ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағанды облысында мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар ашылды

Қарағанды облысында мектепке дейінгі балаларға арналған екі шағын орталық ашылды – Теміртауда және Құрма ауылдық округінде.

Құрма ауылындағы мектептің жанынан ашылған «Еркетай» шағын орталығы 50 орынға шақталған. Онда қазақ және орыс тілдерінде дәріс беретін әртүрлі жастағы екі топ құрылған.
Шағын орталықты жабдықтауға 7 млн теңге жұмсалған – қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Мұнда мультимедиялық кабинет, робототехника бөлмесі, психолог кабинеті бар.
Теміртау қаласындағы 100 орынға шақталған шағын орталық №22 ЖББМ жанына ашылды. Білім мекемесіндегі бос бөлмелерді мектепке дейінгі жастағы балаларға беру туралы шешім қабылданған. Мектеп ғимаратында жөндеу жүргізілді, ол жұмыстарға 120 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Енді мекеме жаңа форматпен жұмыс істеп жатыр: «мектеп – шағын орталық».
Қарағанды облысында мектепке дейінгі біліммен 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 98%-ы қамтылған. 2018-ші жылдың соңына дейін 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізуге мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктің дамуы септігін тигізуде.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 341.08
  • Euro 394.46
  • Рубль 5.37
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ