ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

  1. «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және  мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс және қала әкімдерінің, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының шешімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  Қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5.  Егер заңнамаға сәйкес  осыған уәкілеттік берілген болса, бөлімнің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болу құқығы бар.
  6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
  7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Бөлімнің заңды мекенжайы: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12.
  9. Мекеменің толық атауы:

қазақ тілінде: «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел внутренней политики города Темиртау».
Мекеменің жұмыс құжаттамасында қысқартылған атауын пайдалануға болады:
қазақ тілінде: «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ;
орыс тілінде: ГУ «Отдел внутренней политики города Темиртау».
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшылық  құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің  бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімдерге кәсіпкерлік субъектілерімен «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Бөлімнің миссиясы – қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтық конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға және қалалық деңгейде қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды топтастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы.
Миссия жоспарлаудың басқа кезеңдеріне негіз болады, бөлім қызметінің  белігілі бір жоспарлау кезеңіндегі аясын айқындайды және оның күнделікті жұмысына жол сілтейді.
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың қызметкерлерін Бөлім құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту;
2) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік  егеменділікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды топтастыру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу;
3) қала әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау, Бөлімнің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
4) өз құзыреті шегінде баспасөз өнімін шығарумен шұғылдану;
5) жүргізуінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
6) жергілікті деңгейде жастар саясатын және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша қалалық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
7) қаладағы қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерттеу, қорытындылау және талдау;
8) азаматтық даралықты, Қазақстан дамуының басымдықтарын қалыптастыру негізінде ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық негіздерді және тәжірибелік нұсқауларды, сондай-ақ қоғамды топтастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
9) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және политологиялық зерттеулерді жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала аумағында мемлекеттік рәміздерді және оларды дұрыс қолдануды насихаттау;
11) азаматтардың белсенді қатысуымен ұлттық, мемлекеттік және өзге меерекелерді, қоғамдық-саяси шараларды, атаулы және еске алу күндерін  өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды, жоспарларды және бағдарламаларды әзірлеу;
12) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау шараларын жүзеге асыру;
13) қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, жұртшылық өкілдерімен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақ ұйымдарымен, БАҚ өзара ынтымақтастықта болу;
14) қалада мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  облыс және қала әкімдігінің, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын іске асыру барысына бақылау жасау.
15. Функциялары:
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, жергілікті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіру, қаладағы қоғамдық-саяси жағдайдың, саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктер қызметінің мониторингін ұйымдастыру, талдау және болжамдау, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу жұмысы бойынша нұсқауларды әзірлеу және ұйымдастыру;
  2. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімдіктің қаулыларының, облыс, қала әкімдерінің, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
  3. республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін ақпараттық қамтамасыз ету;
  4. қалада мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын үйлестіру және іске асырылу барысына бақылау жасау;
  5. саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғаушы, діни және өзге қоғамдық ұйымдармен  байланыстарды жүзеге асыру, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер»   және т.б. өткізу;
  6. қаладағы мемлекеттік мекемелердің жұмысын ішкі саяси мәселелер бойынша стратегиялық, шұғыл, жедел және арнайы жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат саласында бірыңғай қалалық іс-қимыл жоспарын әзірлеу және келісу;
  7. қала әкіміне қоғамдық-саяси жағдай жөнінде талдамалық материалдар дайындау.
  8. ішкі саясат саласындағы оқиғалар қатары мен іс-қимыл жоспарын ескере отырып, мемлекеттік органдар басшыларының, қоғамдық ұйымдар көшбасшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтін сөздерінің медиа-жоспарларын әзірлеу және іске асырылуын бақылау;
  9. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық саясатты жүргізу мемлекеттік тапсырысын іске асыруды ұйымдастыру;
  10. қаланың өзекті ішкі саяси мәселелерінің жедел жария етілуін ұйымдастыру;
  11. үкіметтік емес жастар ұйымдарымен бірлесіп қаладағы жастар саясатын әзірлеу және іске асыру;
  12. қаладағы қоғамдық үдерістерді демократияландыруға бағытталған қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралардың өткізілуін идеологиялық қамтамасыз ету;
  13. мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның рәміздерді дұрыс қолдану және оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру;
  14. өз өкілеттігі шегінде қалада ішкі саясатты дамытуға көзделген қаржылық қаражаттардың тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
  15. бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;
  16. Бөлім құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  17. қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, кәсіподақтар және діни ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі туралы ақпарат мониторингісін жүргізу және талдау;
  18. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына атқарылған жұмыс туралы жүйелі есептілікті ұсыну;
  19. Қала мемлекеттік мекемелерінің Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметіне бақылау жасауды және үйлестіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік ішкі саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  20.  Ішкі саясат, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасында адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету және сақтау;
  21. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:
Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Бөлім  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

  1. мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрастыруға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін бөлім құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатыстыруға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
  2. қала әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға, Бөлімнің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;
  3. тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бөлім қызметі аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
  4. жергілікті деңгейде жастар саясатын және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша қалалық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
  5. жүргізуінде Бөлім қызметіне қатысты адам құқығын сақтау мәселесі және өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмекті көрсетуге;
  6. құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бөлім отырыстарын өткізуге;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Бөлім басшысы қызметке Теміртау қаласы әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

  1. Бөлім қызметіне басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты;
  2. Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;
  3. стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;
  4. Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды, міндеттерін белгілейді және қызметтен босатады;
  5. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді және тәртіптік жазалар қолданады;
  6. бұйрықтар шығарады және оларға қол қояды, Бөлім қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;
  7. мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде Бөлім мүддесін қорғайды;
  8. Бөлім басшысы сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы тұруға міндетті және Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, өзге заңдардың, заңға қарасты актілердің орындалуы үшін Теміртау қаласының әкімі алдында дербес жауапты болады;
  9. «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлім мүлкі оған меншік иесімен берілген мүліктен, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздерден  сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) құралады. 
21. Бөлім мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамамен  өзгеше көзделмесе, Бөлімнің оған бекітілген мүлікті  және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражаттар есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
23. Бөлімнің Осы Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес Теміртау қаласының әкімдігімен жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24.  Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ