ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ


«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ереже

  1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару қызметтерін іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
  2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы мен елтаңбалық мөрі және мөртаңбасы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін бекітілген үлгідегі бланкісі, Қазынашылық органында есеп шоты бар.
  4. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімдіктің 2005 жылғы 13 қаңтардағы №1/53 қаулысы негізінде «Теміртау қаласының еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Теміртау қалалық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне қосу, соңғы мемлекеттік мекеменің атауын «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзгерту арқылы құрылған және оған қосылған мемлекеттік органның барлық міндеттері, құзыры, штаттық саны және мүлігі берілді, ол аталған мемлекеттік мекеменің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша мирасқор болып табылады.
  5. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
  6. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаларға сәйкес, оған уәкілеттік берілген болса, Теміртау қаласының әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасауға құқылы.
  7. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте бастықтың бұйрығымен ресімделген шешім қабылдайды.
  8. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық саны Теміртау қаласының әкімдігімен бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ города Темиртау»;
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс құжаттарында атауы қысқартылып қолданылуы мүмкін:
қазақ тілінде: «Теміртау қаласының ЖҚ және ӘББ» ММ;
орыс тілінде: ГУ «ОЗ и СП города Темиртау».

  1. Осы Ереже «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  2.  «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
  3.  «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындауға жататын мәселелер бойынша шарттық қатынасқа енуге тиым салынады.
  4. Егер де «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда ондай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне аударылады.

 

2. Мемлекеттік органың борышы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттемелері

  1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің борышы: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. Міндеттері:
    1. Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру, жұмыссыздықты қысқартуға жәрдемдесу, жұмысқа қабілетті жұмыссыз халықты жұмыспен қамту, қайта оқыту, кәсіптік даярлау және қайта даярлау (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7,8-баптары);
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 21,22,23-баптары, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 39-бабы);
    3. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
    4. азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асырудың тиімді әдістерін енгізу, оларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен қолданыстағы заңнамада қарастырылған басқа да әлеуметтік кепілдіктер көрсету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдары).
  3. Қызметтері:

          1) осы  қызметтерді көрсету  стандарттарына сәйкес  халыққа  мемлекеттік қызмет  көрсету (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі  № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  2. тұрғын үй көмегін тағайындау (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  3. 18 жасқа дейінгі балалары бар  отбасыларға  мемлекеттік жәрдемақы тағайындау  (Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы  7  сәуірдегі    № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  4. үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  5. жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  6. мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  7. арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы);
  8. жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  9. мүгедектерді арнаулы қозғалу құралдарымен, протезді-ортопедиялық құралдармен, сурдо-тифлотехникалық құралдарымен, санаторлы-курорттық ем алумен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 9-бабының 5,6-тармақтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  10. атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға өтiнiш берушiнiң (отбасының) тиесiлiгiн растайтын анықтама беру (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  11. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  12. жұмыссыздарды тіркеу және өз құзыреті шегінде оларға әлеуметтік қолдау көрсету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  13. ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыру, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін басқа да іс-шараларды орындау;
  14. жұмысқа орналасу мәселесімен келген азаматтарды есепке алу және қолайлы жұмыс табу үшін оларға көмек көрсету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7,8-баптары);
  15. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың істер макетін есепке алу және құру (Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 12,13-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  16. кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабiлетi шектеулі азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органы ретінде әкімдіктің қызметін қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы);
  17. Қазақстан Республикасының заңнамасымен мекемеге жүктелген, жоғары тұрған атқарушы және өкілетті органдармен берілген, сондай-ақ осы Ережеден туындаған басқа да қызметтерді іске асыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 39-бабы).
  18. Құқықтары мен міндеттемелері:
  19. заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, келісім шарт жасасу және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да қызметті орындау;
  20.  өз құзыры шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын мүлтіксіз орындау;
  21.  Теміртау қаласы мен Ақтау кенті ұйымдарынан меншік нысанына қарамастан, бос жұмыс орындары (лауазымдық орындары) туралы мәліметтерді, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмысшылар туралы ақпаратты сұрап білуге;
  22.  ардагерлерді, мүгедектерді, аз қамтылғандарды және көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге қатысу және шараларды орындау, республикалық және жергілікті органдармен дайындалған заңнамалық және нормативтік-құқтық актілерінің жобалары бойынша, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінің саласына енетін сұрақтар бойынша ұсыныстар енгізуге;
  23.  мемлекеттік мекемені жүргізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды орындау;
  24.  БАҚ-ты, интернет-ресурстарды, телекөрсетілімдерді, радионы кеңінен пайдалана отырып, жұмыспен қамту, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша халық арасында түсініктемелі жұмысты жүргізу;
  25.  ведомство аралық комиссиялар жұмысына қатысу, өз құзыры шегінде барлық сұрақтар бойынша жұмысшы топтар кұруға;
  26.  қолданыстағы заңнамаға сәйкес оралымдылық басқармада болып табылатын мүлікпен колдануды, пайдалануды және иеленуді іске асыруға;
  27.  қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар мен өкілеттіктерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметін іске асыруға жеке жауапты бірінші басшы басшылық етеді.
  2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіпте Теміртау қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.
  4. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді, Мекеме қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамаларында және осы Ережеде белгіленген өз құзырына сәйкес жеке дара шешеді.
  5. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
  6. «Теміртау қаласының жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  Ережесін және құрылымын  дайындайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады, сонымен қатар оларға өзгерістер енгізеді;   
  7. Мекемеге жалпы басшылық жасайды, Мекемені ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушы-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметтерін ұйымдастырады, Мекеменің құрылымдық  бөлімшелерінің  жұмысын үйлестіреді  және бақылайды, мамандар мен Мекеменің басқа да  қызметкерлерінің  жұмысын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;
  8. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдары туралы ережені бекітеді, құрылымдық бөлімшелері жетекшілерінің, мамандарының және басқа да қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
  9. қала әкімі мен әкімдіктің құзыры шегінде нормативтік және басқа да құқықтық актілер жобасын, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты өзге де қызметтік құжаттарды дайындауды  ұйымдастырады және қала әкімі мен әкімдікке бекітуге ұсынады, басқа мемлекеттік органдардан келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытынды дайындауды ұйымдастырады;
  10. сенімхатсыз «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан іс-әрекет етеді, оның мүддесін өз құзыры шегінде мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас кезінде қорғайды;
  11. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келесі лауазымды тұлғаларын: бастықтың орынбасарын және құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерін, мамандар мен басқа да қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; оларға сыйлық  беру және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, қала әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттау туралы ұсыныс береді;
  12. «Тұрақты мекен - жайы жоқ адамдарға арналған Теміртау қалалық әлеуметтік  бейімдеу   орталығы»   мемлекеттік  мекемесінің  директорын   және «Теміртау  қаласының жұмыспен қамту  орталығы»  коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  13. бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсететін мемлекеттік қызметтердің орындалуын ұйымдастырады; 
  14. құжаттамалық қамтамасыз ету қызметін, қызметтік құжаттарды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды, түскен хаттарға талдау жүргізуді, құжат айналымын, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, іс-қағаздардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуін, іс-қағаздар жүргізуді жетілдіруді ұйымдастырады;
  15. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындауына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жұмыстарына, сондай-ақ  қабылдаған шешімдерінің заңдылығына жеке жауап береді;
  16.  мұрағатқа тапсырылуға жататын ұйымдастыру-басқару, кадр туралы және басқа да құжаттарды тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсыруды және сақтауды қамтамасыз етеді;
  17.  өз құзыры шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, бұйрықтар шығарады, тапсырмалар мен нұсқаулар береді;
  18.  Мекеменің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылық жасайды, орындау және еңбек тәртібінің сақталуына, кадрлық жұмыстардың және құжат айналымының жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
  19.  қызметкерлерді пайдалану үрдісіне талдау жүргізеді, оларды оңтайландыру, біліктілік және кадрларды пайдалану тиімділігін арттыру, жалпыға міндетті оқытуды қоса есептегенде олардың оқуын, тәжірибе алмасуын және қайта дайындаудан өтуін ұйымдастырады, осы аталған шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
  20. іссапарға (жоспар мен кестені бекітеді) жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, дайындықтан (қайта дауындаудан) өткізу, біліктілігін арттыру және мамандар мен басқа да жұмысшыларына сыйлық беру мәселесін жеке шешеді;
  21.  бюджеттік бағдарламаны дайындауды, бюджеттік тапсырысты дайындауды және оны қалалық бюджеттік комиссиясының қарауы үшін ұсынуды, сонымен қатар басқа да бюджеттік үрдістерді орындауды қамтамасыз етеді;
  22.  қаржылық есебі мен қаржыландыру сметасын дайындауды және бекітуді қамтамасыз етеді; банкте есеп шот ашады; заңнамаларда белгіленген жағдайда және шектерде ақшалай қаражаттарына және басқа да мүліктеріне иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды; сенімхат береді;
  23.  «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тауар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады және өткізілуін қамтамасыз етеді; азаматтық-құқықтық шарттар жасасады, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
  24. Мекеме ғимаратының, бөлмелерінің және мүлкінің қорғалуын және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; қызметкерлердің санитарлық ережелер мен нормалар, техникалық еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады және бақылайды;
  25.  заңнамамен және осы Ережемен өзіне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
  26. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес басшының орынбасары атқарады.
  27. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
  28. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелерінің құзыры мен өкілеттігі белгіленген тәртіпте бірінші басшысы бекіткен құрылымдық бөлімшелер туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықпен белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлігі

  1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада қарастырылған жағдайларда оперативті басқару құқығында жекешеленген мүлігі болуы мүмкін.

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің  мүлкі меншік иесімен берілген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өз  қызметі және басқа да көздер нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай табыстарды қоса есептегенде) есебінен құрылады.

  1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша  бөлінген қаражат есебінен сатып  алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілдермен иелік етуге құқылы емес, егер заңнамада көрсетілмесе.

 

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

  • «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін тарату және қайта құру Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ