ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңа жылдық іс-шаралар өткізу кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қағидасы

      Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалар мен ауылдардың сауда сөрелеріне пиротехника толтырылған. Фейерверктер, петардалар, зымыран, басқа да жарылғыш және атқыш "ойыншықтар" әрқашан балалар назарын қызықтырған және қызықтырады және де ересектер мен де, балалар мен де сатып алынады. Пиротехникалық бұйымдарды олақ және дұрыс пайдаланбау өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып өрт шығуына, осы қызықтар балалар мен жасөспірімдердің термиялық күйікке, түрлі жарақат алуына себепші болады.
      КЕЗ КЕЛГЕН пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу ықтимал қаупі бар. Сондықтан оларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезекте адамға байланысты.
Пиротехникалық бұйымдарды сатып алған кезде, міндетті түрде әр бұйымда болуы тиіс нұсқаулықпен танысыңыз. Егер ақпарат жоқ болса, онда бұл бұйым сертификатталмаған болуы мүмкін, және пайдалануға өте қауіпті. Пиротехникалық бұйымдарда сәйкестік сертификаты болуы тиіс, онда қауіптілік сыныбы көрсетіледі. Бұйымдардың жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Оны өндіруші өзі белгілейді, осы мерзімді ұзартуға ешкімнің құқығы жоқ.
Міндетті түрде бұйымның бұзылмағандығын, буып-түюнде ақаулықтар болмауын тексеріңіз (сырты, пілтесі).
Өзіңізді пиротехниканы пайдалану кезінде жарақат алудан сақтау үшін, осы немесе өзге де бұйымдарды қолдануда рұқсат етілетін  тұлғалардың жастық өлшемдері  көрсетілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң ұстанған жөн.
Ешқашан қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Егер пілтесі өшіп қалып немесе жанып кетіп, отшашу болмай қалған жағдайда                  БІЛІП ЖҮРІҢІЗ:
► онда бықсып жанатын бөліктерінің барлығына көз жеткізу үшін отшашуға (петардаға) жақындамаңыз;
► отшашудың (петарданың) жарылмайтындығына көз жеткізу үшін 10 минуттан кем емес уақыт күту керек;
► отшашудың (петарданың ) үстінен еңкейіп қарауға болмайды, барлық іс-әрекеттерді қолсозым жерден жасау қажет.
      ЕСТЕ сақтаңыз: Пиротехниканы жылыту аспаптарының (батареялардың, газ және электр плиталарының және т. б.) жанында сақтауға болмайды, тұтанғыш бұйымдарды шалбар, көйлек және күртешелер қалтасына салып жүруге болмайды. Пиротехниканы іске қосу сәтінде іске қосушы санаулы секундта қауіпсіз қашықтыққа (кем дегенде 10-15 метр) қашуы тиіс. Пиротехникалық бұйымдарды іске қосу кезінде нұсқаулықта көрсетілген аумақта ағаштар, тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар жоқтығына көз жеткізу керек.
      ТЫЙЫМ салынады: петардалар, отшашулар, зымыранды және басқа да бұйымдарды үй-жайлардың ішінде, балкондар мен лоджиялар, тұрғын және шаруашылық құрылыстардың жақын маңында, жаңа жылдық шырша жанында іске қосуға.
Фейерверктерді, петардаларды, түрлі зымырандарды іске қосуды, шартылдақтар жаруды, бенгал оттарын жағуды балалар мен жасөспірімдер тек ересектердің қатысуымен жасауы тиіс.
Өзіңізге және сізді қоршаған адамдарға зиян келтірмеңіз!

 


Жаңартылған: 14.12.2017 12:54
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 341.08
  • Euro 394.46
  • Рубль 5.37
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ