ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

БЖЗҚ

Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) қолданысқа енгізілді.
Салық кодексінің 326-бабының 1)-4) тармақшаларына сай «БЖЗҚ» АҚ-дан жасалатын зейнетақы төлемдері ¬– төлем көзіне жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) салынатын табыс.
Зейнетақы төлемдері түріндегі табысына күнтізбелік жыл үшін 75 еселенген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде салықтық шегерім қолдануға құқығы бар тұлғалар:
1) Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сай:
• Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген тұлғалар;
• Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғалар;
• 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
• I, II, III топтардағы мүгедектер;
• мүгедек бала.
Жеке тұлғада Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын қолдану үшін бірнеше негіздеме болған жағдайда, табысты алып тастау осы тармақшада белгіленген табыс шегінен аспауы тиіс;
2) Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сай:
• мүгедек бала ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы ¬– мұндай әрбір мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін;
• «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған тұлға ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы ¬– мұндай әрбір тұлғаның өмір бойына;
• бала асырап алушының біреуі – асырап алған әрбір бала он сегіз жасқа толғанға дейін;
• асырап алушы отбасыға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған асырап алушы ата-ананың бірі – мұндай әрбір тұлға үшін асырап алушы отбасыға жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңіне.
Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының ережелері:
қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың аталған ұйымдармен еңбек қатынасында болуына орай;
асырап алатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғаларға Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес қолданылмайтынын айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы жоғарыда аталған тұлғалар санатының біріне кірген жағдайда, оған Салық кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-ға:
 салықтық шегерімдер қолдану туралы өтініш (табысты түзетуге немесе салықтық шегерім қолдануға өтінішке сілтеме);
 салықтық шегерімдер қолдану үшін негіздеме туындаған, тоқтаған немесе болған салықтық кезеңдер кіретін күнтізбелік жылға салықтық шегерімдер қолдану үшін негіздеменің туындауы сәйкес келетінін растайтын құжаттардың көшірмелерін және шолып шығу үшін түпнұсқаларын (ҚР резиденті жеке тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ-дан жасалатын зейнетақы төлемдеріне салық салған кезде жеңілдік қолдануға (табысты түзетуге) арналған құжаттар тізбесіне сілтеме) ұсыну керек.
Бұл ретте, ЖТС бойынша жеңілдікті растайтын құжаттар БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлға арқылы ұсынылатын болса, оларды нотариат куәландырады. Құжаттар пошта байланысы арқылы жіберілген жағдайда, ЖТС бойынша жеңілдікті растайтын құжаттарды, сондай-ақ табысты түзетуге немесе салықтық шегерім қолдануға өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады.


Кері қайту

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Считаете ли Вы, что в последнее время улучшился внешний облик нашего города? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау21°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 704мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ