Көп ата аналар үшін олардың балалары жақсы білім алуы маңызды. Белгілі болғандай білім негізі – яғни екі жастағы баланы мектепке дейінгі мекемеге жіберуден басталады. Бұл күні сіз баланы әр бала бақшаға тұрғылықты жерінің тіркелуісіз жазуыңызға болады. Сіздің балаңыз жақын жердегі сіздің жұмыс орныңыз немесе нақты тұрғылықты жеріңіз бойынша балабақшаға баруына болады.
Бірақ бұл үшін күні бұрын мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру қажет. Сіз бұны уәкілетті органда, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жасауыңызға болады. Бұл үшін электрондық-сандық қолтаңбаны ресімдеу тіпті қажет емес. Тек қана ата анасының біреуінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі қажет.
Егер сізде үйде ғаламторға шығу мүмкіндігі болмаса, сіз ХҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету секторында қызметті рәсімдеуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл 10 минуттан аспайтын уақытты алады. Сіз баланың кезегі қалай жылжығандығы туралы электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне уәкілетті органнан кезектің нөмірі туралы хабарлама келіп түскеннен кейін білуге мүмкіндігіңіз бар.