ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

МІНДЕТ АЙҚЫН – МАҚСАТ ОРТАҚ

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру басты мәселелердің бірі болып танылуда.

Елбасымыздың мемлекеттiк басқарушы органдардың алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi - мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы, ел экономикасының және әлеуметтік дамуының бірден-бір көрсеткіші.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі іспеттес. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде адам дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Атап айтқанда, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Облыс тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктердің ресми сайтында, жергілікті баспаларда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
және қызмет сапасын жетілдіру бойынша атқарылған шаралар мен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кеңес отырыстары, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері туралы ұдайы ақпарат жариялануда.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында тұрғындарды толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.

Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында заманауи жаңа технологиялар өмір мен өндірістің барлық саласына тиімді және орынды енгізілуде. Облыста жаппай азаматтардың жеке куәліктеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осыған орай, Елбасының алға қойған міндетін орындау мақсатында шалғай орналасқан елді мекендерде тұратын азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға қолжетімділігін арттыру және қызмет алуды біртабан жеңілдету аясында ауылдық округтерде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында картридерлер орнатылып жатыр.

Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қөрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа қарсы әрекеттікті азайта отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырады.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беруде.

 

 

МҚІжСЖҚІА Қарағанды облысы

бойынша департамент басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

ЖАНДОС СӘРСЕНОВ


Вернуться назад

Жаңартылған: 03.10.2018 11:32
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-10°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 89%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ