ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

БЖЗҚ

«БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:
-  дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;
- электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;
-  Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;
- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз. 
- ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады. 
2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсілдері танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңселеріне келіп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулі түрде азайған. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.
Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.
Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілі Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелісте тұрғысы келмейтіндер саны бір жыл ішінде сәйкесінше 65 және 70 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екі қаланың экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.
Ел өңірлерінде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие. Бірінші орында Алматы қаласы, екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орында Қарағанды облысы келеді. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың ішінде сәйкесінше 30, 35 және 33 пайызға өсіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395  мың және 324 мың адамға жетті. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.
Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. 
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бір хабарлау тәсілі таңдалмаған  болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.
2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндіктері жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсіндіру науқаны жүргізілген болатын. Бірақ, соған қарамастан қазіргі уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзінді-көшірме алмайды. Оған себеп – олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсілін белгілемеген.
Қазіргі уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қорға өтініш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу тәсілі ретінде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тікелей хабарлау шараларын жүргізіп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыру және ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жіберілу үстінде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерін өзектендіру қажеттігі туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.        
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселеріне келіп өтініш жасау немесе өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен өзінің жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Өйткені ескі деректемелер Қордың өз міндеттемелерін орындауына кері әсер етеді.  
Ең танымал және заманауи хабарлау тәсілі – интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.


Кері қайту

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Считаете ли Вы, что в последнее время улучшился внешний облик нашего города? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау21°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 704мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ