ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Мемлекеттік органның өкілеттігі

 «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Департаменті  Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы» ММ.

 Мемлекеттік органның өкілеттігі
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныс енгізу;
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша халықты, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының бастықтарын дайындау бағдарламасын әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныс енгізу;
төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы лауазымды адамдар мен мамандарды, халықты оқытып-үйретуді ұйымдастыру және білімді насихаттау;
төтенше жағдайларда қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану және іс-қимыл жасау кезінде халықты және ұйымдардың басшыларын қорғану әдістеріне оқытып-үйрету;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелер әзірлеу;
Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс уақытына жоспар әзірлеу;
жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ халықтың орындауы міндетті Азаматтық қорғанысты дайындау және енгізу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешім қабылдау, әзірлеу;
ведомстволық бағынысты ұйымдардың жеке құрамын, Азаматтық қорғаныстың ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, халықты азаматтық қорғаныс бойынша дайындауды ұйымдастыру;
басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс күштерін дайындауды ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мүддесі үшін техникаға, қорғану құралдарына және басқа да
мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар, қажетті қауіпсіздік туралы хабардар етуді ұйымдастыру;
халыққа хабарлау және байланыс жүйелерін тез арада пайдаланудың ұдайы әзірлігін, оларды жарақтандыру және дамытуды қамтамасыз ету;
мониторинг жүйесін ұйымдастыру, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы халыққа және шаруашылық ету субъектілеріне хабарлау;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардағы қауіпті өндірістік объектілерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өртті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өртке қарсы күресте олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан елдімекендерде және объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде авариялар мен бақытсыз оқиғаларды тергеуді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру;
қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстарды, газ құбырларын және газ жабдығын, құбырларды, көтергіш имараттарды техникалық куәландыру жүргізуді мемлекеттік бақылауды және оларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге ұйымдардың әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иелерінің қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндетті орындауына және олардың заңнамада белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың аварияларды және олардың салдарларын жоюға әзірлігін, қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың салдарын тежеу және оны жою бойынша жұмыстарды бақылау;
егер өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген аварияларды жою жоспарында өзгеше тәртіп көзделмесе, қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың салдарын тежеу және жою бойынша жұмыстарды бақылау;
ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өртті сөндіру және қорғау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
меншік нысанына қарамастан авариялық құтқару қызметі және құрамаларының қызметін үйлестіру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, елдімекендерді және шаруашылық объектілерін қорғау бойынша перспективалы және ағымдағы жоспарлар мен оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу;
өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар, зілзала мен апаттарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
ізгілік акцияларды дайындауға, өткізуге қатысу және ұйымдастыру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды жасау және оны сотқа жіберу;
меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызмет жұмысын үйлестіру;
қауіпті өндірістік объектілерде сәйкестендіруге қойылатын негізгі талаптарды белгілеу, ұйымдар құрамындағы объектілерді қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызу;
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде өрт жөнінде анықтауды жүзеге асыру;
құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды  және жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдау өртке қарсы қызмет нормалары мен ережелерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысу;
лицензиярлардың сұратулары бойынша қойылатын талаптарға лицензиаттың сәйкестігі туралы зерттеу жүргізу және қорытынды беру;
алынып жатқан объектілердің олардың жобалау-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;
азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау, өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары бойынша іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің жұмысын, қысыммен жұмыс істейтін агрегаттарды, қазандықтарды, ыдыстарды, газ құбырларын және газ жабдығын, құбырларды, көтергіш имараттарды пайдалануды, субъектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған, сондай-ақ ұйымды, өндірісті, қауіпті өндірістік объектілерді салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындамаған кезде ішінара немесе толық тоқтату;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндіріс объектісінде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды, процестерді бұл бұзушылықтарды жойған кезеңге дейін пайдалануға тыйым салу.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.71
  • Euro 411.53
  • Рубль 5.38
Теміртау13°C
    11 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 710мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 55%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ