ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Әдеп нормаларының маңыздылығы

Департаменттің

мемлекеттік қызмет

саласындағы

бақылау

басқармасының

бас маманы Д. Абаеваның

 мақаласы

 

 

Әдеп нормаларының маңыздылығы

 

Отан отбасынан басталады демекші, мемлекет ұлттан құрылады. Алдымен, бүтін бір ұлт болып қалыптасу маңызды. Ал сол мемлекеттің мемлекеттік қызметін кәсіби деңгейіне жетуге ұлт жанашырлары септігін тигізеді. Мемлекеттік қызметтің жүйесін жете түсіну үшін елім деп еміренетін, ұлтым деп ұлықтайтын азаматтардың болғаны абзал. Бұл тұрғысында Елбасымыз Н.Назарбаев
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады деп келтірген болатын. Яғни қоғамның қай саласында болмасын көш бастау үшін, біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда
Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында атап өткеніндей, еліміз 2050 жылға қарай әлемнің дамыған отыз елінің қатарында болуы үшін мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру керек екендігін нақтылады. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін бақылау әрі қадағалау, сонымен қатар оны талап ету мемлекеттік қызметшілердің кәсіптілік деңгейін айшықтауға мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте және қызметтен тыс уақытта да жүріс-тұрысын, қоғамдағы іс-әрекетін қадағалап,
бір жүйелікті қажет ететін құжаттың болу маңыздылығын туындатты.
Бұл құжат, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту барысында ұсынылған Елбасымыздың жоспары негізінде қабылданған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі. Ұлт жоспарының 12-қадамы жаңа этикалық ережелерді енгізу деп айқындалды. Бұл жоспардың негізгі мақсаты мемлекеттік органға және мемлекеттік қызметшіге деген қоғам тарапынан сенімділікті нығайту, мемлекеттік қызметте моральдық-адамгершілік және мәдени қарым-қатынасты орнату, кейбір жағдайларда мемлекеттік қызметші тарапынан орын туындайтын әдепсіз әрі келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшi болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Сонымен қатар мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдындағы жауапкершілігін сезіне білуі тиіс. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің патриоты болуы керек.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші  сыбайлас жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, оның аталуына жол бермеуі,  қол астындағыларды кемсітпеуі және  қызметшінің барлығына  құрметпен қарауы тиіс.

Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да, Әдеп нормаларын қатаң ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметші сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін  қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған.

Сондай-ақ, еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдап, біреуді сын айтқаны үшін қудаламай және  мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалану нақтыланған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, оның қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшіге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі ол әр түрлі  адамдармен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы қызметін атқарады. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы
да адамға  нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек.

Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, белсенділік, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, ұстамдылық
пен үнемшілдік көргенділікті көрсетеді.

 «Рухани жаңғыру» аясында әр мемлекеттік қызметші аталған қасиеттерге
ие болса, мемлекеттік аппараттың едәуір алға шыққанын алдағы уақытта байқайтын боламыз.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады, - деген болатын Елбасымыз. Сол себепті ұлттық бағдарламаларды, мемлекеттік талаптарды, мемлекеттік қызметті іске асыруда біз барлық талаптарға сай болуымыз керек.

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірбиесін сала отырып, адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.


Жаңартылған: 11.04.2018 14:03
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 345.55
  • Euro 401.01
  • Рубль 5.45
Теміртау29°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 26%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ