ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Астанада Сауран көшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

Үкімет клиенттерге ыңғайлы болу үшін азаматтарға арналған арнайы жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Енді бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алып үлгермеген астаналықтар, оны жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-ден түн ортасына дейін және сенбі күні таңғы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, пилоттық жоба әзірге тек Сауран, 7 мекенжайында орналасқан астаналық ХҚКО-да іске асырылды. «Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бұл ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді танғы сағат 8-ден түн ортасына дейін ала алады. Сонымен қатар басқа ХҚКО-ға барып, белгілі бір қызметке құжаттарын тапсырып, нәтижесін алуға үлгермеген азаматтар оны Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 24.00-ге дейін алуларына болады. Пилоттық жоба 2 айға жалғасады. Түнгі уақытта бұл ХҚКО-ға келушілер саны артқан жағдайда, біз Алматы қаласында және Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай жұмыс кестесімен ХҚКО-ларды ашу нұсқасын қарастырамыз», - деді ол.
Оспанов, егер азамат басқа ХҚКО-ға барып, қызметтерді ресімдеген жағдайда, Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да дайын қызметті алуына болатын екі нұсқаның барын атап өтті. Бірінші жағдайда, азамат құжаттарын ресімдеу барысында-ақ ХҚКО инспекторына қызметтерді түнгі уақытта жұмыс істейтін ХҚКО-да алатынын айтады. Екінші жағдайда, ол 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, дайын нәтижені Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да алуға өтініш қалдырады, бұл ретте операторға қолхат нөмірін қосымша айтады. 
Естеріңізге сала кетейік, бұл Үкіметтің мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге бағытталған бірінші жобасы емес. Мемлекеттік корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған клиенттерге қызмет көрсету үшін онлайн сурдоаударма қызметін, дайын құжаттарды үйге жеткізу жаңа сервисін іске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесі туралы смс-хабарлама түсіп тұрады.
 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 332.80
  • Euro 390.57
  • Рубль 5.60
Теміртау21°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 33%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ