ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіпкешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы» ММ

Мекен-жайы: 101400,Карағанды облсы, Темиртау қаласы, 7 ықшам аудан,   № 55 үй, 30 пәтер, байланыс телефоны:  98-81-14 және сенім телефоны: 93-70-48,
электронды мекен-жайы  e-mail: temirtau_m-gtu@minagri.kz

Басшысы- Сартбаев Үсен Рүстембекұлы.
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты - жұма күндері: сағат 15.00-ден- 17.00-ге дейін .

Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындау үшін Мемлекеттік инспекторларға келесі өкілеттіктер беріледі:
1) тиісті аумақтарда мемлекттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырады;
2) белгіленген нысан бойынша фитосанитарлық есепке алуды жүргізу;
3) тиісті аумақтарда мемлекттік фитосанитарлық мониторингтің және фитосанитарлық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау;
4) астық сапасын сараптау жөніндегі аккредитациядан өткен зертханалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
5) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтату және (немесе) айыру туралы тиісті жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;
6) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) астықты астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеу кезінде сапасын анықтауға бақылауды жүзеге асырады;
8) астықтың, оның ішінде астықтың мемлекеттік ресурстарының сандық-сапалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады
9) тұқым шаруашылығы субъектілерімен алғашқы, элиталық және өнеркісіптік (жаппай) тұқым шаруашылығының схемалары мен әдістерін, уәкілетті органмен бекітілген тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды, оның ішінде сұрыптық және тұқымдық бақылауды сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;  
10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады;
11) аттестациядан өткен тұқым өндірушілердің қызметінің олардың біліктілік талаптарға сәйкестігіне инспекция жүргізуді жүзеге асырады;
12) аттестациядан өткен тұқым шаруашылығы субъектілерімен көрсетілетін қызметтердің сапасына тексеру жүргізу;
13) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым партияларынан үлгі алуды жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, кедергісіз (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика органдарында тіркелгені туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні көрсету арқылы) баруға:
- астықты өндіру, сақтау және қайта өңдеу орнына және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды алуға;
- тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша олардан ақпарат алуға;
15) аттестациядан өткен асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асылдандару жұмысы, оны есепке алу және есеп беру жағдайына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
16) субъектілердің асыл тұқым өнімдерін (материалдарын) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау шарттарының тиістілігіне мелекеттік бақылауды жүзеге асырады;
17) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестациядан өткен жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін, асыл тұқымды өнімдерді (материалдарды) өткізуді тоқтата тұрады;
19) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына мал жануарларын өсіру бойынша және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілген аттестаттың әрекетін тоқтата тұру, асыл тұқымды зауытты, асыл тұқымды шаруашылықты, асыл тұқымды орталықты және дистрибьютерлік орталықты егер олардың қызметтері Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда аттестаттарынан айыру туралы ұсыныс енгізеді;
20) селекция және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) өндірісі саласында жаңа технологияларды, құралдарды, жабдықтарды, материалдарды және биотехнологиялық әдістерді қолдануды мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; 
21) заңнаманың нормаларының орындалуын және өсімдіктер карантині жөніндегі Ережені сақталуын тексеру мақсатында, жеке меншік нысандарының барлық ұйымдарына кедергісіз баруға және тексеру жүргізуге, Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен, өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды алуға;
22) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімдердің үлгілерін алады;
23) карантиндік объектілердің ошақтарында және көлікте қажетті іс-шарларды жүргізу туралы талаптарды жеке және заңды тұлғаларға қою;
24) карантиндік режимді енгізу немесе оны алып тастауға байланысты карантиндік аймақты белгілеу туралы  жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ бұл аймақтарда өсімдік карантині бойынша іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлейді;
25) жеке және заңды тұлғалардың фитосанитарлық бақылау объектілеріне, олардың өсімдіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңының сақталуын тексеру мақсатында, Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте кедергісіз баруға;
26) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині туралы заңнамаларды бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту;   27) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктер.
тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу номерлерінің белгілерін, аталған көлік құралдарын және тіркемелерді, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуге алады;
29) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
30) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды: қарда жүретіндер, квадроциклдер және басқа да техникаларды жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді;
31) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды және куәлік беруді жүргізеді.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және тізімі:
1) жеке және заңды тұлғаларға фитосанитариялық  және карантиндік сертификаттарды, актілерді беру;

2) тракторларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді, жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды және куәлік беруді жүргізеді.

Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ