ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қалысының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

«Теміртау қалысының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
 ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1. «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–Мемлекеттік мекеме)  мәдениет және өнер салаларында  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101406, Теміртау қаласы, Герцен көшесі, 1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков города Темиртау».
10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекеменің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында  кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге   Мемлекеттік мекемеге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы:
1) қаланы мекендейтін азаматтар арасында заманауи мәдени ортасы мен әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға жағдай жасайтын  мәдениет саласындағы қолжетімді және сапалы қызметтерді ұсыну;
2) мемлекеттік тілді  басым дамытуымен, қала аумағында тұратын халықтың тілдерін дамыту және тілдердің үш бірлігі қағидасын тарату мен қолдануға бағытталған, тілдерді дамыту жүйесін іске асыру.
14. Мемлекеттік мекеменің міндеттері:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 3 б.);
2) тілдер саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оларды үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау (Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 23б.); 
15. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
1) тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қала аумағында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 25-3 б. 1тармақшасы);
2) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды өткізу (Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 25-3 бабының 2 тармақшасы);
3) қала әкімдігіне  көшелердің, даңғылдардың, гүлзарлардың атын өзгерту, сонымен қатар, олардың транцкрипциясын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;
4) жергілікті атқарушы органдарға театрлық, музыкалық және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-сауық жұмысы саласындағы мемлекеттік ұйымдарды құру туралы ұсыныс енгізіп, сонымен қатар олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 9б. 1 тармақшасы);
5) жергілікті маңыздағы тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштеріне санақ жүргізу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру  (Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 9 б. 2 тармақшасы);
6) қалалық бұқаралық-мәдени іс-шараларын өткізуді, сонымен қатар,  әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер, сайыстар өткізуді жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 9 б. 3 тармақшасы);
7) қаланың мәдени нысандарын салу, жөндеу және қайта құрастыру бойынша ұсыныстар енгізу (Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 9 б. 7 тармақшасы);
16. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31б.);
2) қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31б.);
3) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асыру;
4) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын мүлтіксіз сақтау. 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Мемлекеттік мекемені басқаруды Мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мекеме бастығы жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік мекеме бастығын Теміртау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;
5) мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;
6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін жауап береді;
7) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы жоқ болған мерзімде,   қолданыстағы заңнамаға сәйкес , оның міндетін  уақытша атқарушы тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкi

21. Мемлекеттік мекеменің  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы жеке мүлкi болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкi, оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мемлекеттік мекеме бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

24. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 363.26
  • Euro 420.11
  • Рубль 5.54
Теміртау1°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ