ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ


«Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

 

1. «Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – «Мекеме») кәсіпкерлік және сауда,  индустриялық-инновациялық саясат,  инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс енгізу салаларында  Ақтау кенті мен Теміртау қаласының аумағында басшылықты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының  органы болып табылады.   
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен  Үкіметінің актілеріне,   өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ  осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мекеме мемлекеттік мекеме  ұйымдық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы,  мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланктері бар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  қазынашылық органдарында  шоттары болады.
4. Мекеме   азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер заңнамаға сәйкес мекемеге уәкілеттік  берілген болса  мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың  тарапы болуға  құқығы бар.
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада  белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа  де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 6.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел предпринимательства города Темиртау». 
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11.  Мекеме  жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.                                                                                                              
12. Мекеменің функциялары  болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілермен келісім жасасуға тыйым салынады.
Егер  заңнамалық актілер арқылы мекемеге кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда бұл қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мекеменің миссиясы,  негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Мекеменің миссиясы: кәсіпкерлік және сауда,  индустриялық-инновациялық саясат,  инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында  бірыңғай мемлекеттік  саясатты өткізу және қамтамасыз ету бойынша  міндеттерді орындау.
14.  Мекеменің міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың  мемлекеттік саясатын жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағы);
2) өз құзыреті шегінде өңірлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру          мен орындау(Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 3-тармағы);
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу,  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, индустриялық-инновациялық саясат, сауда, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен  іске асыруға  қатысу;
4) индустриялық-инновациялық саясатты, кәсіпкерлікті, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыстарды, қалалық даму бағдарламаларының      іске асырылуы  жөнінде  жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру және мониторинг жүргізу;
5) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағы);
6)  инновациялық инфрақұрылымды дамыту, индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, индустриялық- инновациялық бағыттағы инвестициялық      жобаларды енгізуге ықпал ету арқылы қаланың инвестициялық саясатын дамыту стратегиясын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі   жобаларды  әзірлеу және басқару.
15.  Мекеменің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі  2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру( Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының 3-тармағы);
2) өңірлерде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті  қолдау инфрақұрылым объектілерін құру мен   дамутуды қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 5-тармағы);
3) сараптық кеңестердің қызметін ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 7-тармағы);
4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауын қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 7-1-тармағы);
5) осы салалардағы аймақтық бағдарламаларды орындау жөнінде ақпарат жинау және жинақтау арқылы қала әкімінің қызмет рейтингісін тоқсан сайын анықтай отырып, кәсіпкерліктің және өнеркәсіп салаларының қалалық даму бағдарламаларын іске асырудың бағалау  көрсеткіштерін орындауды талдау;                                                             
6)  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі талдау ақпараттарын, анықтамаларын дайындау, кәсіпкерлік құрылымындағы сәйкессіздікті анықтау, кәсіпорындардың, ғылыми ұйымдар мен институттардың материалдарын, статистикалық деректерді жүйелеу және өңдеу арқылы оларды жою жолдарын  белгілеу;
7) мониторинг, өнеркәсіп кәсіпорындар деректерін жинау және өңдеу, қалалық  индустриялық-инновациялық дамуына ұсыныстар дайындау және тенденциялар айқындау арқылы қалалық индустриялық-инновациялық даму саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау;
8) институттардың, өнеркәсіп кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша жобаларды дамыту институттарына жіберу, олардың жылжыту барысының мониторингі, жобалар авторларына кемшіліктерді жоюға көмектесу, тұсаукесер жасау, бірігіп жұмыс істеу туралы меморандумдар жасау арқылы жобалардың қалалық  индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының даму институттарымен  бірлесіп жұмыс істеу;
9) инвестициялық және инновациялық саясатты және инвестициялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру; аймақ аумағында  қаражаты есебінен жүргізілетін инвестициялық және инновациялық қызметті реттеу, қаладағы инновациялық жүйелерді ұйымдастыруға қолғабыс ету;
10) Теміртау қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 4-тармақшасы);
11) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, әлеуетті инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдарға қалалық инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірлеу арқылы қолғабыс ету;                                                                                                                      
12) ниет-хаттамалар мен келісімшарт жасасу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру, қала мекемелері ұлттық және жуйежасаушы компаниялардан таурларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алудағы қазақстандық құрамдық үлесті көбейту бойынша мониторинг өткізу;
13) тауар базарларындағы сұраныстар мен ұсыныстарды, қаланың сауда конъюнктурасын және тұтыну базарының ахуалын зерделеу жұмысын үйлестіру, өз құзыры шегінде сауда қызметі субъектілерінің жұмысына бақылау жасау, қаладағы сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу, жәрмеңкелер мен көрмелер өткізуді ұйымдастыру арқылы ұсыныстарды және оның даму болжауын жасау; 
14) қала кәсіпкерлікті дамытуға талдау жүргізу және кәсіпкерлікті дамыту жөнінде әкімге және қала әкімінің кураторлық жасайтын орынбасарына ұсыныстар дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру;
15) қала кәсіпорындары мен кәсіпкерлердің қалалық, республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыру;
16) Сауда, азық-түлік  және ЖЖМ қызметтерін қамтамасыз ету бойынша АҚ және ТЖ жұмысын ұйымдастыру (қала әкімінің 05.05.2010ж № 23-ө «Қалалық  азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру туралы» өкімінің 1-т);
17) Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша әкімге және қала әкімдігіне, қалалық мәслихатқа  нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;
18)  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді атқару (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 9-тармағы).
16. Мекеменің құқықтары мен міндеттері :
1) ведомстволық бағыныштылығына қарамастан қала аумағында орналасқан  мемлекеттік мекемелер мен басқармалардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды алуға;
2) облыстық деңгейде шешілетін мәселелердің іске асырылуына байланысты ұсыныстар енгізуге;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қала әкімдігіне  ұсынуға;
4) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағы);
5) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамитамасыз етеді (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 3-тармағы);
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым  объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 6-тармағы);
7)  жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың  мемлекеттік саясатын жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 17-бабы 7-1-тармағы);

3. Мекеме қызметін ұйымдастыру

17. Мекеме қызметін мекеменің жұмысын ұйымдастыратын мекеме бастығы  басқарады және мекемеге жүктелген мәселелер  мен  міндеттердің орындалысына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Мекеменің бірінші басшысын  қала әкімі белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады.                                                                                                                                                     
19.  Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қала әкімдігіне мекеменің ережесі мен құрылысын және өзгерістерін әзірлеп, бекітуге ұсынады;
2) Мекеме қызметшілер міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттігін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындап, жұмыстан босатады;
4) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, бұйрықтар мен өкімдерді шығарады, мекеменің барлық мамандары мен өзге де қызметкерлеріне міндетті тапсырмалар  береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін марапаттайды және  тәртіптік жаза салады;
6) мекеме атынан  мемлекеттік органдармен және өзге мекемелермен қарым-қатынастықтарды сенімхатсыз жүзеге асырып, өз құзыреті шегінде оның мүддесін қорғайды;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы белгіленген шектеулер мен  жағдайларда    мекеменің мүлігіне иелік етеді;
8) қаржы және өкімдік құжаттарға қол қояды;
9) банкте шот ашады;
10) мекеме қызметшілеріне сенімхаттар береді;
11) келісімшарттарға отырады;
12) жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға    дербес жауапты болады;
13) Қазақстан Республикасының  заңнамасы бойынша оған жүктелетін өзге де міндеттерді атқарады.
20. Мекеме бастығы болмаған жағдайда, оның міндетін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекеме бастығының орынбасары атқарады.

4. Мекеме мүлкі

21. Заңнамада көзделген жағдайда Мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған  мүлкі болу мүмкін.
Мүлкі  оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ мекеменің өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік(ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мекеменің  бекітілген мүлігі  коммуналдық меншікке жатады.
23. Мекеме бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мекемені қайта ұйымдастыру және  тарату

24. Мекемені тарату мен қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 338.78
  • Euro 392.82
  • Рубль 5.35
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ