ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар


"Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс

Мемлекеттік корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында: «Азаматтарға арналған үкімет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.

Оспановтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетілдіруде. «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс. Ол үшін корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде тиімді және ең үздік, сандық тәжірибені ендіріп, іштен өзгеруі тиіс - деді Абылайхан Оспанов.

Аталған жетістіктерге жету үшін мемлекеттік корпорацияның 2017 жылы үш негізгі даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сервистің артуы, қызметтерді көрсету процесінде жаңа технологияларды ендіру және қызмет көрсету спектрін кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметті үйге жеткізіп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы кейбір қызметтерді алу кезінде тіркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметті берушілердің ақпараттық жүйеде кездесетін құжаттарды талап етуге қатысты және т.б. бірқатар проблемалық сұрақтарды көтерді. «Біз мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс істеудеміз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп босанған әйелдерге бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды тіркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберінде ресімдеуге жол беретін пилоттық жоба іске қосылды. Қазір бұл қызметтің эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгізу мәселелері пысықталуда» - деді Оспанов.


Кері қайту

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 314.40
  • Euro 343.83
  • Рубль 5.51
Теміртау10°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 78%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ