ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«БЖЗҚ» АҚ 1418 қысқа нөмірін іске қосты

Алматы, Казақстан, 2016 жылғы 7 шілде – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар (алушылар) үшін байланыс орталығына  қоңырау шалатын 1418 - қысқа нөмірін іске қосты.
Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылары) күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қысқа әрі тез жатталатын нөмірді тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақ бойынша кеңес алатын болады.
Осы нөмірге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі қолжетімді.
1418 нөмірі қалалық телефоннан тегін қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының 8 800 080 11 77 нөмірімен қатар жұмыс істейтін болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz 


 


Жаңартылған: 25.11.2016 11:36
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 329.41
  • Euro 403.92
  • Рубль 5.84
Теміртау-16°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 82%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ