ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағандыдан аудандарға «Жастар – жастарға!» керуені аттанды

«Жастар – жастарға!» керуені 16-шы мамырда облыс орталығынан Абай ауданы мен Теміртауға аттанды. Бұл жобаның мақсаты – қалалар мен аудандардағы жастарға Қазақстан Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын, мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды түсіндіру болып табылады. Бұған қоса, керуен мүшелері жастардың мүддесіне қатысты мемлекеттік жобалар туралы айтып береді. Дәлірек айтар болсақ, «2017-2021 жылдарға тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы», «7-20-25» бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы - 2020» туралы, «Дипломмен ауылға!» және «Жасыл ел» жобалары туралы айтып береді.
Керуенге қатысушылар сонымен қатар жастарға кеңес беріп, бағытты әлеуметтік көмек көрсетеді. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын насихаттау.

- Өзекті мәселелер бойынша жастарға мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін біздің облыста ең тиімді жастар жобасының бірі жүзеге асырылуда – «Жастар – жастарға!» ақпараттық-насихаттық, мәдени керуен. Қазірдің өзінде ол жастар арасында танымалдылыққа ие екенін атап айтуға болады, - дейді Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жетекшісі Мирас Құттыбай.

Жылжымалы топтың құрамына жастар саясаты мәселелері жөніндегі, дін мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту басқармаларының, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің, «Даму» қорының, «ҚазАгро» қаржылық институтының, облыстық жастар ресурс орталығының, «Жас Отан», банк құрылымдарының өкілдері, белсенділер, шығармашыл жастар енеді.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау21°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 704мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ