ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Уақытша жерді пайдалану құқығына акт рәсімдеу

Саяжай немесе гараж үшін жерді пайдалану үшін акт қажет пе? Жеке қосалқы шаруашылығыңызды немесе фермерлік шаруашылығыңызды рәсімдеп жатырсыз ба? Бүгін біз сіздерге ХҚКО арқылы «Уақытша өтемелі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жерді пайдалану (жалға алу) құқыққа акт рәсімдеу және оны беру» меммлекеттік қызметін қалай алуға болатынын айтып береміз.
Қызмет ақылы көрсетіледі, оның құны жалға алу субъектісіне байланысты 1,9-дан 5,2 АЕК дейін түрленеді. Жетім блалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 18 жасқа толғанға дейін растау құжаттарын көрсеткенде қызмет ақысыз көрсетіледі.
Егер сіз жерді жалға алуды ресімдесеңіз, онда ХҚКО-да өтінішті толтыруыңыз қажет; жалға алу туралы шешімнен көшірмені беру; бекітілген жерқұрылысының жобасының көшірмесін; жер учаскесінің белгіленген шекарасы бойынша материалдардың көшірмесін; жалға алу шартының көшірмесі; төлегені туралы түбіртек; жеке куәлігі және сенімхатты (қажет болан жағдайда) беру. Жеке тұрғын үй құрылыс алаңына жер телімдерін орналастырудың жерқұрылысы жобасының болғаны кезде жерқұрылысы жобасының бөлігі нақты жерге беріледі және көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйыммен берілетін оның шекарасын белгілейтін материалдарды береді.
Егер сізге жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасын ауыстыру қажет болғанда аталған құжаттарға сәйкестендіру сипаттамасының өзгергені туралы шешімнің көшірмесін қоса беру қажет.
Жалға алу актісін ауыстырған кезде, сәйкестендіру сипаттамасының өзгерісі жоқ болғанда және жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасының өзгерісі жоқ болғанда жер учаскесіне құқықбелгілеуші құжаттың өзгергені кезде келесі құжаттар қажет: өтініш; қызметке төлем жасағаны туралы түбіртек жеке куәлігі және қажет болғанда сенімхат.
Өтемелі жерді пайдалану құқығына дайын актті  6 жұмыс күнінен кейін алуға болады. Құжатты қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді.
Айтқандай, қызметті тікелей қызмет беруші арқылы немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады.

 


Жаңартылған: 21.11.2016 17:09
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ