ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағанды облысында ескі көліктердің қалдықтарын қайта өңдеу зауытыынң екінші кезегі іске қосылды

 Бүгін, 6-шы желтоқсанда Индустриаландыру күні шеңберінде Астана қаласында «Жаңа индустриаландыру: қазақстандық барыстың қадамы» жалпыұлттық телекөпір өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Телекөпір барысында еліміз бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық және агроөнеркәсіптік кәсіпорындар іске қосылды. Елбасы нақты уақыт режимінде 25 индустриалды жобаларды іске қосты. Сонымен қатар жұмыскерлермен тікелей эфирде әңгімелесті.
Қарағанды облысында телекөпір барысында «Recycling Company» ЖШС қолданыстан шыққан автокөліктерді жою зауытының өндірістік процессінің екінші кезеңі іске қосылды.
Бұл толық циклді зауыттың Орталық Азия аймағында баламасы жоқ жәнеде ол Қазақстанның қайта өңдеу саласындағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады. Жобаның құны 3 миллиард 400 миллион теңгені құрады.
Зауыттың құрылысы 2017-ші жылдың ақпанында басталған болатын. 26-шы шілдеде бірінші кезеңі - шредерлік құрылғылар орнатылып, метал қалдықтарын қайта өңдейтін негізгі қондырғалары іске қосылды. Өндірістің екінші кезеңі бүгін басталды. Ол - ұсақталған түрлі металдарды балқытуға арналған индукциялық пеш, сондай-ақ газ бен мазут отынын шығаратын пиролизді кешеннің іске қосылуы.
Алдын ала есептеулер бойынша енді зауыт жылына 22 740 тонна қара және түсті металлдар, 2 млн 100 текше метр газ синтезін, 16 000 тонна пиролизді отын және 3 300 тонна резеңке ұнтақтарын шығаратын болады.
Түрлі-түсті металл қалдықтарынан, қара металлдан және оның ерітінділерінен алынған өнім аймағымыздың мыс қорыту зауыттарына жеткізілетін болады.
- Бұл Қазақстандағы ескі көліктерді жоятын бірінші зауыт. Оны небары 9 айдық ішінде салдық. Жоғары технологиялық құрал-жабдықтар жылына 50 мыңға жуық автокөліктерді жоюға мүмкіндік береді. 30 мың тоннадан астам қара және түрлі-түсті металлдар алуға болады. барлық технологиялық процесс қоршаған ортаға зиян келтірмей жұмыс істейді. Президент мырза, біз аймағымыздың және еліміздің экономикасының дамуына қомақты үлес қосуға уәде береміз. Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз, - деді «Recycling Company» ЖШС қамқоршылық кеңесінің мүшесі Айдын Нұрахметов Нұрсұлтан Назарбаевқа.
Елбасының айтуынша, бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу маңызды мақсаттардың бірі болып табылады.
- Бұл осы тұрғыдағы Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын. Тәуелсіздік жылдарының басында Қазақстанда бар жоғы 700 мың автомобиль болатын. Қазір біздің жолдарда 5 миллионға жуық көлік жүреді, олар ескіреді, қоршаған ортаны ластайды. Алайда сіздер оларды игілікке жаратып жатырсыздар. Қсазір біздің елімізде 18 түрлі автокөліктер түрі шығарылатынын ескерсек, сіздердің жұмыстарыңыздың болашағы бар деуге болады,- деп атап өтті Президент.
Сонымен қатар телекөпір барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің үздік кәсіпорындарын «Алтын сапа» сылйғымен марапаттады. Ол «Үздік индустриалдық жоба», «Үздік инновациялық жоба», «Сапа көшбасшысы», «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша тағайындалды.
«Үздік инновациялық жоба» номинациясында «Recycling Company» ЖШС жүлделі болды. Бұл жобаның жетекшісі Александр Рябинин болып табылады.
Биылғы жылы байқауға 101 кәсіпорын қатысты, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері – 44, орта – 32 және ірі 25 кәсіпорындар.
«Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығын табыс ету салтанаты 2006-шы жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға 1800 кәсіпкерлік субъектілері қатысқан. Байқау бастау алған уақыттан бері елбасының сыйлығын 86 кәсіпорындар иеленген.

 

 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 334.85
  • Euro 394.29
  • Рубль 5.69
Теміртау-19°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 732мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 78%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ