ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы» ММ

Мекен-жайы: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 7 ықшам аудан,   №55 үй, 30 пәтер,
байланыс және сенім телефоны: 98-91-00,
электронды мекен-жайы: e-mail: temirtau_m-gtu@minagri.kz
Басшысы- Буркутбаев Сабыржан Омарович.
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты - жұма күндері: сағат 15.00-ден- 17.00-ге дейін .
                                                                                                                                                                             
Мемлекеттік органның өкілеттілігі.
Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Инспекция өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады:
1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында заңнамалық тәртіпте анықталған ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін көрсету бойынша) және де ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтері туралы ақпарат алуға;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуды, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасын мүдделі тұлғаларға, оларға зерттеу жүргізу мерзімі туралы хабарлай отырып жүргізеді;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді;
4) жануарлар және адам денсаулығына қауіп төндіретін бақылаудағы объектілерді алуды және жоюды іске асырады;
5) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ұсынылған өкілеттіктер шегінде актілер шығарады;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қолайсыз пункттерінде жануар және адам денсаулығына қауіп төндіру анықталған кезде, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте алады және жояды, зиянды өнімдерді залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) немесе қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысады және анықталған деректер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;
7) соттың шешімінсіз жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметтерін тоқтатуға немесе тыйым салуға, айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын уақытта міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын беруге;
8) реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінеді және оларды қарауға қатысады;
10) реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және тізімі:                                                                                                                                                                         
1) Қазақстан Республикасы ішінде және шет елге шығарылатын   (тасымалданатын) объектілерге рұқсат беруді, Қазақстан Республикасының белгілінген заңнамалар ережесімен орындайды;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерді ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ