ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

Теміртау қаласы әкімдігінің 2013  жылғы 5 қыркүйек

    № 36/3   қаулысымен бекітілді                      

 

«Теміртау қаласының экономика және қаржы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

 

1.Жалпы ережелер

1. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының өз құзыреттілігі шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

            2. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мәслихаттың, әкімдіктің және Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдерінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

            3. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанында коммуналдық заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы жазылған елтаңбалық мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде есеп шоты бар.

          4. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

            5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес  осыған уәкілеттік берілсе, «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жергілікті атқарушы органның (Теміртау қаласы әкімдігі) атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болу құқығы бар.

            6. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреттілігіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдерді қабылдайды. Мекеменің ұйымдастырушылық-өкімдік және бақылау жасау қызметі Теміртау қаласының және Ақтау кентінің аумағына таралады.

            7. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

            8. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері және заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101400, Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 99-үй. 

         9. Мемлекеттік органның толық атауы:

            мемлекеттік тілде: «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

            орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел экономики и финансов города Темиртау».

            10. Осы Ереже «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.

            «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет атынан қала әкімдігі болып табылады.

            Мекеменің жұмыс құжаттамасында «Теміртау қаласының Э және ҚБ» ММ қысқартылған атауы қолданылуы мүмкін.

            11. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру  жергілікті (қалалық) бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер, «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда ондай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері     

         13. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қалалық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру, қалалық бюджеттік атқарылуын қамтамасыз ету және коммуналдық меншікті басқаруды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нәтижеге бағытталған қызметтер болып табылады.

14. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мыналар:

1) мемлекеттік салық-бюджет саясатын және инвестициялық саясатты, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимыл шеңберінде әзірлеу және іске асыруға қатысу, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) 5 жылдық кезеңге арналған қаланы дамыту бағдарламасын,  қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, үш жылға бюджеттік параметрлерді әзірлеу, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асыру арқылы  экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

3) бюджеттік инвестицияларды жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру;

4) қала бюджетін атқару саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешімімен бекітілген сома шегінде немесе түзетілген бюджет бойынша толық әрі уақтылы орындалуына бағытталған шараларды жүзеге асыру;

 5) қалалық коммуналдық меншікті оңтайлы және тиімді басқаруды, коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалауды қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен оған жүктелген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

 15. Мекеме заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

2) қаланың басқа мемлекеттік органдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен бірлесіп 5 жылдық кезеңге арналған Теміртау қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады, қаланы дамыту бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізеді және бағалайды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 101 «Аумақтарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық» туралы бұйрығы және № 100 «Жедел есептілікті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдестемелік нұсқаулықтар» туралы бұйрығы);

 3) атқарушы органдардың мәліметтерін жинау, қорытындылау және талдау арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу және әкімге және немесе қала әкімінің қадағалаушы орынбасарына және Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпарат дайындау;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Қазақстан республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Жолдауларын ескере отырып,  Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 5 жылдық кезеңге арналған жыл сайынғы болжамын жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен олардың  құзыретіне енетін блоктар бойынша жылжымалы негізде және қалалық бюджеттің негізгі параметрлерінен тұратын 3 жылға арналған бюджеттік параметрлерді; қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын және жергілікті басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін әзірлеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы  № 1251 «Әлеуметтік –экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы);

5) қаланың салық комитетімен бірлесіп алдағы үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетін түсетін түсімдерді болжамдауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 306-тармағы);

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін жасау (Қазақстан Республикасы  2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV ҚРЗ Бюджет кодексінің 154-бабы);

7) инвестиция және инвестициялаудан кейінгі кезеңдегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін және бағалауды жүргізу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мәліметтерін жинау, қорытындылау және талдау арқылы бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы есепті жасау және Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыну (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы           27 маусымдағы № 861 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы);

8) қала әкімдігінің «Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 5 жылдық кезеңге арналған болжамын бекіту туралы» қаулысының жобасын жергілікті басым бюджеттік инвестицияларды қоса алғанда  әзірлеу және заңнамамен белгіленген мерзімде қала әкімдігінің қарауы мен бекітуіне ұсыну (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251  «Әлеуметтік –экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы);

9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерінің бағдарламалық құжаттарға, қаланың әлеуметтік экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына, мемлекеттік қызметтің қолданыстағы нақты нормалары мен стандарттарына  сәйкестігін қарау және олар бойынша қорытынды дайындау және қалалық бюджеттік комиссияның қарауына жіберу (Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІVҚРЗ Бюджет кодексінің 68-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы);

10) тиісті жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджет жобасын әзірлеу және оны қалалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыну (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы);

11) қалалық мәслихаттың Бюджеттік кодексте және Бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес «Кезекті жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджет туралы» шешімінің жобасын әзірлеу және оны қала әкімдігінің қарауына енгізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы);

12) белгіленген мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және  қалалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсына отырып, қала бюджетінің жобасын қалалық мәслихаттың қарауына ұсыну (Қазақстан Республикасы 2008 жылғы  4 желтоқсандағы №95-ІVҚРЗ Бюджет кодексінің 75-бабы);

13) қала бюджеті  қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілгеннен кейін 2 апта мерзімде мәслихаттың 3 жылдық кезеңге арналған қалалық  бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулының жобасын әзірлеу және қала әкімдігінің бекітуіне ұсыну. Қала бюджетін нақтылау кезінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен қала бюджетін әзірлеу және бекіту бойынша белгіленген талаптары сақталады (Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІV  ҚРЗ Бюджет кодексінің 79-бабының 1-тармағы, 109-бабының 4-тармағы);

14) қала әкімдігіне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы қаулысының жобасын әзірлеу және ұсыну. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттің нақтылануына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Бюджет кодексімен бюджетті әзірлеу және нақтылауда белгіленген талаптар сақталады ("Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығының 10-тармағы);

15) қалалық бюджетті жоспарлау, нақтылау және түзетуге қатысты құжаттарды, талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесі туралы» қаулысы);

16) қалалық бюджеттік комиссияның жұмыс органы бола отырып, бюджет жобасының уақтылы және сапалы әзірленуін және бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстардың әзірленуін қамтамасыз ету үшін ұсыну мерзіміне сәйкес қалалық бюджеттік комиссияның отырысына қалалық бюджетті бекіту және нақтылау бойынша және басқа мәселелер бойынша құжаттар пакетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынады (Қазақстан Республикасы               2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІV ҚРЗ Бюджет кодексінің 59-бабы);

       17) қала бюджетінің атқарылуын ұйымдастырады және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 7-тармағы);

18) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қала бюджеті бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді және Қазынашылық комитетіне ұсынады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабы);

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабының 1-тармағы);

20) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз биліктерінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген жиынтық жоспарын келіседі (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 3-тармағы);

21) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігін қабылдауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-бабының 2-тармағы;

22) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлданған жағдайда, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 42-тармағы);

23) жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодынан жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 411-тармағы);

24) қалалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының болжамы негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 310-тармағы);

25) қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттiк бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 312-тармағы);

26) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерiстер енгiзу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды және келiседi (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 348, 355-тармақтары);

27) ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген шекте ақшаны бөлу қажеттiлiгi немесе бөлу мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 423-тармағы);

28) қалалық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220  қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 564-тармағы);    

29) жинау, талдау және қаржыландыру жоспарлары жылдық сомаларының  айларға бөлінун бағалау арқылы жергілікті бюджет қаражаттарының игерілу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістердің негізділігінің мониторингісін, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтауды, бюджеттің атқарылуы туралы есепті  жасауды және бюджетті атқаруда бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайды (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 112-113-баптары);

30) жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, мемлекеттік органға бөлінген бюджеттік қаражаттардың игерілуіне  тұрақты бақылауды және мониторингті қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 95-96-баптары);

31) мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және бюджеттік өтінімін жасайды (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-67-баптары);

32)  коммуналдық мүлікті басқарады және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады; мемлекеттің коммуналдық меншік және мүліктік құқықтарды қорғау мәселелері бойынша мүдделерін білдіреді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағы, 18-бабының 2-тармағы);  

33) қалалық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы);

34)  қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы);

35) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және оларды пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органының серіктестіктің мүлкін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша мәмілелер туралы шешімдеріне келісім береді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 177-бабының екінші абзацының 7) тармағы);

36) қалалық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізеді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағы);

37) қалалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келіседі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасының 12-тармағы);

38) қаланың коммуналдық меншігін, соның ішінде, заңды тұлғаларға бекітілген, қаланың коммуналдық меншігіне жататын мүлікті есепке алуды жүзеге асырады; оларға түгендеу, тізімге алуды жүргізеді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 25-тармағы);

39) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22-тармағы);

40) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілеріне салық салу үшiн бағалау бойынша шараларды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Заңының 6-бабы);

41) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағы);

42) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлiк қоғамдардың өздерiне тиесiлi акцияларын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн иелiктен шығару туралы шешiмдер қабылдайды (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 7-тармағы);

43) Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру нысанының сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 24-тармағы);

44) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарайды, бекiтедi және осы Заңда көзделген жағдайларда келiседi (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 11-тармағы);

45)  қала әкімдігі құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 12-тармағы);

46) қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесiн) бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағы);

47) қаланың коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 9-тармағы);

48) Мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;

49) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

          16. Мекеме өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру және өзінің міндеттерін жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әкімге, қала әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;

2) әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын өз құзыреті шегінде дайындауға;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар мен  өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті, оның ішінде мемлекеттік мүлікті басқаруды толық және дұрыс талдауға қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

4) облыстық (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды сараптама жасау және кеңес алу үшін тартуға;

5) бюджеттік заңнамамен қарастырылған жағдайларда бюджеттік қаражаттарды кері қайтаруды қамтамасыз етуге және қаржыландыруды тоқтата тұруға;

6)   қалалық  коммуналдық  меншікті  иеленуге,  пайдалануға,  сонымен қатар, заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайларда, иелік етуге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

       Мекеменің міндеттері:

       1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау (Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы);

       2) коммуналдық мүлікті басқару (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағы);

       3) қалалық бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабының 2-тармағы).

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке қала әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.

       Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін өзінің құзыретіне сәйкес дара қағидаты бойынша қызмет етеді, Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді. 

19. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеме жұмысына басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын орындауға дербес жауапкершілікте болады;

2) өз орынбасарының және мемлекеттік мекеме секторлары меңгерушілерінің  міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады;

4) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және корупцияға қарсы іс-қимыл талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге дербес жауапкершілікте болады;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады;

6) өз құзыреттілігіне сәйкес бұйрықтар шығарады және мемлекеттік мекеменің секторлары туралы ережені бекітеді;

7) барлық мемлекеттік мекемелерде және басқа ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;

8) қала әкімінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;

 

«Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған қала әкімдігімен берілген мүліктерден құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ  мемлекеттік  мекеме теңгерімінде құны көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.  

«Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ Мекеменің өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы қалыптастырылады.        

23. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.

24. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен  өзгеше көзделмесе, «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті  және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражаттар есебінен сатып алынған мүлікті өздігімен иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету құқығы жоқ.

Мекеме таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшымен айқындалады.

                        25. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  заңнамамен   белгіленген  жағдайлар  мен   шектерде  коммуналдық мүлікке  иелік етуге құқылы.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26.  «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

           

 

«Теміртау қаласының экономика және

қаржы бөлімі»  мемлекеттік

мекемесінің басшысы   Б.Қонақаева

 

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 366.86
  • Euro 424.49
  • Рубль 5.60
Теміртау0°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 74%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ