ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

ЖАРҒЫСЫ

«Теміртау қаласының жастармен жұмыс жөніндегі Орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ереже

1. «Теміртау қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) коммерциялық емес ұйым болып табылады, ұйымдық-құқықтық жағынан мекеме заңды тұлға мәртебесіне ие, ол жастармен, жастар ұйымдарымен жұмысты белсендіруді және олардың ағартушылық, кәсіби, рухани, мәдени қалыптасуына жағдай жасайтын қызметін үйлестіруді іске асыру мақсатында құрылған.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Орталық өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Жарғыға сәйкес іске асырылады.
4. «Теміртау қаласы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі орталықтың құрылтайшысы болып табылады.
5. Теміртау қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекеме кұру туралы қаулысы мен оның Жарғысы Орталықтың құрылтайшы құжаты болып табылады.
6. Орталықтың уәкілетті органы: «Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
7. Мемлекеттік тілде толық атауы: «Теміртау қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қысқартылған атауы: «Теміртау қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» КММ. Орыс тіліндегі толық атауы:  Коммунальное государственное учреждение «Центр по работе с молодежью города Темиртау», орыс тіліндегі қысқа атауы – КГУ «Центр по работе с молодежью города Темиртау».
8. Орталықтың заңды мекенжайы: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы,  Тәулсіздік гүлзары, 12.

2. Орталықтың заңды мәртебесі

9. Орталық мемлекеттік тіркелген кезден бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
10. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
11. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Орталық азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
13. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
14. Орталық өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауап береді.

3. Орталықтың мақсаты, міндеттері және құқықтары

15. Орталық қызметінің мақсаты; жастар ұйымдарымен жұмысты белсендіруді және олардың жастардың ағартушылық, кәсіби, рухани, мәдени қалыптасуына жағдай жасайтын қызметін үйлестіруді іске асыру.
16. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) аймақта  мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жұмысты іске асыруды, жастар мен жастар ұйымдарымен жұмысты белсендіруді ұйымдастыру;
2) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен аймақтық бағдарламаның орындалуы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық жастар бірлестіктерімен жастардың мәселелерін шешуде іс-қимылын әрекеттесу мен үйлестіру;
3) қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің жұмысын қамтамасыз ету, қала мен кенттерде жастар ісі жөніндегі Кеңестердің қызметін ұйымдастыруға ықпал ету және көмек көрсету;
4) ақпаратты-насихаттау, аналитикалық қамтамасыз ету жұмысы бойынша аймақта мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
5) жастарға қоғамдық маңызды жастар бастамашылығына, ақпаратты-ағартушылық, қоғамдық-мәдени, қоғамдық-саяси және басқа да шараларды өткізуге көмек көрсету;
6) жасөспірімдер клубы мен қоғамдық жастар бірлестіктерінің қызметінің жұмысын практикалық қызметін үйлестіруін ұйымдастыру;
7) жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
17. Орталықтың негізгі міндеттері мен қызметтерін шешуге қажетті Қазақстан Респубикасының заңнамасына, нормативтік пен құқықтық актілерге сәйкес құқық белгіленеді.
18. Өз іс-әрекетін жүзеге асыруды қамтамасыз ету барысында орталық құқылы:
1) үнемделген қаржыны Орталық директорының қарауы бойынша пайдалануға;
2) кеңселік және шаруашылық тауарларды алуға;
3) ғимаратты немесе бөлмені  жалға алуға;
4) қызмет барысында пайдалану үшін автокөлік сатып алуға немесе оны жалға алуға;
5) автокөлікті, ғимаратты немесе бөлмені жөндеуге қатысты шығындарды алдын – ала ескеруге.
19. Орталық директорының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Орталықпен басқару.

20. Осы Ережемен белгілеген уәкілетті орган жұмысына жалпы басшылық жасайды.
21. Уәкілетті органы  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталыққа мүлікті бекітіп береді;
2) орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) орталық мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
5) орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, еңбек занына сәйкес оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
6) мемлекеттік органдар болып табылатын орталықты қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
7) жылдық қаржылық есепті бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Осы Ережеге сәйкес конкурс нәтижесінің негізінде уәкілетті органның басшысы орталық директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
23. Орталықтың директоры мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады  және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
24. Орталықтың директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
25. Орталыктың қызметтін жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда орталықтың мүддесін қорғайды;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банкте шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы  тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Орталық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) Өзіне Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және тиісті саланың уәкілетті органы жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

26. Орталық мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталық мүлкі мыналардан:
1) оған меншік иесі берген мүліктен;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
27. Орталық мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен смета қаражаты бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28. Орталықтың қызметі тиісті саланың уәкілетті органының бюджетінен немесе осы Ережеде сәйкес жергілікті атқарушы орган бюджетінен қаржыландырады.
29. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті береді.
30. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия жүріз және тексеру Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті саланың уәкілетті органы  жүзеге асырады.

6. Орталықтың жұмыс тәртібі

31. Орталықтың жұмыс уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері, сағ. 09.00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі – демалыс күндер.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

32. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Теміртау қаласының
жастармен жұмыс жөніндегі орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
директорының м.а.
А. Абдрахманова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 366.86
  • Euro 424.49
  • Рубль 5.60
Теміртау0°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 74%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ