ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағандылық кәсіпкерлер жез заңнамасының жаңалықтарын талқылады

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында ҚР Жер Кодексіне енгізілген жаңалықтар тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров, атқарушы органдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, бизнесмендер қатысты.
2018-ші жылдың мамырында ҚР Жер Кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілгені тулары Заң қабылданған болатын.
Бұдан былай үй жанындағы жерлер мен ЖТҚ-дашаруашылық жүргізуге арналған ауылшаруашылық жерлерін, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалалар мен астананың қала маңында орналасқан жерледі бөлу тармағына тыйым салынады. 2021-ші жылдан бастап жерді саудаға салу және жалға беру бойынша барлық сауда, байқау және аукциондар міндетті түрде электрондық форматта өтуі тиіс. Жер телімдері еркінен тыс тартып алынған тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну құзыреті Жер қатынастары басқармасынан жар инспекциясына берілді.
- Түбегейлі өзгерістер пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін тартып алу тәртібіне қатысты болды. Енді олар екі жыл қатарынан пайдаланбаған жағдайда ғана тартып алынады. Пайдаланылмау жайттарына келесілері жатады: жер жырту, егістің арам шөбін жұлу, егін ору, шөп ору жұмыстары жүргізілмесе. Көпжылдық егіске қатысты – егінді күту және жинау жұмыстары жасалмаса. Жайылымдарда ол – ауылшаруашылық жануарлардың болмауы, қысқа жем-шөпті әзірлемеу,- деп түсіндірді Жерді қорғау және пайдалануды бақылау жөніндегі басқарманың құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Берік Жұматов.
Өзгертулер бөлінген жер телімдерін пайдалануды бақылау реті мен формасына қатысты болды. Бұдан былай оны құрамына құзыретті органдардың мамандары енетін комиссия жүзеге асырады. Тексеріс жүргізілетін жер телімдері әкімдіктердің сайттарында жарияланатын болады. барлық жалға алушылар үшін ауылшаруашылық жерлерді жалға алу келісімшарттарының үлгілік формалары бекітіледі.
Кодекстегі өзгерістер түсіндірілген соң кәсіпкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Негізінен олар өз еркімен жерді меншіктеп алу, олардың аумағын белгілеу, жер телімдерінің мақсатты бағытын өз еркімен өзгертуге қатысты болды. Олардың барлығын хаттамаға енгізіп, соңыра барлық сауалдарға жауап қайтарылатын болады.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 340.27
  • Euro 396.31
  • Рубль 5.39
Теміртау22°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 709мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ