ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

 

Теміртау қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 5 қыркүйек

№ 36-1 қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Теміртау қаласының сәулет және қала

құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

1.Жалпы ереже

 

1. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-«Мекеме») сәулет және қала құрылысы қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі банкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 12.

10. Мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел архитектуры и  градостроительства города Темиртау».

Мекеменің жұмыс құжаттарында атауы қысқартылып қолданылуы мүмкін:

мемлекеттік тілде: «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «СжҚБ» ММ; 

орыс тілінде: ГУ «Отдел строительства, архитектуры и  градостроительства города Темиртау», ГУ «ОАиГ».

11. Осы Ереже «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында  шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі                   туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрын тиісті деңгейде жүргізу (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы).

15. Міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген қаланың бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіпте қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылатын, жапсарлас жатқан аумақты (аудандық жоспарлау жобасы) қала салуға жоспарлау кешенді схемасын жүзеге асыру қызметін үйлестіру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы, 2-тармағы 1) тармақшасы);

2) нысандар мен кешендерді орналастыру бойынша қала әкіміне ұсыныс және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша өкімдер дайындау (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 3-тармағы                            3.8) тармақшасы);

3) жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізетін республикалық және аумақтық бөлімшелермен, мемлекеттік сәулет-қала құрылысы инспекциясымен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғалардың мүддесін қорғау мәселелері бойынша лицензия беретін органдармен өзара әрекеттесу (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі            3-тармағы 3.9) тармақшасы);

4) базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 27-бабы, 1-тармағы 1) тармақшасы);

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 12) тармақшасы)

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді, осы Ережемен белгіленген функцияларды орындау (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 3-тармағы 3.12) тармақшасы);

16. Функциялары:

1) қалалық коммуналдық мүліктің қолданылуы мен сақталуын бақылайды;

2) тиісти саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз кұзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді бекітеді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 15-бабы 1-тармағы);

3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15-бабы 9-тармағы);

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15-бабы 21-тармағы);

5) қаланың бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы, 2-тармағы 2) тармақшасы);

6) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың ережелерін тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы, 2-тармағы 3) тармақшасы);

7) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау үшін қала әкіміне құжаттар әзірлеу (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы, 2-тармағы 8) тармақшасы);

8) түрлі меншік түріндегі нысандарды салу, орналастыру, дамыту және саласын анықтау және сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы басқа да мәселелерді қарауға қатысады және қала әкімінің шешіміне және қала әкімдігінің құжаттарына тиісті ұсыныстар, негіздемелер, кепілдемелер дайындайды (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 4-тармағы 4.2-тармақшасы);

9) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру үшін ұсынады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы, 2-тармағы 6) тармақшасы);

10) қала құрылысының, аймақтарға бөлу мен аумақтарды пайдалану тәртібінің кешенділігін бақылауды жүзеге асырады (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі             4-тармағы 4.4) тармақшасы);

11) ғимараттардың, имараттардың, жер асты коммуникацияларының желілері мен аумақты абаттандыру элементтерінің атқарушы түсірілемнен өтуін бақылайды, инженерлік-геологиялық өнімдердің атыласын жүргізеді (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 4-тармағы 4.11) тармақшасы);

12) құрылыс қағидасына сәйкес қала аумағында жеке тұрғын үй салуды реттейді, ол үшін:

бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес қала аумағында жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелерін белгіленген тәртіпте беруге қатысады;

құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі             № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы, 2-тармағы 5) тармақшасы);

13) заңнамаларда белгіленген тәртіпте қала аумағында:

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізеді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 39-бабы);

заңды және жеке тұлғаларға Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын заңда белгіленген тәртіпте ұсынады;

14) бұрынғы кәсіпорындарды кеңейту және қайта салу, жаңа қәсіпорындарды орналастыру мәселелері бойынша қорытынды дайындауға қатысады (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 4-тармағы 4.30) тармақшасы);

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілейді және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізеді (Қазақстан Республикасының               2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағы                   9) тармақшасы);

16) тұрғын үйлер мен өндірістік аумақтарды салудың, сол аумақтың жоспарлау құрылымындағы маңызды жеке ғимараттар мен имараттардың сәулеттік жобасын дайындау үшін конкурс өткізуді ұйымдастырады (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 4-тармағы 4.31) тармақшасы);

17) сәулет-қала құрылысы қызметінің жариялылығын, қала құрылысы құжаттамалары мен қала құрылысы шешімдерін қала әкімі бекіткенге дейін оларды қарастыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз етеді (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің»                  2-бөлімі 4-тармағы 4.38) тармақшасы);

18) азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы қызметін жүзеге асыру жөніндегі арыздары мен өтініштерін қарайды және өз құзыретінің шегінде шешім қабылдайды (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 4-тармағы                            4.39) тармақшасы);

19) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының және  басқа да сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылайды (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 4-тармағы        4.41) тармақшасы);

20) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы                                7) тармақшасы)

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 12) тармақшасы);

22) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 2) тармақшасы);

23) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 10) тармақшасы);

24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады (Қазақстан Республикасының                   2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағы                   12) тармақшасы);

17. Құқықтары мен міндеттері:

Мекемеге, Мекеме басшысы (қаланың бас сәулетшісі) ретінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегі құқықтар беріледі:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің органдары берген  нормативтік талаптар мен техникалық талаптарды, белгіленген тәртіпте дайындалған және бекітілген жобалау жоспарлау құжаттамаларын бұза отырып жүргізіліп жатқан  өндірістік жұмыстар мен барлық түрдеге салу, қайта салу, қалпына келтіру және  күрделі жөндеу жұмыстарын белгіленген тәртіпте  тоқтату туралы ұсыныс жасау (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы                              5.1) тармақшасы);

2) нормативтік, сәулет-қала құрылысы және басқа да талаптарға сай келмейтін жобаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмасын бұза отырып дайындалған, сонымен қатар осындай жұмыстарды жүргізуге тиісті лицензиясы жоқ ұйымдар мен тұлғалар дайындаған жобаларды келісуден бас тартады (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы 5.2) тармақшасы);

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаларды, қала құрылысы тәртібін бұза отырып өз еркімен құрылыс жүргізген заңды және жеке тұлғаны белгіленген тәртіпте әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы 5.3) тармақшасы);

4) меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан қала аумағында бекітілген бас жоспарына сәйкес орындалуға бағытталған салу, абаттандыру, инженерлік қамтамасыз ету, инженерлік дайындау жобаларын және жұмыстардың толық көлемін келісуге ұсынуды талап ету (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі              5-тармағы 5.6) тармақшасы);

5) қаладағы құрылыс, өндірістік аймақтыр жобаларының, көлік және инженерлік коммуникациялар схемасының,  жаңа құрылыстар мен өндірістік кәсіпорындарды қайта салу жобасының бекітілген бас жоспар мен қала құрылысы талаптарына сәйкестігін келісуге ұсынуды талап ету (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің»              2-бөлімі 5-тармағы 5.7) тармақшасы);

6) ең жоғарғы сәулеттік және қала құрылыстық түпкі ниетті анықтау үшін сәулеттік маңызы зор тұрғын аудандары мен қала орталықтарының, жеке ғимараттар мен имараттардың салу, абаттандыру,нобайлық жоспарлау жобасын кем дегенде 2 нұсқада дайындай отырып орындау қажеттігін анықтау (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы 5.10) тармақшасы);

7) қала аумағында орналасқан меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің орындауы үшін міндетті сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша шешім қабылдауға (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі             5-тармағы 5.11) тармақшасы);

8) қолданыстағы қала құрылысы, экологиялық және басқа да  заңнамалардың талаптарын бұза отырып жұмыс атқарып жатқан жобалау, салу және өндірістік ұйымдардың жобалау, салу және  құрылыс материалдарын шығару құқығына лицензиясын алу туралы ұсыныс дайындауға (ҚР ҚБҚ                   3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы 5.14) тармақшасы);

9) меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан  ведомствоға бағынышты аумақта орналасқан кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, тиісті статистика органдарынан мәліметтер, сонымен қатар өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша жоспарлы есеп мәліметтерін талап етуге және алуға (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы 5.17) тармақшасы);

10) өз құзыретінің шегінде қала аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін атқаратын заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығаруға (ҚР ҚБҚ 3.01-18-2005 «Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің» 2-бөлімі 5-тармағы                          5.19) тармақшасы);

11) өз құзыретінің және осы Ереже шегінде заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын сөзсіз орындауына жалпы басшылық жасайды (Облыстың, қаланың, ауданның бас сəулетшісі туралы ережесінің 5-тармағы 5.20) тармақшасы);

12) тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті қосымша ақпарат үшін сұрау салу (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы             15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы);

13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 3-бабы);

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы                               8) тармақшасы);

15) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 9) тармақшасы);

16) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 10) тармақшасы);

17) Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау (Қазақстан Республиасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25-бабы);

18) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы).

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын  облыстық  сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының келісімі бойынша белгіленген тәртіпте қала әкімі тағайындайды және лауазымнан босатылады.

20. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  Мекеменің  Ережесі мен құрылымын дайындайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады, сонымен қатар оларға өзгертулер енгізеді:

2) Мекемеге  жалпы жедел басшылық жасайды,  Мекемені  ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және  қаржылық қамтамасыз ету қызметтерін  ұйымдастырады, Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын бақылайды және  үйлестіреді, мамандар мен Мекеменің басқа жұмысшыларының жұмысын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;

3) жетекшілік ететін  әкім орынбасарымен келіскеннен кейін Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді; Мекеменің құрылымдық  бөлімшелері басшыларының, мамандарының және Мекеменің басқа да жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

4) Мекеменің ішкі еңбек тәртібі туралы ережені бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

5) әкім  мен әкімдіктің құзыретінің шегінде нормативтік және басқа да құқықтық актілер жобасын, сонымен қатар Мекеме қызметіне қатысты басқа да қызметтік хаттарды дайындауды ұйымдастырады және  бекітуге ұсынады; Мекемеге басқа мемлекеттік органдардан келісуге түскен нормативтік құқықтық актілер жобасы бойынша қорытынды дайындауды ұйымдастырады;

6) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүддесін өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда қорғайды;

7) Мекеменің қызметі жөніндегі мәселелер бойынша қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатымен, Ақтау кенті әкімінің аппаратымен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, Қарағанды облысының әкімдігімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен, облыс  және қала аумағында қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қала тұрғындарымен  тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;

8) Мекеме қызметі мәселелері бойынша қала әкімінің жанындағы жиналысты, әкімдіктің, кеңесу-кеңес беру органдарының отырысын, жалпы қалалық қоғамдық-саяси  іс шараларды дайындауды қамтамасыз етеді;

9)  бұқаралық ақпарат құралдарына Мекеменің қызметі туралы ақпарат беруді ұйымдастырады; олармен үнемі байланыста болады, қаладағы жүргізіліп жатқан саясат және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қалыптасқан жағдай бойынша ақпарат береді, дайындалған, қабылданған жоспарлар мен бағдарламалардың және осы жоспарлар мен бағдарламалардың тиісінше орындалуы,  осы саладағы қала үшін маңызды шаралар мен бағыттар  туралы хабардар етеді;

10) қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған нормативтік және басқа да құқықтық актілерінің, қала әкімі мен оның орынбасарларының берген тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізеді және оны бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

11) Ережемен белгіленген тәртіпке сәйкес әкім немесе қала әкімдігі қабылдаған, олардың жүзеге асырылуын Мекеме қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерге үнемі Мекемеде мониторинг жүргізуді ұйымдастырады; осы актілерге уақытында өзгерістер мен толықтырулар енгізуді,  оларды  жою немесе  күшін жойды деп тануды ұйымдастырады;

12) бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес Мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтердің орындалуын ұйымдастырады;

13) Мекеменің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметін, қызметтік хаттарды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды, келіп түскен хаттарға талдау жүргізуді, құжат айналымын, жеке қабылдауды ұйымдастырады, істің мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуін, іс жүргізуді жетілдіруді қамтамасыз етеді;

14) мұрағатқа тапсырылуға жататын  ұйымдастыру-басқару, қадр туралы және басқа да құжаттарды тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсыруды және сақтауды қамтамасыз етеді;

15) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Мекеменің барлық мамандары және басқа да жұмысшылары үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар береді;

16) Мекеменің конкурстық, аттестаттау және тәртіптік комиссияларына жалпы басшылық жасайды, атқарушы және еңбек тәртібінің сақталуына, кадрлық жұмыстардың және құжат айналымының жүзеге асырылуына бақылау жасайды, белгіленген тәртіп бойынша құпия құжаттарды жүргізеді;

17)  кадрлар қорын қалыптастырады, Мекеме басшысының орынбасарын (орынбасарларын) және Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Мекеме мамандарын және басқа жұмысшыларын  лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; оларға  сыйлық беру және  тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен, Қарағанды облысы әкімінің  Құрмет грамотасымен, қала әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен  марапаттау туралы ұсыныс береді;

18) Мекемеде кадр саясатының жүзеге асырылуына және кадр қорының қалыптасуына жауап береді; Мекеменің штат кестесіне сәйкес білікті және мамандығы бойынша талап етілетін мамандық бойынша қажетті мемлекеттік қызметшілермен уақытында жинақтауды қамтамасыз етеді;

19) мемлекеттік қызметшілердің лауазымына қойылатын үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес Мекемеде бос орынға  үміткерлерді таңдау байқауын  өткізуді ұйымдастырады және ұйымдастыруға қатысады; Мекеменің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

20) қызметшілерді пайдалану үдерісіне талдау  жүргізеді, оларды оңтайландыру, біліктілігін және кадрларды пайдалану тиімділігін көтеру, жалпыға міндетті құқықтық оқытуды қоса есептегенде олардың оқуын, тәжірибе алмасуын және қайта дайындаудан өтуін ұйымдастырады; осы аталған шаралардың  жүзеге асырылуына бақылау жасайды;

21) мемлекеттік қызметшілер мен Мекеменің басқа жұмысшыларының  жауапкершілік деңгейін көтеруге және қызмет этикасы ережесін бұзбауға, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған өзара келісілген шаралады дайындауға және қабылдауға;  олар үнемі халық алдында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қабылдаған шаралар туралы есеп беріп отырады;

22) іссапарға ( жоспар мен кестені бекітеді) жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, дайындықтан (қайта дайындаудан) өткізу, біліктілігін  көтеру және мамандар мен Мекеменің басқа да жұмысшыларына  сыйлық беру мәселесін  жеке  шешеді;

23) қала әкімінің және жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының келісімімен келесі мәселелерді шешеді: Мекеме басшысының және оның орынбасарының (орынбасарларының) қаладан тыс жерге іссапарға баруын және демалысқа шығуын, Мекеменің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қазақстандық және шетелдек оқу орталықтарында машықтануын; Мекеме жұмысшыларына үстеме және сыйақы төлеуді;

24) Мекеменің бюджеттік бағдарламасын дайындауды, Мекеменің бюджеттік өтінімін дайындауды және оны қалалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу үшін әкімге ұсынуды, сонымен қатар басқа да бюджеттік үдерістерді орындауды қамтамасыз етеді;

25) Мекеменің қаржылық есебін және қаржыландыру сметасын дайындауды және  бекітуді қамтамасыз етеді; банкте есеп шот ашады; заңнамаларда белгіленген жағдайда және көлемде Мекеменің ақшалай қаражатына және басқа да мүліктеріне иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды; сенімхат береді;

26) Мекеменің қызметін материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету  және  өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тауар, жұмыс және қызметті мемелекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады және өткізілуін қамтамасыз етеді; азаматтық-құқықтық шарттар жасайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;

27)  Мекеме ғимаратының, жайларының және мүлігінің қорғалуын және  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; Мекеме жұмысшыларының санитарлық ережелер мен нормаларды, техникалық еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша шаралар өткізуді ұйымдастырады және бақылайды;

28) азаматтар мен Мекеме жұмысшыларын жеке мәселелер бойынша қабылдайды;

29) заңнамалармен және осы Ережемен өзіне жүктелген басқа да міндеттерді  жүзеге асырады.

30) сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

 «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған жағдайда оның міндетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нетижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

 

27. «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

«Теміртау қаласының сәулет

және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі басшысының

м.а.                                                                                                       Н.Ерохина


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 720мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ