ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Мекеменің міндеттері мен функциялары

 

Мекеменің негізгі міндеті өз құзыры шегінде аймақта мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды  қамтамасыз ету болып табылады.
Мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
1. меншіктің барлық түріндегі қала мекемелері мен ұжымдарында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысын тексеруді ұйымдастыру арқылы мәдениет және тіл туралы заңдардың сақталуын,  сыртқы жарнамалардың ресімделуінің заңнама талантарына сай келуін, БАҚ заң нормаларын сақтау бойынша мониторингін бақылауды жүзеге асыру;
2. мәдениет және тіл саясатының көкейтесті мәселелері бойынша конференция, «дөңгелек үстел», семинар өткізу, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша хабар және басылымдарды ұйымдастыру арқылы мәдениет және тілдерді дамыту саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметті методикалық, ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3. қаладағы көші- қон үрдістерін, демографиялық жағдайды тексеру арқылы   ұлтаралық, тілдік ахуалды зерделеу, әлеуметтік зерттеулерді жүргізу;
4. мемлекеттік тілді және қалада тұратын басқа ұлт тілдерін білуге   конкурстар, достық фестивальдарын, түрлі акцияларды өткізу арқылы мемлекеттік және өзге де тілдерді насихаттауды жүзеге асыру;
5. мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұжымдармен мемлекет саясатын мәдениет және тіл саласында жүзеге асыру мәселелері бойынша өз ара әрекеттесу;
6. жергілікті ономастикалық комиссияның топономикалық атауларды, физикалық-географиялық нысандарды бір жүйеге келтіру және тәртіпке келтіру бойынша жұмысын үйлестіру және жандандыру;
7. өз өкілеттігі шегінде жергілікті атқару органдардың бөлім құзырына жататын мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
8. тоқсан сайын атқарылған жұмыс туралы қала әкіміне және жетекшілік ететін әкім орынбасарына, басқа да орталық мемлекеттік органдарға ақпарат және талдау түріндегі есепті ұсыну;
9. қалалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да мемлекеттік органдарға бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша сұратылған ақпараттарды ұсыну (қызметтік пайдалану үшін талдау сипаттағы ақпаратты жетекшілік ететін әкім орынбасарының келісімі бойынша ұсынады);
10. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келесі құқықтарға ие:
1. мәдениет және тіл  саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;
2. негізгі міндеттері мен өзінің функцияларын, сонымен қатар қала әкімі мен жетектілік ететін қала әкімі орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқару, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан, лауазымдық тұлғалардан, қоғамдық және басқа да ұжымдардан, азаматтардан мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттар, мәліметтер, ақпараттар сұраттыруға;
3. белгіленген тәртіп бойынша қала әкіміне және жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына, сонымен қатар жергілікті атқару және өкілетті органдарға мекеме жұмысын жақсарту, мәдениет және тіл саясаты саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныс жасауға;
4. мекеменің қарамағына жататын мәселелер бойынша конференциялар, жиналыстар жүргізуге;
5. Қазақстан Республикадағы қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбелері, стандарттары, регламенттері  және мәлімдеу құжаттарынының үлгілері: 
1) Мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың мәтінін мақұлдау (еркін түрі)
2) Жеке орындаушылардың гастроліне рұқсатнама (орындаушының жеке куәлігі, маршрутты парағы)


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 324.27
  • Euro 398.27
  • Рубль 5.73
Теміртау-13°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 77%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ