ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Мемлекеттік аудит

Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді, онда «Бізге ең озық әлемдік тәжірбие негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру қажет» деп аталып өткен.
          «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» стратегиясының 93 қадамын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 12 қарашасында №392 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы қабылданды.
          Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын жүзеге асыру мақсатында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №19 нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №602 бұйрығымен бірлесіп бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау орындарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындалған.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сетрификаттау жүргізілді.
Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді. Ұлттық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Ресубликасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның екі өкілінен және Есеп  комитетінің бес өкілінен тұрады.
  Осыған байланысты, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  қызметкерлері қайта даярлау оқуынан өтіп, сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссиядан Мемлекеттік аудитор сертификатын алды
  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, біздің Республика  мемлекеттік аудитке көшті.
           Квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамаларының сақталуы мәселесі бойынша мемлекеттік аудиторлармен сәйкестік аудиті жүргізілді.
   Сәйкестік аудитімен 28 квазимемлекеттік сектор субъектілері қамтылды және онда барлық объектілер бойынша бұзушылықтар анықталған болатын, оның ішінде 19 объект бойынша анықталған бұзушылықтар қаржылық есептіліктің шынайылығына әсер етті. Аудит қортындылары бойынша 19 лауазымдық тұлға және 1 заңды тұлға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және олар бойынша салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4151,2 мың теңгені құрады, одан 2583,0 мың теңге (62,2%) өндірілді.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің
бөлім басшысы Әубакірова Б.Қ.
 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 335.24
  • Euro 395.82
  • Рубль 5.82
Теміртау6°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 45%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ