ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

200-ден астам адам мүгедек спортшылар арасындағы облыстық спартакиадаға келді

Қарағандыда үшінші рет облыс әкімі сыйлығына мүгедек спортшылар арасындағы облыстық спартакиада өтті. Сайыстардың ашылуы бейсенбі, 17-ші мамырда, «Жастар» спорт кешенінде болды.
Спартакиадада тірек-қозғалу аппараты бұзылған, есту және көру мүмкіндіктері шектелген мүгедек спортшылар өзара сайысады. Бағдарламада 5 спорт түрі болды: шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі. Сайыстар үш алаңда өтеді: «Шахтер» стадионында, Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайында және «Жастар» СК-де.
- Бұл спартакиада дәстүрге айналды, жәнеде облысымызда үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Қатысушылар облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан жиналды – жалпы есептегенде 200-ден астам адам. Мұндай қалың қауымның жиналғаны көңілді қуантады. Бұл аймағымызда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт дамып келе жатқанын көрсетеді. Шеберлік пен құмарлық артып келеді. Спортшылар бір-бірімен араласу мүмкіндігі үшін қуанады. Біз болсақ мұнда облыс құрамасына ең үздіктерді таңдаймыз, - дейді сайыстың бас төрешісі, Облыстық мамандандырылған мүгедек спорты бойынша мектебінің жетекшісі Елена Фахрутдинова.
Жезқазған, Теміртау және Осакаров ауданы барлық бес спорт түрі бойынша қатысушыларды ұсынды. Шағын футбол бойынша бес команда өзара сайысады, онда нашар еститін және керең спортшылар ойнайды. Қатысушылардың басым бөлігі үстел ойындары: дойбы мен тоғызқұмалақ бойынша сайысты.
Сайыстар екі күнге созылады. Жабылу салтанаты 18-ші мамырда 16.00-де Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайында өтеді.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау21°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 704мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ