ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Мекеменің міндеттері мен функциялары

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
негізгі міндеттері, қызметтері

1. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құқықтарға ие және міндеттер мен қызметтерді жүзеге асырады.
2. Мекеменің негізгі міндеттері:
1) жұмыссыздықты қысқарту және оны әлеуметтік деңгейде ұстап тұру, жұмысқа орналастыру, жұмысқа жарамды халықты қайта оқыту мен мамандық бағытын өзгертуге ықпал жасау болып табылады;
2) ұйымдарға қажетті кадрларды жинақтауға көмек көрсету;
3) қажетті хабарламалар  мен  консультациялар беру негізінде  жұмысты    немесе  еңбек  түрін  таңдауға, жұмысқа орналастыру мен кәсіптік оқыту мәселелері бойынша еңбек етуге жарамды халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4) еңбекті таңдауда азаматтар құқықтарын іске асыру, қызметті және мамандықты өз бетінше таңдауға жағдай туғызу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
5) азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыруда нәтижелі шаралар енгізу, оларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және басқа да әлеуметтік кепілдіктер беру болып табылады.
3. Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін келесі іс-әрекеттер тікелей атқарылады:
   1)жұмысқа тұру сұрақтары бойынша арызданған азаматтардың есебін жүргізу;
2) азаматтарға сай келетін жұмысты, сондай-ақ ұйымдарға меншік  нысанына  қарамастан қажетті жұмысшыларды таңдауға көмек көрсету;
3) жұмыссыздарды тіркеу және өзінің құзыры  шегінде оларға әлеуметтік қолдау көрсету;
4) жұмыссыздарды тіркеу және оларға жеке ісін ашу үшін материалдық көмек тағайындау;
5) ұйымдарға меншік нысанына қарамастан жаңа жұмыс орындарын құру мен халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге ықпал ету;
6) еңбек нарығындағы қажеттілік есебімен жұмысшы күшін кәсіптік оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру және өткізу;
7) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
8) әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін ұйымдастыру, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды жүзеге асыратын басқа да шараларды орындау;
9) Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың жұмыссыздар қатарындағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан  зардап шеккен азаматтарды есепке алу мен іс қағаздарының макеттерін дайындау және біржолғы ақшалай өтемақыны төлеу үшін ресімделген істердің үлгілерін ЗТМО Теміртаулық бөлімшесіне беру;
10) аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға жәрдемақыны уақтылы тағайындау және төлеу;
11) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға жәрдемақыларды тағайындау;
12) аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй күтімін, коммуналдық қызметтерді тұтынуды және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемдердің өсуіне байланысты байланыс қызметтерін төлеуге әлеуметтік көмек көрсету;
13) қайырымдылық қорлары арқылы аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
14) ардагерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған азаматтарды, көп балалы аналарды, жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдау саласында ұсыныстарды дайындауға қатысу және шараларды жүзеге асыру;
15) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша материалдық көмекті төлеу;
16) жалғыз тұратын ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға; жалпы ауру мүгедектері мен қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
17) Облыстық білім беру Департаментінің (ПМПК) жанындағы ведомство аралық психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсетуін ұйымдастыру;
18) арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
19) арнайы әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және халыққа ұсыну;
20) арнайы әлеуметтік көмекті ұсыну, сондай-ақ, медициналық мекемеден қортынды, тұрын үй және материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісінің негізінде әлеуметтік қызметкердің қортындысы бойынша қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаға (отбасыға) әлеуметтік көмекті ұсыну туралы шешім қабылдау мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдармен әрекеттестік жасау;
21) БАҚ, теледидар мен радиоларды кең қолдана отырып, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету мен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша халық арасында түсініктемелі жұмыс жүргізу;
22) кәмелетке толған қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті тұлғалардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қамқорлық органы ретінде әкімдіктің іс-әрекетін қамтамасыз ету;
23) «Тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесіне жолдаманы келесі санаттағы адамдарға беру:
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
- тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға;
- әлеуметтік байланысты жоғалтқандарға.
24) жоғары тұрған атқарушы және өкілетті органдармен табысталған Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген, сондай-ақ осы Ережеден туындаған басқа да қызметтерді орындайды.
 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ