ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Теміртау қ. мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімі» ММ басшысының

міндетін атқарушы

А.Шакенованың

2017 ж. «20» маусымдағы

№56

бұйрығымен бекітілген

«Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

1.Қоғамдық қатынастар аясының атауы: «Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі: «Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 

 

3. Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жұмыс істейтін қызметкерлердің тәртіп ережелері

 

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға қатысты саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда қызметкерлер міндетті:

1) адал, әділ, сыпайы болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы танылған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, әдептілік және сыпайылық білдіруге;

2) қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне тиісті шешім қабылдаудың айқындығын қамтамасыз етуге;

4) өз әректтерімен және тәртібімен қоғам тарапынан сынға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, өз қызметін жақсарту және кемшіліктерді жою үшін сындарлы сынды пайдалануға;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстануға және жүйелі түрде іске асыруға;

6) заңдылық қағидасын, Конституция талаптарын,Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға;

7) жеке және заңды тұлғалардың құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету;

8) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылық және басқа да құқық бұзушылық жасауға жол бермеуге;

9) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмауға;

10) әріптестеріне және басшыларға өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін заңсыз өтініштерден бас тартуға;

11) қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамауға;

12) мүліктік және мүліксіз игіліктер мен артықшылықтарды алу және шығару мақсатында, таратылуға жатпайтын қызметтік және басқа да ақпаратты пайдаланбауға;

13) басқа мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарының қызметіне заңсыз кірісуге жол бермеуге;

14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуға белсенділік білдіруге;

15) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа кідірмей хабарлауға;

16) әріптестерден жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін сақтауды талап етуге;

17)  мүдделер дауының, жемқорлық құқық бұзушылықтары мен олардың салдарының туындауы жағдайлары мен себептерін жою шараларын тұрақты негізде қабылдауға;

18) табыс табумен байланысты кәсіпкерлік және басқа да қызметті іске асыруда қай болмасын көмек көрсетуден бас тартуға;

19) үшінші тұлғалардың мүддесін ұсыну және қолпаштаудан, сондай-ақ, олардың атынан әрекет етуден, бас тартуға;

20) қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етуге, өз әрекетімен мемлекеттік билік абыройын нығайтуға.

3.2. өз құзыреттілігі шеңберінде басқарушылық және басқа да шешімдерді әзірлеу және қабылдауда

1) мүдделер дауына жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою шараларын қабылдауға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық нұсқаулыққа шаруашылық жүргізуші субъектін басқару немесе басқаруға қатысу енгізілмеген жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектін басқаруға өз бетінше қатысу, мүліктік және басқа да игіліктерге ие болу мақсатымен өз қызметтік өкілеттігін заңсыз пайдалану арқылы ұйымдар мен жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға көмектесуге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде олардың өтініштерін қарауға және қажетті шаралар қабылдауға;

4) туыстық, жерлестік және жеке берілгендік қасиеттері бойынша кадрларды іріктеу және тағайындау жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидасын сақтауды қамтамасыз етуге;

5) бағынушылармен жемқорлық құқық бұзушылық жасауға себептесетін салдар мен жағдайдарды жоюға;

6) жақын туыстық (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, ағайындар балалар) қатынастағы тұлғалардың тікелей бағыныштылығымен немесе бақылауға алынуымен байланыстылауазымға тағайындаудан бас тартуға;

7) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың қызметіне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбауға;

8) бағынышты лауазымды тұлғалардың қызметтік құзыретінің міндеттері мен көлемін нақты анықтауға;

9) тікелей басшыға орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығы жөніндегі күдіктер туралы жазбаша түрде тез арада хабарлауға;

10) жасалған немесе жасалатын жемқорлық құқық бұзушылығы туралы басшылыққа тез арада хабарлауға;

11) мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелер мен басқа да ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, мәжілістерге қатысуы туралы тез арада басшылыққа хабарлауға;

12) қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделердің, жеке қызығушылық даулары, жемқорлық қылығына және сыйлық алуға көндіру туралы тез арада тікелей немесе бірінші басшыға мәлімдеуге;

13) жеке түрдегі мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалардың қызметіне әсер етуге қызмет бабын пайдаланбауға;

14) бағынышты қызметкерлерді жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеуге,

15) бағыныштыларды қызметтен тыс немесе жеке тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуде:

1) заңдылықты сақтауға, сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілер азаматтардың құқығы мен бостандығына қысым жасамайтындығын сақтауға;

2) әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қайшы болмауы тиіс;

3) нормативтік құқықтық акт органның құзыреті шегінен шықпауын есепке алу қажет;

4) қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың мүддесін бұзбайтынын байқауы тиіс;

5) мемлекеттік тіркеу ережелерімен, сонымен қатар, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісудің белгіленген тәртіптің бұзылуымен нормативтік құқықтық актіні қабылдамауға;

6) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде нормаларды қабылдауға жол бермеуге;

7) нормативтік құқықтық актілерде жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормплпрды пайдаланбауға;

8) нормативтік құқықтық актілердің жобасын құру барысында мемлекеттік және басқа да, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер палатасының, және басқа да мұдделі тұлғалардың құқықытық мониторинг қорытынлысы бойынша әзірленген ұсыныстарын есепке алуға;

9) өз бастамасы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге;

10) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберуден бұрын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-*порталынд көпшіліктің талқылауына жариялауға;

3.4. өмірлік іс-әрекеті аясының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа да өзара қарым-қатынастарда:

1) өз лауазымдық нұсқаулықтарын және оған байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайдаға ие болу үшін пайдаланбауға;

2) лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игілік немесе ерекшелік алу үшін әріптестеріне, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйламауға және қызметтен тыс қызмет көрсетпеуге;

3) белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ, материалдарды немесе қағазбастылықты жедел қарау үшін қай болмасын пайда алуға мәжбүрлеу туралы басшылыққа тез арада хабарлауға;

4) пайда табумен байланысты, кәсіпкерлік және басқа да қызметті жүзеге асыруға кімге болмасын көмек көрсетуден бас тартуға;

5) олардың қызметінің нәтиджесін бағалауда, сонымен қатар, көтермелеу мен жазалау шараларын қолдануда әділдік пен айқындық білдіруге;

 6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында қызмет бабын бағыныштылардың қызметіне әсер ету үшін пайдаланбауға;

7) қызмет бойынша төмен тұрған немесе басқа бағыныстағы лауазымды тұлғамен ақшалай және басқа да мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

8) Қазақстан Республикасының заңымен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық және т.б. жауапкершілік көзделген қылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;

9) анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттері шегінен шығатын, сондай-ақ, заңнамаға қайшы өкімдерді бермеуге;

10) лауазымдық өкілеттігін орындау барысында алынған азаматтардың жеке өміріне, абыройы мен намысына қатысты деректерді көпке жаюға және олардан осындай ақпарат беруді талап етпеуге.

4. Басқа да шектеулер мен тыйымдар

1) өз лауазымдық құзыреттілігін және оған байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін пайдалану;

2) Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтау.


Жаңартылған: 10.07.2017 11:56
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ