ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар


«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал оның орынбасарлары өз қолымен Мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті қайта тіркеуге құжаттарды қабылдады және жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізді.

Оспановтың айтуынша, «Дублер күні» бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілуде. «Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл» және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді» - деді Абылайхан Оспанов.

Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін 349 фронт-офистері жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.


Кері қайту

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 314.40
  • Euro 343.83
  • Рубль 5.51
Теміртау10°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 78%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ