяжай учаскелеріндегі аймақтардағы құрғақ шөпті, қоқыстарды өртеу кезіндегі отты немқұрайлы, абайсыз қолдану көп жағдайда қасіретпен аяқталып жатады – іс жүзінде осы кезеңдегі өрттердің 50% дәл осы себептерден болады!

Жыл сайын көктемде және жазда пәтер, үй және қоқыс жинағыштардың өртенуі орын алады.

Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты азаматтардан өте сақ және мұқият болуын өтінеді!

Пәледен аулақ болу үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау және білу қажет:

· ауа райының тұрақты құрғақ, ыстық және желді жағдайында ошақтар жағып, өрт қауіпті жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.

· күн астында линзаға айналып, астындағы шөп тұтанғанға дейін күн шуағын шоғырландыратын бөтелкелерді, сынған шыныларды көшеде лақтырып тастамаңыздар.

· тұрмыстық электр, газ құрылғыларын және электр желілерін, пештерді дұрыс күйде ұстаңыздар және оларды қолданғанда қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.

· тұрмыстық электірлі аспаптарды желіге жалғанған күйде, жанып тұрған газды қараусыз қалдырмаңыздар және оларға қарауды жас балаларға тапсырмаңыздар. Балалардың отпен ойнауына қатаң түрде жол бермеңіздер.

Егер өртке жол беріліп қойса:

· 101, 112 телефондары бойынша тез арада өртке қарсы қызметке хабарласыңыздар.

· Шақыртуда өрттің орны, оның себебі және адамдар үшін ықтимал қаупі туралы нақты ақпарат болуы тиіс. Шақырған нысанның мекен жайын, нысанның атауын, нысанның орналасқан жері туралы басқа да мәліметтерді, ненің және қайда жанып жатқандығын, қай қабатта, адамдарға қаупі бар-жоқтығын, қабаттылығын, хабар берушінің тегін, телефон № айтыңыз.

· Өртті сөндіру үшін барлық қол жетімді тәсілдерді қолдана отырып (құм, су, жамылғыш, киім, өрт сөндіргіштер және т.с.с.), өртке тез әрекет ету керек.

· Ауа ағыны отты нәрлендіретіндіктен, есік және терезелерді жабыңыз.

· газ және электрді сөндіріңіз.

· Егер жалынды сөндіру мүмкін болмаса, адамдарды құтқарғаннан кейін газды баллолндарды, автокөлікті, барлық тез тұтанғыш заттарды шығарып тастаған жөн.

· Жаңадан оттегінің келуі жалынды күшейтетін болғандықтан, өртеніп жатқан үй-жайды ашқан кезде, өте мұқият болу керек.

· Егер түтін болған жағдайда бетіңізді жауып, еңкейе қозғалыңыз, қажетінше киіміңізді жақсылап сулап, басыңызды дымқыл орамалмен жауып алыңыз.

· Егер адамның киімі тұтанып кетсе, оның жүгіруіне жол бермеңіз. Оны жерге жығып, жапқышқа орап, үстіне молынан су құйыңыз. Егер киімі ендігі күйіп кеткен болса, қандай жағдай болмасын күйген адамды шешіндірмеңіз, денесінің зақымдалған бөліктерін таза матамен жабыңыз және жедел жәрдем шақырыңыз.

· Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік пәтер және үй иелеріне жүктеледі!


Жаңартылған: 28.05.2019 10:39
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.04
  • Euro 427.77
  • Рубль 5.88
Теміртау19°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 47%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ