ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Әкімшілік құқық бұзушылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы №53 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
Берілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 61-бабына сәйкес ескіру мерзімін есепке ала отырып, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтама беруді қарастырады.
Ағымдағы жылдың 6 ақпан айынан бастап анықтама беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» - ХҚКО коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді беру жөніндегі бекітілген нысандағы өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басының сәйкестігін тексеру үшін);
- өкіл арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен жағдайда - нотариалды түрде расталған сенімхат.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезекке тұру арқылы көрсетіледі.


ҚР БП ҚСжАЕК Қарағанды
облысы бойынша басқармасы
 


 


Жаңартылған: 24.02.2017 17:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.12
  • Euro 409.67
  • Рубль 5.33
Теміртау26°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ