ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Мекеменің міндеттері мен функциялары

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ сайтына арналған ақпарат

«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – «Мекеме») өз құзырының шегінде жергілікті мемлекеттік басқарудағы  кәсіпкерлік және сауда,  индустриалдық-инновациялық саясат, халықаралық сапа стандарттарын енгізу,  инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында мемлекеттік реттеуді, Ақтау кенті мен Теміртау қаласының аумағында жүзеге асырушы  орган болып табылады.

Мекеменің негізгі міндеттері, қызметі және құқығы

1. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген құқығы бар және заңнамаға сәйкес  міндеттерді атқарады.
2. Мекеменің негізгі міндеттері болып табылады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу; қаланың даму стратегиялық жоспарын, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарын, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу арқылы кәсіпкерлік саласында, өнеркәсіп, индустриалдық-инновациялық саясат, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, сауда, кластерлік даму, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға және әзірлеуге қатынасу;
2) мониторинг жүргізу, кеңестер өткізу және қортынды жасау арқылы дамудың қалалық бағдарламаларын, кәсіпкерлікті, индустриалдық-инновациялық саясатты, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларын  қалалық жергілікті орындаушы органдарының орындау мониторингі және  үйлестіру;
3) шағын кәсіпкерлікті дамытудың қалалық бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау;
4) индустриалдық-инновациялық саясатты іске асыру, қаланың инвестициялық саясатының даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру мәселелері жөнінде, соңғыларының индустриалдық-инновациялық бағытты инвестициялық жобаларды енгізуге  қолғабыс етулері арқылы жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру;
5) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 165 бабы бойныша әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар жасау».
6) осы ережеде көрсетілген басқа да заңға қайшы келмейтін мәселелерді орындау.
3. Өзіне жүктелген мәселелерді орындау үшін мекеме тікелей келесі міндеттерді атқарады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын, кәсіпкерлік саласындағы, өнеркәсіп, индустриалдық-инновациялық даму, туризм, сауда, сыртқы және аймақаралық байланыс салаларында  мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Осы бағдарламалар мүдделі органдарында одан әрі келісіле және қалалық Мәслихаттң сессиясында бекітіле отырып, бағдарламалар жобасын әзірлеу, ұйымдастыру іс-шаралар өткізу арқылы әзірленеді. Мекеме бағдарламалардың іс-шаралар жоспарын орындау, тұрақты мониторинг жүргізу арқылы бағдарламалардың жүзеге тиімді асуын басқарады; 
2) осы салалардағы аймақтық бағдарламаларды орындау жөнінде ақпарат жинау және жинақтау арқылы қала әкімінің қызмет рейтингісін тоқсан сайын анықтай отырып, кәсіпкерліктің және өнеркәсіп салаларының аймақтық даму бағдарламаларын іске асырудың бағалау  көрсеткіштерін орындауды талдау;
3) тиісті кезең ішіндегі кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын дамыту туралы талдау ақпараттарын, анықтамаларын дайындау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп құрылымындағы сәйкессіздікті анықтау, аймақтардың, кәсіпорындардың, ғылыми ұйымдар мен институттардың материалдарын, статистикалық деректерді жүйелеу және өңдеу арқылы оларды жою жолдарын  белгілеу;
4) мониторинг, өнеркәсіп кәсіпорындар деректерін жинау және өңдеу, қалалық  индустриалдық-инновациялық дамуына ұсыныстар дайындау және тенденциялар айқындау арқылы қалалық индустриалдық-инновациялық даму саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау;
5) ғылыми институттардың, өнеркәсіп кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша инвестициялық және инновациялық жобалар банкін құру және жаңарту арқылы, индустриалдық-инновациялық Бағдарламаның және даму институтарының өлшемдеріне жобалардың   сәйкес келуін бағалау арқылы инвестициялық және инновациялық жобаларды іріктеу;
6) институттардың, өнеркәсіп кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша жобаларды дамыту институттарына жіберу, олардың жылжыту барысының мониторингі, жобалар авторларына кемшіліктерді жоюға көмектесу, тұсаукесер жасау, бірігіп жұмыс істеу туралы меморандумдар жасау арқылы жобалардың қалалық  индустриалдық-инновациялық даму мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының даму институттарымен  бірлесіп жұмыс істеу;
7) өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларын дамытуға қалалық бюджет қаражаты есебінен кредиттеу, салық преференциясын алу  үшін басымды маңызы бар жобаларды сараптау және іріктеу;
8) инвестициялық және инновациялық саясатты және инвестициялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру; аймақ аумағында  қаражаты есебінен жүргізілетін инвестициялық және инновациялық қызметті реттеу, қаладағы инновациялық жүйелерді ұйымдастыруға қолғабыс ету;
9) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, әлеуетті инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдарға қалалық инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірлеу арқылы қолғабыс ету;                                                                                                                      
10) ниет-хаттамалар мен келісімшарт жасасу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру, қала мекемелері ұлттық және жуйежасаушы компаниялардан таурларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алудағы қазақстандық құрамдық үлесті көбейту бойынша мониторинг өткізу;
11) қаланың импорт және экспорт көлемдері құрылысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әкімге және қала әкімінің кураторлық жасайтын орынбасарына талдау және дайындау;
12) тауар базарларындағы сұраныстар мен ұсыныстарды, қаланың сауда конъюнктурасын және тұтыну базарының ахуалын зерделеу жұмысын үйлестіру, өз құзыры шегінде сауда қызметі субъектілерінің жұмысына бақылау жасау, қаладағы сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу, жәрмеңкелер мен көрмелер өткізуді ұйымдастыру арқылы ұсыныстарды және оның даму болжауын жасау; 
13) қала кәсіпкерлікті дамытуға талдау жүргізу және кәсіпкерлікті дамыту жөнінде әкімге және қала әкімінің кураторлық жасайтын орынбасарына ұсыныстар дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру;
14) Республикалық «Металлургия-Металлообработка» кластерін дамытуға ықпал жасау, сатып алу көлемінің мониторингін өткізу;
15) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме (және) немесе бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме (және)  немесе бөлшек саудада сату қызметі бойынша  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  мемлекеттік лицензияларға қол қою мен берілуін қамтамасыз ету, лицензия берілгеннен кейінгі бақылау жүргізу;
16) қала кәсіпорындары мен кәсіпкерлердің қалалық, республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыру;
21) Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша әкімге және қала әкімдігіне, қалалық мәслихатқа  нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;
22) қала әкімінің және (немесе) қала  әкімі орынбасарларының тапсырмаларын орындау;
23) қала әкімінің және (немесе) қала әкімінің кураторлық жасайтын орынбасарлары кеңестерін дайындау және өткізу, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша қорытынды құжатты ресімдеу және оның орындалуын бақылау;
24) Қазақстан Республикасының заңы жүктейтін жоғары тұрған  орындаушы және өкілетті органдар табыстайтын және осы ережеде көрсетілген өзге де міндеттерді орындайды;
4. Мекеме өз қызметін атқару кезінде мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша облыстық органдарға(облыстық органға), Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына есеп береді.
5.  Мекеме өз міндеттерін атқару үшін  заңмен белгіленген :
1) ведомстволық бағыныштылығына қарамастан қала аумағында орналасқан  қалалық бөлімдер мен басқармалардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды алуға;
2) кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы жеке мәселелерді шешу үшін материалдар дайындау. Жүктелген міндеттеріне сәйкес басшылар келісімі бойынша Мекеме өткізетін іс-шараларды жүзеге асыру үшін бөлімдер мен ұйымдарды тартуға;
3) өз құзыретіне сәйкес проблемаларды шешу мақсатында келісімдік негізінде ғылыми-зерттеу, технологиялық, жобалық-конструкторлық ұйымдарды, жоғары оқу орындарын және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке мамандар мен сарапшыларды (оның ішінде шетелдік) тарту үшін жергілікті бюджет қаражатын пайдалану жөнінде қала әкіміне және қала әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
4) мекеме құзырына жататын мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қала әкімдігі мен әкімнің қарауына алып шығуға;
5) басқа да бөлімдермен және  басқармалармен бірлесіп  қаланың Республикамыздың басқа аумақтарымен ынтымақтасу туралы келісімдері мен шарттарын дайындауға қатысуға;
6) өз өкілеттігі шегінде халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер және басқа іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысуға;
7) белгіленген тәртіпте Мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша кеңестер шақыруға;
8) қала әкімінің және қала әкімдігінің атынан оның тапсырмасы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарайтын кеңестерде және келіссөздерде өкіл болуға;
9) Мекемеге заңнамамен жүктелген өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға;
10) қолданыстағы заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді атқаруға құқығы бар.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 326.17
  • Euro 401.25
  • Рубль 5.31
Теміртау17°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 42%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ