ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЖАСАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР, МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАРЫ, БАСҚА МЕКЕМЕЛЕР МЕН ВЕДОМСТВОЛАР, ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі 2017 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жоба» шарасын (бұдан әрі – іс-шара) өткізеді.

Іс-шараны өткізу мақсаты – өмірлік қиын жағдайда тұрған мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсету және халықтың әлеуметтік-осал топтарының өмір сапасын арттыру.

Аталған іс-шарада қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің ұйымдары, басқа мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындайды:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

4. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

9) әлеуметтік жобаны іске асыруға өз қаражатын салу фактісін ескеру.

Іс-шараға қатысу үшін өтінім түрін 2017 жылдың 1 тамызына дейін «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекен-жайы: Чайковский көшесі, 22-үй, №2 кабинет бойынша алуға болады.

Толық ақпаратты 91-98-22 телефон арқылы алуға болады.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 334.92
  • Euro 395.88
  • Рубль 5.71
Теміртау-16°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 733мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 70%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ