ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында дәстүрлі «Мұражайдағы түн» акциясы өтті

 Биылғы жылы Карлагтағы мұражайдың театрландырылған акциясы Қазан революциясының жүз жылдық мерейтойна және 1937 жылғы қайғылы оқиғаларға арналды.
«Мұражайдағы түн» азаматтық соғыс жылдарындағы әндер концертімен және 1917 жылғы Қысқы Сарайды жаулау кадрларынан құралған слайд-шоумен басталды. Сонан соң көрермендер экспозицияны тамашалауға шақырылды.
Әрбір залда қонақтарды бұрыңғы жылдары орын алған қайғылы оқиаларды сипаттайтын қысқаша театрландырылған қойылымдармен мұражай қызметкерлері қарсы алды.
Экспозицияның ең қорқынышты бөлігі мұражайдың жертөлесінде орналасты. Онда тұтқындарды камераларда қинап, тергеуге алып жатқан сәттер көрсетілді.

Ең әсерлі қойылым екі кішкентай қыздың Сталинге бақытты балалық шақтары үшін алғыс айтып, мәнерлеп өлең оқығаны болды.
Көрермендер тамашалаған көріністен зор әсер алғандарын жеткізді.
- Маған қатты ұнады, - дейді Рената есімді көрермен. – Біз көп заттан хабардар болдық. Осы жерге тағы келеміз. Тарихтың сол кездегі бір бөлігімен, мұражайдағы құжаттармен танысқымыз келеді. Осындай шараларды ұйымдастыратыны өте жақсы.
Қуғын-сүргін заманындағы тарихты экскурсиядан соң тағы бір мәрте келіп, зерттеуге жалғыз Рената ғана емес, тағы да басқа келушілер ниет білдіріп отыр. Долинка мұражайына қайта келуді экскурсияға магистранттарын алып келген Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары да жоспарлап отыр.
- Дыбыс және бейне арқылы әсер ету, әрине, эмоциалды екпін сыйлайды, - дейді кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Роза Жәмиева. – Мұндай шаралар өте қажет. Адамдар өткен тарихты білулері, есте сақтаулары тиіс, Бұрыңғылардың қателіктерін қайталамауға тырысуымыз керек. Сол кездері мына лагерьлерде түрлі ұлт өкілдері қамалған еді. Мен Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» туындысын оқыған едім. Енді қазір осында келіп, сол шығармада жазылған оқиғалар көз алдымызда болды. Мен фильм көргендей болдым. Уақыт тез өте шықты. Осында тағы жасөспірімдерді алып келуді ойлап отырмын.
Бұл күні мұражайға жеті жүзге жуық адам келді. Бір мезгілде залдарда алты гидтен қызмет көрсетіп отырды. Олар 25 адамнан құралған топтарды алып жүрді. Шара түн ортасында аяқталды.
- Барлық афишаларда біз орындар шектеулі болатынын хабарлаған болатынбыз, - дейді мұражай директоры Светлана Байнова. – Барлық билеттер сатылды, алайда келушілер жоспарлағанымыздан көп болды. Адамдар алыстан келгендіктен оларғы кіргізбей, қайтарып жібере алмадық. Олар біздің осы акциямызды көру үшін арнайы келген екен.

 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 332.80
  • Euro 390.57
  • Рубль 5.60
Теміртау21°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 33%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ